Математика сабағында инновациялық технологияны қолданудың тиімділігі

ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы

«Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ

Математика пәнінің мұғалімі Рымбаева Алмагуль Кабасовна

Математика пәнін оқыту негізінде оқушылардың танымдық біліктілігін белсендірудің қандай да тәсілі мен әдістерін пайдалануда оқушының қабілет дәрежесін ескеру керек. Күрделі танымдық міндеттірді танымдық қабілет дәрежесі жоғары оқушыларға ғана тапсыруға болады.Оқушыға оның таным күшіне сәйкес келмейтін,мүмкіндігінен жоғары, білім деңгейінен анағұрлым асып түсетін міндеттер жүктеу білім беруде оңды нәтиже бермейді.

Қазіргі білім беру жағдайында математика пәнін оқыту ісінде шығармашылық дербестік оқушы іс-әрекетінің сапасы ретінде көріне отырып,үнемі ізденіп,белсенді әрекет ететін жеке тұлғасының қалыптасуына мүмкіндік туғызады.Шығармашылық дербестік адам өмірін жаңа деңгейге көтеріп,түрлі туындылар мен жаңалықтардың шығуына негіз болып, жағымды эмоционалдық көңіл күй орнатады.

Оқушылардың шығармашылық дербестігін,іздемпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық ай, пәндік апталықтар мен ғылыми-шығармашылық апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы,таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. «Оқушылардың танымдық іздемпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану – олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады» [1.14]. Сондай-ақ, мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркем өнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.

Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық дербестігі мен іздемпаздығын қалыптастыруда мұғалімнің педагогикалық шеберлігі қажет. Мұғалім оқушыларға шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру мақсатында түрлі танымдық тапсырмалар дайындауда мынадай талаптар қойылады:

-шығармашылық тапсырмалар дайындауда оқылатын пәннің жеке сипатын, мазмұнын ескеру;

– шығармашылық тапсырмалар түрлі деңгейде болуы;

– кезекті тапсырма бұрын берілген тапсырмамен байланыста және бір жүйеде берілуі;

– білімі мен біліктерін жетілдіретіндей болуы;

– тапсырмалардың «қарапайымнан-күрделіге» өзгеруі;

– оқушының жеке қабілеттерін ашатындай болуы және шығармашылық дербестігін дамытатындай дәрежеде болуы керек.

Математика пәнін инновациялық технологиялар негізінде оқыту заман талабы болып отырғаны шындық. Оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары формасына олардың өз еркімен амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады.

Өз бетінше іздемпаздықпен жұмыс істей білу, яғни оқу материалын таңдау, жаңаны қабылдау мен меңгеру, яғни алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу, оңтайлы әдістерді таңдап алу, белгілі бір нәтижеге жетуге ұмтылуы т.б. оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың алғы шарты болып табылады. Шығармашылық дербестік, өзіндік жұмыс істеу шеберлігі мен дағдылары өзінен-өзі пайда болмайды, ол мақсатты оқу қызметінің нәтижесі және өз кезегінде шығармашылық, практикалық сипаттағы әр түрлі тапсырмаларды орындау процесінде қалыптасады.

Оқытудағы дербестік оқып-үйренетін тақырыпқа, пайда болған мәселеге, міндетке тұрақты ынталылық пайда болуымен, назар мен ой-сана операциясының бағыттылығымен (талдау, синтез, салыстыру мен салмақтау т.б.), оқып жатқан материалды түсінуімен бейімделінеді.

Сонымен, оқушылардың дербес шығармашылықпен жұмыс істей алу әрекеті мейлінше белсенділікті, инициативаны, іздемпаздықты, өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді, оны оңтайландыру, оқушының күнделікті рухани қажетіне айналдыру орта мектептің қазіргі кезеңдегі маңызды міндеті.

«Математикалық ойлау – оқушының танымдық қабілеттеріне мотивациялық тұрғыда басшылық жасау нәтижесінде туындайды» [2.19].

Оқушының шығармашылық дербестігінің пайда болуы оның іс-әрекетінен айқын аңғарылады. Ең әуелі оқушының іс-әрекетке деген көзқарасы өзгеріп, танымдық белсенділігі арта түседі. Оқушының шығармашылық дербестігі қалыптасқанда баланың бүкіл болмысы жаңа сипатқа ие болады.

Математика пәнін сын тұрғысын оқыту технологиясы негізінде шығармашылық дербестік әртүрлі сапада көрінуі мүмкін. Оның күрделі табиғатының өзі оның жеке адам дамуының түрткісі, қозғаушы күші екендігін көрсетеді.

Мәселені шешуде талданған негізгі ұғымдардың мәні мен мазмұнына үңіле отырып, оқушының шығармашылық дербестігін қалыптастырудың мәні мынада деген тұжырымға келдік:

-қоғамда болып жатқан өзгерістерді танып білуге, ғылым жаңалықтарына тұрақты қызығушылықтың пайда болуына;

– оқу-танымдық міндеттер мен мақсаттарын орындауға талпыну;

– білім алуға, шығармашылық жұмыстарға тұрақты қызығушылық;

-оқушының танымдық ойлау белсенділігінің дамуы;

– жеке тұлғаның сапалық көрсеткіші ретінде көрінетін қабілеті мен қасиеттерінің дамуына;

– жеке тұлғаның дербес интеллектуалдық ой-өрісінің кеңеюі;

– тұрақты іздемпаздық, шығармашылық іс-әрекетінің нәтижелі дамуына әсер етеді.

Шығармашылық дербестік ұғымы төңірегіндегі тұжырымдар, анықтамалар бұл ұғымның өзіндік ерекшеліктрін, әртүрлі психикалық процестерден туындайтын интеллектуалдық, эмоционалдық, бағыттаушы (зейін, ерік) байланысын және жеке тұлғаға беретін білімнің маңызын ашып көрсетеді. Ғалымдардың бұл мәселе төңірегінде айтқан ойларын қолдай отырып, өз зерттеу пәнімізге байланысты шығармашылық іс-әрекет шығармашылық дербестік ұғымдарына өз анықтамамызды береміз.

Біздің пайымдауымызша, «шығармашылық іс-әрекет – оқушының өзіндік танымдық қажеттіліктерін, өз мүмкіндіктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып, жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға жетелейтін білім мен әрекеттің әдістерін меңгеруде, жаңа нәтижеге жетуге мақсатты бағытталған іс-әрекет» [3.12].

«Шығармашылық дербестік – жеке тұлғаның танымдық қажетсінуі мен қызығушылығын, белсенділігі мен танымдық іздемпаздығын қамтитын сан қырлы білм алуынан көрінетін, күрделі шығармашылық процестің қалыптасуымен аяқталатын интеллектуалдық қабілеті» [4.17].

Жүйелі жүргізілген зерттеулеріміз оқушының шығармашылық дербестігінің деңгейі, бағыты мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетіне тікелей байланысты екендігін көрсетті.

Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, оқу материалының түсініктілігі, мазмұндылығы, оқытуды ұйымдастырудағы тиімді әдіс-тәсілдер, мұғалім мен оқушы арасындағы жылы қарым-қатынас оқушылардың шығармашылық дербестігінің қалыптасуына үлкен септігін тигізеді.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Математиканы мектепте оқыту» //Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті Алматы, 2003 ж.
  2. «Математиканы сын тұрғысынан оқыту технологиясы негізінде оқушылардың шығармашылығын дамытудың педагогикалық шарттары» автореф. – Алматы. 2006 ж.
  3. «Оқушылардың математика пәні бойынша шығармашылық қабілетін ашу және соған қолайлы жағдай туғызу» // Білім берудегі менеджмент, №3, 2002.-94-97 б.
  4. «Оқушының жеке тұлғасын дамытуда педагогикалық-психологиялық іс-әрекеттің маңызы». // «Қазақ мектебі:бүгінгі жайы мен даму болашағы» республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Астана, 2002 ж. 411-412 б.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше