Сабақ тақырыбы: Адам қалай есейеді?

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы «№ 9 бастауыш мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі Базарбаева Айнур Ивановна

Сабақ тақырыбы: Адам қалай есейеді? Мектеп:
Күні : 20.11.2017ж Мұғалімнің есімі: Базарбаева А. И.
СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты: Барлық оқушылар: адам өмірінің кезеңдерін сипаттау;
Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарды зерттеудің маңыздылығын түсіну.
Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.
Ресурстар: адам өмірінің түрлі кезеңдеріне арналған суреттер немесе слайд, топтық жұмысқа А3 қағаздар,маркерлер т.б
Күтілетін нәтижелер:
  1. Оқушылар:
  2. адамның өсу кезеңдерімен танысады;
  3. адамның есеюі арқылы өзгеретінін біледі, салыстырады;
  4. үлкенді сыйлауға, құрметтеуге үйренеді.
Сабақтың мақсаты: 1.2.3.2 адам өмірінің кезеңдерін сипаттау;

1.2.3.3 адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау

Ұйымдастыру Шаттық шеңбері:

Мына сұлу әлемде,

Адам өмір сүреді.

Үлкен менен кішіге,

Күн сәулесін төгеді

Балалар шеңберге тұрып қайталайды

Үй жұмысын тексеру «Кубизм» әдісі»
-Адамның дене мүшелерін ата? (бас,мойын,аяқ,қол)

-Мойынның қызметі қандай? (бастың қозғалуын қамтамасыз етеді)

-Қолдың қызметі қандай?(адам әртүрлі іс-әрекеттер жасай алады)

-Аяқтың қызметі?(жүреміз,жүгіреміз,әртүрлі қимылдар жасай аламыз,доп тебеміз.)

Жаңаны таныту Сендердің бүгінгі білетіндеріңіз «Адам қалай есейеді?»Бұл сабақ та сендер өздеріңнің қалай өсіп жетілгендерің туралы білетін боласыңдар.

Алдымен мына тірек сөздерді айтып үйренейік

Тірек сөздер: Сәби , балалық шақ,

Жасөспірімдік кезең, жастық шақ,

Кемелдену кезеңі , қарттық шақ.

-Кімде өзінен кіші інісі немесе қарындасы бар?

-Оның жасы нешеде?

-Ол не істей алады?

Сен қалай өстің,өсіп келе жатқанда қалай өзгердің?

(Сурет немесе слайд көрсету.

-Адам өмірі көптеген кезендерден тұрады.

Сәби- бұл кезеңде адам қоршаған әлеммен таныса бастайды.Бұл кезде оған ана сүті қажет.

1-4 жасқа дейін– бұл кезде бала көп нәрсені басқа адамның көмегінсіз істеуге тырысады.

6—7жасқа дейін— негізгі әрекеті ойын болып табылады. Ойын арқылы бала қоршаған әлемді таниды.

11—12 жасқа дейін— негізгі әрекеті оқуға ауысады.

Жасөспірім 15 жасқадейін— адам әлеуметтік ортада өз орнын біледі

Жастық шақ (шамамен 19 жасқа дейін) — адамөзінің болашақтағы мамандығы туралы ойланады, таңдайды

Кемелдену кезеңі — адам еңбек етеді, тұрмысқұрады, мансапқа жету

Қарттық шақ — адамның өсуі тежеледі, бел­сенділігі төмендейді.Жас кезіндегідей жүгіре алмайды.

Топпен жұмыс.

Постер қорғау (оқушыларға суреттер беріледі соның ішінен сәбиге,бүлдіршінге оқушыға ,үлкен кісілерге не керек екенін тауып жапсырады)

1-топ: Сәбиге

2-топ: бүлдіршінге

3-топ: Оқушыға

4-топ :үлкен кісіге

Орындайды.
Бой сергіту: «Қаңқалар биі» Музыка әуенімен орындайды.
Дәптермен жұмыс: Дәптердегі тапсырмаларды орындау.

Ойлан: Адам неліктен өседі?

Зерттеу: Сен қандай әрекеттерді қиналмай істей аласың?

Ал қарт адам бұл әрекеттерді жасай алама? (зертеу жұмысын жасайды)

Есте сақта!

Бала сәбилік, балалық шақта және жасөспірімдік кезеңде тез өседі. Жастық шақта өсіп-жетіледі. Кемелденген және қартайған шағында адамның өсуі тежеледі

Балалық шақта адам жеңіл,жылдам қимылдайды. Жасы ұлғайған сайын оның қимыл-қозғалысы баяулайды.Бірақ қарт адамдар жастарға ақыл айтады. Біз сондықтан қарт адамдарды сыйлап құрметтеуіміз керек

Кері байланыс -Біз қалай өседі екенбіз?

Ең бірінші қандай кезеңде боламыз?

-Сіздерге сабақ ұнадыма?

Бағалау Смайликтер арқылы

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше