Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейту. Өз ара кері сандар.

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.2 А Жай бөлшектерге амалдар қолдану Мектеп: ШҚО Үржар ауданы , Үржар ауылы «Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ
Күні: Мұғалімнің есімі: Мусабекова Макпал Хамитовна
Сынып: 5 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейту. Өзара кері сандар.
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) 5.1.2. 21Жай бөлшектерді аралас сандарды көбейтуді орындау
Сабақтың мақсаты Жай бөлшектерді аралас сандарды көбейтуде есептер шығару
Бағалау критерийі Бөлшек сандарды көбейтеді
Тілдік мақсат Негізгі сөздер мен тіркестер: жай бөлшек, аралас сан, өзара кері сан,дұрыс бөлшек ,бұрыс бөлшек.
Құндылықтарға баулу Тарих, мәдениет, тілдің біртұтастығы
Пәнаралық байланыс геометрия
Алдыңғы тақырып Аралас сандарды қосу және азайту
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Сабақтың басы

10-минут

Шаттық шеңбері

Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу, топ басшысын сайлау, топ ережесін құру, БББ кестесін тарату

өткен тақырып бойынша қайталау сұрақтарын қою , үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру

Слайд3

Слайд 4

Сабақтың ортасы

30-минут

1. Ой қозғау “Ұшқыр ойдан ұтымды жауап”

(сұрақ – жауап алу)

1. Жай бөлшекті қалай көбейтеміз ?

2. Жай бөлшекті натурал санға қалай көбейтеміз?

3. Аралас сандарды қалай көбейтеміз?

4. жай бөлшегіндегі 11 санын қалай атайды ?

5. жай бөлшегіндегі 12 санын қалай атайды?

6. Қандай бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады?

7. Қандай бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады?

8. Қандай санды аралас сан дейді?

9. Бөлшекті қалай қысқартуға болады?

Жауаптары:

1. Жай бөлшектерді көбейту үшін: алымын алымына көбейтіп, көбейтіндінің мәнін жай бөлшектің алымына; бөлімін бөліміне көбейтіп, көбейтіндінің мәнін жай бөлшектің бөліміне жазамыз. Жай бөлшектерді көбейту кезінде есептеуді жеңілдету үшін алдымен қысқартуды орындауға болады.

2. Жай бөлшекті натурал санға көбейту үшін натурал санды алымына көбейтіп, мәнін жай бөлшектің алымына жазамыз, ал бөлімін өзгеріссіз қалдырамыз.

3. Аралас сандарды көбейту үшін оларды бұрыс жай бөлшекке айналдырамыз, содан кейін жай бөлшектерді көбейту ережесін қолданамыз.

4. 11- саны жай бөлшектің алымы деп аталады.

5. 12- саны бөлімі деп аталады.

6. Алымы бөлімінен кіші жай бөлшек дұрыс жай бөлшек деп аталады.

7. Алымы бөлімінен үлкен немесе оған тең жай бөлшек бұрыс жай бөлшек деп аталады.

8. Жазылуында бүтін және бөлшек бөлігі бар сан аралас сан деп аталады.

9. Жай бөлшектің алымы мен бөлімін олардың бірден өзгеше ортақ бөлгішіне бөлу бөлшекті қысқарту деп аталады

Бағалау: топ мүшелері өзара талқылайды, «смайлик » әдісі арқылы топтар бірін – бірі бағалайды.

Ширату стратегиясын пайдаланып, «Жазбаша дөңгелек үстел» әдіс –тәсілін қолданамын.

Әр топқа тапсырмалар беріледі.

Бағалау : топ басшылары топтарды «Бас бармақ» әдісімен бағалайды.

«Сергіту» сәті

(Математикалық дене шынықтыру уақыты)

Мен сан айтамын. Егер 2-ге бөлінсе екі қолымызды көтереді.

Мен сан айтамын. Егер 5-ке бөлінсе шапалақтайды.

Мен сан айтамын. Егер 3-ке және 9-ға бөлінсе тізені бүкпей алға қарай еңкейеді.

14, 55, 27, 145, 4, 81, 115, 44, 20, 54, 100

Есеп шығару:

А деңгейінің есебі http://bilimland.kz,

оқулықтан В, С деңгейіндегі есептер шығарады

№ 513 (1,4,7), №517

Бағалау «Бағдаршам» әдісін пайдаланады

Топтық жұмыс

Мәсел есептерді шешу

I топ II топ III топ
9 кг болат білеуше бар еді. Одан әрқайсысының массасы кг

14 бөлшек жасағанда, неше кг болат артық қалады?

Велосипед доңғалағы шеңберінің ұзындығы м. Велосипед доңғалағы 1 секундта айналым жасайды. Ол 5 минутта неше метр қашықтыққа барады Су қоймасына шайылып барған 1гр мұнай ұзындығы м, ені

м ауданға жұқа қабат болып жайылады. 28 грамм мұнай қандай ауданға жайылады.

Бағалау«Бағдаршам» әдісін пайдаланады

Бекіту сұрақтары (тест тапсырмасы)

Бағалау : Жұптық тәсілмен «Бас бармақ» әдісімен бағалайды.

Слайд 5

http://bilimland.kz видео

Математика -5 сынып,

1-ші бөлім,

А.Е. Әбілқасымова

132-133 бет

Слайд 6

Слайд 7

Сабақтың соңы

5-минут.

Үйге тапсырма: №507(5 ;6), №513 қалған есептері, №518
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
  • Деңгейлік тапсырмаларды орындайды. Қолдауды керек ететін оқушыларғабағыт бағдар беремін.
Топтық бағалау: топтық жұмыста

Жұптық бағалау : Тест тапсырмасы

Өзін –өзі бағалау

  • Бағдаршам,
  • Бас бармақ
  • смайликтер
  • Сергіту сәті орындалады.
  • Қауіпсіздік техникасы сақталады.
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Шынайы . Сынып оқушылары сабақта бар ынталарынсап есеп шығара біледі. Тиімді әрі қызықты болады. Сынып ахуалы , оқушылардың оқу белсенділігі, ынтасын жақсы көрсетеді. Мен берілген уақыт ішінде үлгеремін.
Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:Оқушылар тақырыпты жақсы меңгерген.

2 Есепті тез шығара білді.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушылардың алдыңғы тақырыпты жақсы меңгергендігі.

2:Есепті жылдам , тез орындағандары.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетінін білдім?

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше