Д.Бабатайұлы. «О, Ақтан жас, Ақтан жас»
Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы КММ
«Беген орта мектебінің» қазақ тілі мен әдебиет пәнінің
мұғалімі Батырханова Рымгүл Арыстанбековна
Қысқамерзімді сабақ жоспары
| Бөлімнің атауы:
Тәрбиенің қайнар бұлағы |
Мектеп: Бесқарағай ауданы
«Беген орта мектебі» КММ |
||||||
| Күні:09.06.2017ж | Мұғалімнің аты-жөні:
Батырханова Рымгүл Арыстанбековна. |
||||||
| Сынып:5 Пәні:қазақ әдебиеті | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||||
| Сабақтың тақырыбы | Д.Бабатайұлы. «О, Ақтан жас, Ақтан жас» | ||||||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.А/И4. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат,өлең жазу | ||||||
| Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады:
Шығармадан алған әсерін сипаттап,пікірін еркін жеткізіп жазады |
||||||
| Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Шығарма кейіпкері тұрғысынан авторға сырласу хатын жазады. |
|||||||
| Кейбір оқушылар орындай алады:
Шығармадан алған әсерін сипаттап, кейіпкер атынан авторға өлең жазады |
|||||||
| Бағалау критерийі
1.Шығармадан алған әсерін сипаттайтын пікірін жазбаша жеткізеді, хат жазады |
Шығармадан алған әсерін сипаттап, өз ой- пікірін еркін жазады, | ||||||
| Авторға кейіпкер тұрғысынан хат жазады т | |||||||
| 2. Шығармадан алған әсерін сипаттап,авторға өлең жазады |
|
||||||
| Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады:
Шығармадан алған әсерін сипаттап хат, өлең жазады. |
||||||
| Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Жарық сәуле, сұғыну,білтелі, сауыт,бадана көз, тоғыз тор,тегеріші манаттан. |
|||||||
| Хат, өлең жазуға арналған пайдалы тіркестер: жарық сәуле,жетімдік,бозбала шақ,жастық шақ,ел қорғаны, қамқор көңіл, асқақ арман,болашаққа сенім. | |||||||
| Талқылауға арналған сұрақтар:
1.Ақын Ақтанның бойынан қандай қасиеттерді көргісі келеді? 2.Ақынның Ақтан жасқа үміт арту себебі неде? |
|||||||
| Не себепті өлеңде «Қажыма, Ақтан,қажыма, Жетерсің әлі жетерсің» деген жолдар айтылған? | |||||||
| Құндылықтарға баулу | «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының өмір бойы білім алу, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық құндылықтары Д.Бабатайұлының «О,Ақтан жас, Ақтан жас»өлеңін оқыту барысында ішінара іске асырылады | ||||||
| Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі. Стиль. Іс-қағаздар стилі. Хат жазудың түрлері. Өзін-өзі тану. «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген бөлімдегі «Аман болсын адамдар» өлеңімен байланыстыру. | ||||||
| Алдыңғы оқу
3 мин |
«Өрмекшінің торы» әдісі арқылы өткен тақырып Д.Бабатайұлының өміріне және «О,Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңінің мазмұнына, ондағы қолданылған әдеби-теориялық ұғымдарғабайланысты пысықтау сұрақтарымен жүзеге асырылады | ||||||
| Жоспар | |||||||
| Жоспарланған
уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | |||||
| Сабақтың
басы 2мин |
Сабақтың мақсаттары мен критерийлерін таныстыру.
Топқа бөлу 1. Суреттер арқылы топқа бөлу. 1-топ баланың суреті 2-топ жігіт суреті 3-топ орта жастағы ердің суреті арқылы |
Суреттер
қима қағаз |
|||||
| Сабақтың ортасы
5 мин 20 мин 5мин |
С. (Барлық оқушылар орындайды)
«Әуенді тыңдау арқылы жазу» әдісі арқылы өлеңнен алған әсерін сипаттап пікірін жазады. Бағалау дескрипторлары:
«Кофе таяқшасы» әдісімен әр топтан бір оқушыдан оқиды. Кері байланыс. Екі оқушы кері байланыс береді. «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» бойынша Маған ұнаған ақпараттары… Не үшін ұнады? Мұғалімнің сындарлы кері байланысы Т (5мин) 2-тапсырма. (Барлық , көпшілік оқушылар орындайды) «Жазу құрылымдары» әдісі бойынша шығармадан алған әсерін сипаттап, авторға кейіпкердің атынан хат немесе сырласу хатын жазады. Хат жазу ережелері -хат түсінікті,анық жазылуы керек. – сыпайы, қарапайым, мейірімге толы болуы керек. -қысқаша, мазмұнды -Кімге арнадың? Мысалы: «Қымбатты менің кейіпкерім» Негізгі бөлім (сұрақтар, өтініштер, болған жағдайға өзіндік пікір, тілек.) Қоштасу. (хат иесінің аты-жөні, уақыты) Бағалаудескрипторлары:
Мұғалімнің сындарлы кері байланысы Ж. (Кейбір оқушылар орындайды) «Акроним» әдісі бойынша авторға кейіпкердің атынан өлең жазады. Бағалау дескрипторлары:
С. (Барлық оқушылар орындайды) «Галереяда ой шарлау» әдісі бойынша әр топтың оқущылары жасалған жұмыстарға комментарий жазады. Жазып болған соң топтан бір оқушы шығып,жазылған комментарийлерді «қабылдаймын, қабылдамаймын» деген сөздермен ойын дәлелдейді. |
А.Еңсепов «Балалық туралы» күйі
Кофе таяқшалары Флипчарт, Маркер, А3, Тірек сөздер: Сөз тіркестері, үзінділер жазылған қима қағаздар Хат жазудың ережелері жазылған парақша |
|||||
| Сабақтың
соңы 5 мин |
Кері байланыс
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша топтық жұмыстарға баға беріледі.Мұғалімнің сындарлы кері байланысы |
||||||
| Қосымша мәлімет | |||||||
| Саралау – оқушыға
мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) | |||||
| Оқушыны қолдау мақсатында үзіндіден тірек болатын сөз тіркестерін ұсына отырып,
хат жазудың ережесін көрсете отырып ой саламын. Қабілеті жоғары оқушыға өлең құрауға тапсырма берілсе, қабілеті төмен оқушыларға өз ойларын еркін жазуға тапсырма берілді. |
Тақырыпты меңгертуде бағалаудың әр түрі қолданылды. «Екі түрлі түсініктеме күнделігі», «Галереяда ой шарлау», «Екі жұлдыз, бір тілек» әдістері арқылы кері байланыс жасалды. Бірін бірі бағалап, біріне –бірі қарапайым, сыпайы түрде ұсыныс айта отырып, өздерінің жіберген олқылықтарын түзеуге мүмкіндік алады. Бағалаудың бұл түрлері оқушылардың білімін тексеруде өте тиімді. | «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтарына негізделіп тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы | |||||
Сабақ бойынша рефлексия
|
Сабақ мақсаты мен міндеттері орындалды, оқу мақсаты қолжетімді болды. Барлық оқушылар берілген шығарма бойынша алған әсерлерін еркін жаза алды, хат жазды. Кейбір оқушылар өлең құрастыра білді. Пайдаланған әдіс-тәсілдерім тиімді болды, сабақ өз нәтижесін көрсетті. | ||||||
| Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты): 1. Топтық жұмыс нәтижелі болды. 2. Тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты сыни ойлауға бағытталды. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. Адам тағдыры туралы бейнематериал көрсетіп, соған талдау жасау, ой-пікірлерін жазғызу, қорытынды жасату оң нәтиже берер еді деп ойладым. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? Тақырыпқа енжар қарап отырған оқушыларды сабаққа тартудың басқа да әдіс-тәсілдерін жетілдіремін. |
|||||||
