Дүниетану пәнінен 2 сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары. Тақырыбы: «Құстардың алуан түрлілігі»
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы
«Асқар Игібаев атындағы орта мектеп» КММ
Жоғарғы санатты бастауыш сынып мұғалімі
Окасова Гулден Маликовна
Дүниетану пәнінен 2 сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары.
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың құстар, олардың тіршілік жағдайлары туралы білімдерін кеңейту, құстардың алуан түрлі болатындығын түсіндіру.
Бұл сабақта оқушылардың сын тұрғысынан ойлануына, өздігінен, жұппен, топппен жұмыс жасауына мүмкіндік беріледі.Оқушылар сабақ барысында түрлі тапсырмалар орындай отыра сабаққа деген қызығушылықтары артып, білімге деген құштарлықтары артады деп ойлаймын.
Сабақ барысында қолданылатын көрнекі материалдар: презентация, кеспе суреттер, кесте, бейне материал, түрлі-түсті қалпақтар, бағалау парақтары.
| Пәні:Дүниетану | Сынып: 2 | |||||||||||
| Сабақтың тақырыбы: | Құстардың алуан түрлілігі | |||||||||||
| Мақсаты: | Оқушылардың құстар, олардың тіршілік жағдайлары туралы білімдерін кеңейту, құстардың алуан түрлі болатындығын түсіндіру. | |||||||||||
| Табыс критерийлері: | 1.Оқушылар құстардың алуан түрлі болатындығын түсінеді, ажырата біледі.
2.Түрлі тапсырмаларды орындай отыра сыни тұрғыдан ойланып, жауап бере алады. 3. Ынтымақтастықта жұмыс жасай отыра бір-біріне қолдау жасап, көмектеседі. |
|||||||||||
| Күтілетін нәтиже: | А оқушы- тапсырмаларды орындау барысында көшбасшылық таныта алады.
Б оқушы- топтық, жұптық тапсырмаларды орындауда өз ойын жеткізе біледі. С оқушы-топтық тапсырмаларды орындау кезінде өз үлесін қосады, өзін өзі бағалай алады. |
|||||||||||
| Сабақтың әдісі:
Бағалау: |
Топтық жұмыс,сұрақ-жауап, алты қалпақ әдісі, сто, диалготік оқыту, акт
Мұғалімнің бағалауы, бірін-бірі бағалау |
|||||||||||
| Ұйымдастыру кезеңі:
2 минут |
Топқа бөліну, топтық ережені естеріне салу (үй құстары, жыл құстары, қыстап қалатын құстар) | |||||||||||
| Үй тапсырмасын тексеру 5 минут | «Қатесін тап» әдісі
1.Қасқыр қысқа азық жинайды. 2. Жануарлар табиғаттың өзгерісіне бейімделеді. 3.Қасқыр, түлкі, барыс жемін аулауға түнде шығады. 4.Қоян қыста ұйқыға кетеді. 5.Қанқыз, шегіртке, көбелек- жауларынан өздерінің түстері арқылы қорғанады. 6.Тиін қысқа азық жинайды. 7.Жануарлар өз жауларынан қорғана алмайды. (дұрыс болса +, қате болса – таңбасын қою) Бағалау – барлығы дұрыс «5», 5-4 дұрыс –«4», 3-2 дұрыс- «3» |
|||||||||||
| Мағынаны тану
6 минут |
«Құстар» әні бейне клип көрсету
Оқулықпен жұмыс Құстар-екі аяқты, екі қанатты, үсті қаурсынмен жабылған жануарлардың бір түрі.Құстардың тісі жоқ, тұмсығы бар.Құстар- үй құстары, жыл құстары, отырықшы құстар, жыртқыш құстар болып бөлінеді. Сөзжұмбақ шешу (қарлығаш, ұя, сауысқан, тоқылдақ, балапан, қараторғай) |
|||||||||||
| Топтық жұмыс
10 минут |
1 тапсырма:Ойын:* Кім құстарды көп біледі?*
2 тапсырма: Құстар туралы не білеміз? Пайдалы Дос Ағаштарға ұя салады Құрттарды жейді Жыртқыш құстар Құстар Су құстары Тірі табиғат Жыл құстары Қыстап қалатын құстар |
|||||||||||
| Сергіту сәті
2 минут |
«Менің таңдауым» тренингі
(қандай құс болар едіңдер?) |
|||||||||||
| Жеке жұмыс
5 минут |
Жұмбақтар шешу
1/ Басында тарағы бар, бірақ шашыңды тарай алмайсың. /Әтеш/ 2/ Қай кішкене құс жемін ұшып жүріп аулайды? /Қарлығаш/ 3/ Қай құс өзінің атын қайталайды? / Көкек/ 4/ Құстың негізгі мекені. /Ұя/ 5/ Қандай құс хат тасушы атанған? /Көгершін/ 6/ Қай құста мүлде ұя болмайды. /Көкек/ 7/ Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? /Бүркіт/ |
|||||||||||
| Жұптық жұмыс
8 минут |
«Алты қалпақ» әдісі
ақ қалпақ- біз құстар жайлы не білу керекпіз және не білеміз? қызыл қалпақ- құстарға деген қандай сезім пайда болды, неліктен? сары қалпақ- құстардың пайдасы және неліктен оларды қорғау керек қара қалпақ- құстардың қандай зияны бар, зиянды жақтарын іздестіру жасыл қалпақ-құстарды қорғау үшін немесе көбейту үшін не ойлап табар едіңдер? көк қалпақ- Неге қол жеткіздік? Болашақта не істеу керек? |
|||||||||||
| Үйге тапсырма
2 минут |
Оқулықтың 87, 88 беттерін түсініп оқу, дәптердегі тапсырманы орындау | |||||||||||
| Бағалау
2 минут |
Бағалау парағы
|
|||||||||||
| Рефлексия
3 минут |
Кері байланыс
Қалпақты бояу Сары- менің көңіл-күйім өте жақсы, маған қызықты болды Жасыл- менің көңіл-күйім жақсы, мен тырыстым Қызыл- менің көңіл-күйім нашар, шаршадым, маған қызықсыз болды |
|||||||||||
Сабақтан көріністер:
ХХI ғасырда білімді, сын тұрғысынан ойлай алатын, жан-жақты жеке тұлғаны қалыптастыру әр ұстаздың міндеті.Сондықтан әр жоспарланған сабағымызда оқушыларға өздігінен білім алуына назар аудару керекпіз.
Бұл сабақтың тиімділігі оқушыларға өздігінен, топтаса, жұптаса отыра жұмыстануына мүмкіндік беріледі, мұғалім тек бағыт-бағдар беруші рөлін атқарады.
