Азық – түліктердегі көмірсулардың, нәруыздарды ң және майлардың маңызы
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
| Мектеп: № 5 Ақмол орта мектебі | |
| Мұғалімнің аты-жөні: Калабаева Р.А. | |
| Сынып: 7«Г» | |
| 3-тарау. | Жасушалық биология. Су және органикалық заттар. |
| Сабақтың тақырыбы: | Азық – түліктердегі көмірсулардың, нәруыздардың және майлардың
маңызы. |
| Сабаққа негізделген оқу мақсаттары: | 7.4.1.3 – Азық – түліктердегі көмірсулардың, нәруыздардың және майлардың бар екендігін дәлелдеу |
| Сабақ нәтижесі: | Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:
– Азық – түліктердің құрамында көмірсулардың, нәруыздардың және майлардың болатынын біледі. Оқушылардың көпшілігі мынаны орындай алады: – Бұл заттардың адам организімі үшін маңызын түсінеді, оларды оларды бір бірінен ажырата біледі. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: – Тәжірибе арқылы азық-түлік құрамындағы көмірсуларды, нәруыздарды және майларды зерттеп, ағзадағы рөлін дәлелдейді. |
| Тілдік құзіреттілік: | Оқушылар орындай алады: тақырыпты түсінеді, мазмұндайды,
өз ойларын айтады. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: қоректік заттар, нәруыздар, Майлар, көмірсулар. |
| Бағалау критерийлері: | Сұраққа жауап береді, жауаптарын дәлелдейді. Жеке, жұптық, топтық
Тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
| Ресурстар: | Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған түрлі-түсті стикерлер, зертханалық жұмысқа қажетті құралдар мен заттар |
| Әдіс-тәсілдер: | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік, зерттеу. Рефлексия. |
| Пәнаралық байланыс | Химия, жаратылыстану |
Сабақтың жоспары
| Жоспарланған уақыт | Сабақтағы жоспарланған іс – әрекеттер | Бағалау түрі |
| Сабақтың басы
5 минут 3 минут |
Ұйымдастыру кезеңі:
– Жағымды ықпал ететін көңіл-күй қалыптастыру; – Сабаққа деген қызығушылығын ояту; Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Шаттық шеңбері» тренингі Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне күлімдеп жақсы сөздер ( бүгін әдемісің, құлпырып кетіпсің, т.б.) айтып бүгінгі сабақтың көңілді өтуіне ықпал етеді. Топтарға бөлу: Оқушылар стикерлер арқылы тақырыпқа қатысты сөздерді пайдаланып топқа бөлінеді. 1-топ. Көмірсулар 2-топ. Нәруыздар3-топ. Майлар «Ой қозғау» тәсілін пайдалану арқылы сабақтың тақырыбына болжау жасау.
«Қоректік заттар» сөзіне кластер жасау Көкөністер, ет, балық, нан, су, май, жұмыртқа т.б. |
Оқушылар дөңгеленіп тұрып, жұптасып бір-біріне жылы сөздер айтады.
1-топ. Көмірсулар 2-топ. Нәруыздар3-топ. Майлар Сұрақтарға жауап береді «Қоректік заттар» сөзіне кластер толтырады |
| Сабақтың ортасы
10 минут 10 минут 2 минут Аяқталу сабақты бекіту 10 минут |
Білу және түсіну
Бұл бөлімде оқушыларға тапсырмалар беріледі.
Дескриптор: 1.Тақырыпты түсініп оқиды. 2.Тақырыптағы заттардың маңызын анықтайды. 3.Топтық жұмысқа белсенді қатысады. Қолдану Бұл бөлімде тақырыпты топ аттарына байланысты үшке бөлі топта талқылайды; 1-топ. Көмірсулардың маңызы. 2-топ. Нәруыздардыңмаңызы. 3-топ. Майлардың маңызы. Талдау Бұл бөлімде зертханалық жұмыс орындайды. Жұмыстың мақсаты:тәжірибе арқылы азық-түлік құрамындағы нәруыздар, көмірсулар, майларды зерттеу. Құрал-жабдықтар: су, йод тұнбасы, келі, сүзгіш қағаз, сынауық, шыны таяқша, тамшыуар, картоп түйнегі, күнбағыс, бидай тұқымы, ет түйірі. Зертханалық жұмыс бойынша үш топқа үш түрлі тапсырма беріледі, топтық жұмыс орындалып болғаннан кейін оқушылар өз жұмыстарын топ алдында қорғап өз пікірлерін айтады. 1-топ. Көмірсулар. Бұл топтағы оқушылар күнбағыс тұқымының құрамындағы майды анықтайды. Күнбағыс тұқымының бірнешеуін алып, оларды қабығынан тазартып және оны ақ қағаз бетінде жаншып тастаңдар. Сонда не көрдіңдер? Қағаздағы дақтарға қарап қандай заттар бар екенін айтуға бола ма ? 2-топ. Нәруыздар. Бұл топтағы оқушылар бидай дәнініңжәне картоп құрамындағы көмірсуды анықтайды. Бидай дәнін келіде ұн қылып үгіңдер, оны сулап қамыр дайындаңдар. Қамырды дәкемен орап, суы бар стканға салып бұлғаңдар. Лай тұнба түзіледі. Стақаннан лай тұнбаның бір бөлігін сынауыққа құйыңдар да, оған 2-3 тамшы йод тамызыңдар. Сұйықтық қандай түске боялды? Йод тамшысын кесілген катоп түйнегіне тамызыңдар. Бұл өзгерістер қандай заттардың бар екенін айғақтайды ? 3-топ. Майлар. Бұл топтағы оқушылар ет құрамындағы нәруызд анықтайды. Ұсақ туралған ет кесектерінің бірнешеуін сынауыққа салып, су құйып, оны жақсылап араластырыңдар. Сутек асқын тотығының ерітіндісін құйыңдар. Егер азық-түлікте нәруыз болса, онда сутек асқын тотығының ерітіндісін құйғанда көбік түзіледі. Сендер нені бақыладыңдар ? «Ыстық орындық» әдісі. (Бір оқушы алдыңғы жақта, қалғандарыоны айнала қоршайды). Жаттығудың сипаты: Бір оқушы ортаға шығып тақырып бойынша басқа топ мүшелерінің қойған сұрақтарына жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін басқа топ мүшелеріде алға шығып жауап бере алады.
Сұрақтарға жауап алу арқылы оқушылардың тақырыпты қандай деңгейде меңгергенін білуге болады. Сергіту сәті Қадам, ширату дене мүшелерінің жаттығуларын орындау (интербелсенді тақтаны пайдаланып музикалық әуенге). Синтез «Шеңбердегі доп» әдісі. Оқушылар шеңберлене отырып, бір-біріне допты лақтырады. Доп қолына тиген оқушы жаңа білім туралы өзінің білгенін айтады. Кері байланыс Термин сөздермен жұмыс.
Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл |
Оқулықты пайдаланып тақырыпты оқиды
Топта талқылайды Зертханалық құрал жабдықтармен жұмыс «Ыстық орындық» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді Оқушылар дене мүшелерін қимылдатып сергіп қалады «Шеңбердегі доп» әдісіне қатысып тақырып бойынша білгендерін айтады Интер белсенді тақтадағы сөздерге пайдаланып ойларын толықтырады Бағалау парақшасын толтыру |
| Рефлексия. «Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің»
– Бүгінгі сабақ ұнадыма? Неліктен? – Қиындықтар болды ма? Қандай? -Сабақтың қайсы бөлімі ұнамады? Неліктен? -Сен қандай ұсыныстар айтар едің? Үй тапсырмасы. |
Сұрақтарды негізге ала отырып сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу |
