Марат Қабанбай «Бауыр» әңгімесі
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
| Мектеп: № 5 Ақмол орта мектебі | |
| Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Усенова Р.Р. |
| Сынып: 5«ә» | Қатысқан оқушылар саны: 22
Қатыспағандар оқушылар саны: 0 |
| Бөлім атауы | Адамгершілік – асыл қасиет |
| Сабақтың тақырыбы | Марат Қабанбай «Бауыр» әңгімесі |
| Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 5.Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау; |
| Сабақтың мақсаттары | Оқушылардың барлығы:
– Әңгімедегі негізгі тақырыпты анықтайды. Оқушылардың көпшілігі: – Шығарманың идеясын анықтайды, композициялық құрылысына талдау жасай алады. Оқушылардың кейбіреуі: шығарма идеясын өз көзқарасы негізінде жеткізеді, қазіргі өмірмен байланыстырады |
| Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады: Әңгімені түсінеді,мазмұндайды.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: туыс,ата-ана,балалар үйі, аға, бауыр, тәрбиеші. Диолог құруға /шығарма жазуға арналған сөз тіркестері:туыстық қатынас, балалар үйі Талқылауға арналған сұрақтар: 1.Ағайындылардың алдағы уақыттағы тағдырын қалай болжар едіңдер? 2. Бауырларыңмен қарым-қатынастарың қандай? |
| Құндылықтарды дарыту | Зайырлы қоғам жəне жоғары руханият |
| Бағалау критерийлері: | Әңгімедегі негізгі тақырыпты дұрыс анықтайды
Әдеби шығарманың идеясын өз көзқарасы негізінде жеткізеді |
| Пәнаралық байланыс | қазақ тілі, өзін-өзі тану |
| АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақ барысында оқушылар интербелсенді тақтадамен жұмыс жасайды, слайд арқылы тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланады. |
Жоспар
| Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер |
| Сабақтың басы
3минут 5минут 10минут |
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Шаттық шеңбері. Оқушылар шеңберге тұрып бір-біріне жақсы тілектер айтып, көңіл-күйлерін көтеруге әрекет етеді. Топқа бөлу. Оқушылар тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдер арқылы топқа бөлінеді. 1-топ. Айтысқан ауыл болмас, Болыспаған бауыр болмас. 2-топ. Інісі бардың тынысы бар, Ағасы бардың жағасы бар. 3-топ. Ағайынды жігіттің отарында малы бар, Жалғыз-жарым жігіттің шығыр-шықпас жаны бар. 4-топ. Бауыр шырын, бас тәтті, Ағайынмен ішкен ас тәтті. Сабақтың тақырыбын болжату. Ой қозғау. – Бауыр деген кім? Жауап: Бір әкеден туған және жақын туысқан адамдар бауыр деп аталады. Бір әкеден туған ағайын адамдарды туған бауыр, ал әкелері ағалы-інілі болса төте бауыр дейді. –Бауыр мен достың айырмашылығы қандай? – «Ағасы бардың жағасы бар, Інісі бардың тынысы бар» деген мақалды қалай түсінесіңдер? Оқушылар бауырдың дос, сүйеніш, ақылшы, қорғаныш, сыбайлас, ағайын, өмірдің бір бөлігі екеніне дәлел келтіре отырып, өз өмірімен байланыстырып жауап береді. досың сырласың туысың сүйенішің ақылшың өмірдің бір бөлігі қорғанышың ағайының Оқушыларға Марат Қабанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беріледі. Әр топ өздеріне берілген мәліметті сараптай отырып, автордың өмірі мен шығармалары бойынша постер дайындап қорғайды. |
Слайд № 1
Слайд № 2 Слайд № 3 Слайд № 4,5 |
| Сабақтың ортасы
10 минут 5 минут 5 минут Сабақты бекіту |
1-тапсырма. Топтық жұмыс. «Джиксо» стратегиясы бойынша әңгіме мазмұнымен танысып, тақырыбы мен идеясын анықтау. Берілген әңгімені 4 топқа бөліп талдайды және бөлімдерге ат қояды.
Дескриптор: 1.Әңгімені түсініп оқиды. 2.Тақырыбы мен идеясын анықтайды. 3.Қазіргі өмірмен байланыстыра алады. 4.Топтық жұмысқа белсенді қатысады. 2-тапсырма. «Аялдама» әдісі. Шығарманың композициялық құрылысына талдау жасау. 1-аялдама. Оқиғаның басталуы – Манаптың балалар үйіне келуі. 2-аялдама.Оқиғаның дамуы – Манап пен Қалидың кездесуі. 3-аялдама. Оқиғадағы шиеленіс – бауырлар арасындағы салқындық. Манаптың ішкі жан күйзелісі. 4-аялдама. Шарықтау шегі – Қалидың әңгімесі, жаттығуға асығуы. 5-аялдама. Оқиғаның шешімі – көңілі алабұртқан Манаптың кейін қайтуы. 3-тапсырма. «Ыстық орындық» әдісі арқылы әңгіменің кейіпкерін сомдайтын оқушыны таңдау. Сыныптың қалған бөлігі бұл «кейіпкерге» кезек бойынша сұрақ қояды, оқушы сол кейіпкер роліне ене отырып, жауап беру керек, сол арқылы бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгендерін білу. 1.Сізге балалар үйі қандай әсер қалдырды? 2.Қалидың тәлім-тәрбиесі, арманы қандай? 3.Көптен көріспеген ініңізбен кездесу сәті қалай әсер етті? 4.Қалиды балалар үйіне тапсыруға не себеп болды? 5.Қалидың бейнесін суреттеп беріңізші? 6.Алдағы уақытта туысқандық ара-қатынастарыңыз қалай болады деп ойлайсыз? 7.Ініңізбен кездескеннен кейін қандай көңіл-күйде болдыңыз? Дескриптор:
|
Слайд № 6
Слайд № 7 |
| Сабақтың соңы
2 минут |
Рефлексия.
«Бағдаршам» әдісі арқылы Үй тапсырмасы. «Бауыр» әңгімесін толық оқып келу. |
Оқушылар «Бағдаршам» әдісі бойынша жалпы тақырыпты қаншалықты түсінгендерін белгілеп көрсетеді. Бұндағы қызыл түс – «түсінбедім», сары түс – «онша түсінікті болмады», жасыл түс –«толық түсіндім» дегенді білдіреді. |
Ақмола облысы
Целиноград ауданы
Ақмол ауылы
