Ұқсатым. Сән. Талғам. «Сән әлемі» (5-сабақ)

САБАҚ: 5 МЕКТЕП: Алматы қаласы, «Достар» ХМЛ
Күні: 11.12.17ж. Мұғалімнің аты-жөні: Рахиянова Гульзара Боркеновна
Сынып: 7в Қатысқан оқушылар саны: 14 Қатыспағандар:0
Бөлім тақырыбы Ұқсатым. Сән. Талғам. «Сән әлемі» (5-сабақ)
Сабақтың түрі Алған білімді қолдану сабағы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 7.1.5.1 – тірек сөздер, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау;
7.2.2.1 – бұйрық берудің түрлі формалары мен жағдаяттарына сай ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу;
7.4.5.1 – тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (күрделі сөздер); киімге сипаттама жазу; мәтін мазмұнын жатқа жаза білу.
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар

  • Сәнді киімдерге, мектеп формасына жарнама жасайды.

Көптеген оқушылар

  • Ақпараттың көп бөлігін саралап, қажеттісін таба алады.

Кейбір оқушылар

  • Ұсынылған сән әлемі туралы ақпаратқа анализ жасап, қорытынды шығарады.
Бағалау критерийлері
  • Мәтінмен жұмыс істеп, ауызша-жазбаша алған ақпараттарға сұрыптау жұмысын жасайды.
Тілдік мақсаттар Пән лексикасы және терминология:: сән, бойға қонымды, үйлесімді, жарасымды, ыңғайлы, кесте, талғам

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: назарларыңызға ұсынамыз, сыртқы бейнесі оның ішкі жан дүниесінен хабар береді, денеңді қыспайды, «киіміне қарап қарсы алады, ақылына қарап шығарып салады», бойға қонымды киім

Ұлттық құндылықтар Ұлттық киімдер мен ұлттық ою-өрнектерге қызығушылығын ояту
Мектеп құндылықтары Мектеп формасын ұқыпты киюге тәрбиелеу
Осыған дейін меңгерілген білім Грамматикалық ережелерді (оқшау сөздер, күрделі сөздер, салалас қсс түрлері) дұрыс қолдану
Жоспар
Жоспарланатын уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер Дереккөздер
Сабақтың басы

2 минут

5 минут

Ұйымдастыру

–Амандасу;

-оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

– сабақ мақсатымен таныстыру;

– жетістік критерийін ұсыну

Қызығушылықты ояту

Сыныпқа пошташы келіп, оқушылардың алдын ала бір-біріне жазған (Тәуелсіздік күнімен) құттықтау хаттарын таратады, 4-5 құттықтау хатты пошташы оқып береді.

Сұрақтар:

  • Сендер кімнен хат алдыңдар?
  • Достарың қандай мерекемен құттықтаған?
  • Тәуелсіздік күнін қашан тойлаймыз?
  • ҚР-сы тәуелсіздікті қай жылы алды?
  • Құттықтау хаттар оқылады.
Тәуелсіздік

күніне арналған слайдтар

Сабақтың ортасы

10 минут

15 минут

7 минут

Үйге тапсырма:

ТЫҢДАЛЫМ. ОҚЫЛЫМ. Мәтінмен жұмыс.

  • «Қазақстан» энциклопедиясынан алынған сән туралы айтылатын мәтіннен үзінді тыңдайды. (138-бет 4-тапсырма)
  • Мәтінді өздері мәнерлеп оқиды.
  • Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді: Қазақстанда кімдер киім үлгісін жасайды? Олар нені халыққа ұсынады? Сәнгерлер кімдерге арнайы киім үлгілерін жасайды? Елімізде қандай сән ательелері бар? «Сымбат» сән академиясы қашан құрылды? Компанияның топтамалары қайда көрсетіліп тұрады?
  • Мәтіндегі асты сызылған сөздер қай септікте тұрғанын анықтайды.
  • Курсивпен жазылған құрмалас сөйлемнің түрін ажыратады.

АЙТЫЛЫМ.СӨЙЛЕСІМ. (Оқулықпен жұмыс)

1-тапсырма. Мектептегі киім кию үлгісі мен әдебін суреттеп айт, демонстрация жаса. (топтық жұмыс)

2-тапсырма. Мектеп формасына жарнама жасаңдар (топтық жұмыс)

3-тапсырма. «Көшедегі кездесу» тақырыбына диалог құру, диалогта оқшау сөздерді қолдану керек (жұппен жұмыс)

Формативті бағалау: «Тамаша!», «Жаман емес»

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Суреттегі киім үлгісіне сипаттама жаз.

5-тапсырма. «Желаяқ» ойыны. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Топ санына қарай мәтін ілінеді. Топ мүшелері кезекпен тақтадағы мәтіннің бір сөйлемін ішінен оқиды. Оқыған сөйлемін тобына келіп жаздырады. Ойын мәтін аяқталғанша жалғасады. Ойын соңында желаяқтар баяндаған мәтін мен тақтадағы түпнұсқа мәтін салыстырылады. Жылдам әрі мәтінді дұрыс құраған топ жеңімпаз атанады.

«Менің сүйікті киімім» тақырыбына презентация

Сән үйлері мен сәнгерлердің суреті (слайд)

«Достар» ХМЛ-і

оқушылары формасының суреті (мектеп оқушыларының суреті, слайд )

Мамандық иелерінің киім үлгілері

Тақырыпқа қатысты мәтіндер

Сабақтың соңы Рефлексия Кері байланыс.

Өз ойыңды жаз.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше