Бейнелеу өнері 6 сынып. Сабақ тақырыбы: “Керамика”

ШҚО, Үржар ауданы, Көлденең ауылы “Көлденең орта мектебі және балабақша”

бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі Абдуллин Тайғазы Берікболович

Пәні: бейнелеу өнері

сабақ тақырыбы: «Керамика»

Мектеп:

« Көлденең орта мектебі және балабақша» КММ

Күні: Мұғалімнің есімі: Абдуллин Тайғазы Берікболұлы
Сынып: 6 «А» Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабаққа негізделген оқу мақсаты(мақсаттары) сыни ойлау барысында керамикадан жасалатын бұйымдарды, өндіріс орындарын,әшекейлеуді және шығу тарихымен неден жасалуын білу.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: керамиканың шығу тарихын неден жасалып қалай қыздырылып безендірілетінін біледі. Сонымен бірге күнделікті өмірде керамикалық заттарды көріп қолданады.
Оқушылардың басым бөлігі: керамиканың әр алуан пішіндерімен және әсем дизайндарымен таныс оларды ақ параққа бейнелей де алады.
Кейбір оқушылар: керамиканың суреттерін бейнелеуде түстік үйлесімдік пен колориттік шешімді композицияны жақсы таба алады.
Тілдік мақсат: Оқушылар: тақырыпты өту арқылы сыни пікірлер айтып композициялық шешімдері дұрыс үйлестірілген шығармашылық ізденістерге бағытталған жұмыстар

істей алады

Негізгі сөздер мен тіркестер: керамика, фарфор, саз балшық, ваза, құмыра, плитка, тәрелке,станок, айналмалы ұршықша,
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: ашық және жабық сұрақтар қою, мәтінмен жұмыс.
Талқылауға арналған тармақтар тақырып соңындағы сұрақтарды талқылау
Сіз неліктен …. айта аласыз ба? Керамика неліктен саз балшықтан жасалған, неге күйдірілген, күнделікті тұрмысты керамикасыз елестетіп көр.
Жазылым бойынша ұсыныстар оқулықты оқи отырып әлеуметтік желіні кең мағлұмат алу мақсатында пайдалану
Алдыңғы оқу «Қазақтың ұлттық киімі » тақырыбын АКТ ны қолдана отырып бекіту, жұмыстарын жұптық жұмыспен бағалату критерии ұсыну
Жоспар: 1. Ұйымдастыру, шаттық шеңбері «Жүректен жүрекке» 2. топқа бөліну «Тәті шашу» 3. АКТ арқылы жасырынған сұрақтарға жауап (әр топқа 3 сұрақтан) 4. Жұптық жұмыс үй жұмысын бағалау (критерии бойынша) 5. Жаңа тақырып, бейне көрініс «Керамика» талдау, постер қорғау 6. Оқушылар жұмысы 7. Бағалау, білімді жинақтау 8. Үйге тапсырма 9. Кері байланыс 10. Сабақты аяқтау.
Жоспарланған уақыт

45 минут

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы Амандасу, ұйымдастыру, «Жүректен-жүрекке» Шаттық шеңберіне тұру жүрекшені бір-біріне ұсыну арқылы жақсы сөздер айту.

Топқа бөлу 3 түсті конфеттерді керамикалық ыдыстан алу арқылы, ерекше түспен оралған тәттіні алған оқушы көшбасшы болады,

топ атаулары: «Шабыт» «шырай» «шыны»

топтар аттары жазылған парталарға отырады. Көшбасшы сайланып топтың тізімін жазып критерии рубрикатаға суммативті баға қояды

Өткенге шолу: АКТ да көрсетіліп жасырылған 9 сұракка әр топқа 3 тен жауап алу, жұптық жұмыс: салып келген суреттерін критерии бойынша қасындағы жұптарымен бір-бірімен ауыстырып бағалау .

А3 парағы, Б.ө оқулығы 80-бет, оқыту әдістемесі, бояаулар, акварель, тәтті, б.ө жабдықтары, бейне жазба, смайликтер, стикерлер.Жүрекше макеті

Ыдыс, конфет

Ортасы Жаңа тақырып: бейне көрініс «Керамика», талдау үш топқа бір сұрақтан. Постер қорғау «Мәтін бойынша» оқулықтың 80-бетінен алу ортаға ыдыс суретін салу әр топ әр түрлі бейнелейді болған соң екі оқушыдан шығып қорғайды. Әр топ қорғаған сайын формативті баға ұсынады.

Сергіту сәті: «Өлең шумағы»

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз!

Күлімдеген күндейміз,

Ренжуді біз білмейміз.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым,

Бүгінгі ерекше күнге!

Оқушылар жұмысы: енді біз өзіміз технология сабағында папье-маше әдісі бойынша жасап бояған тәрелкемізді безендірейік (папье-маше жасау кезінен фотомантаж ) безендіру тақырыптары ехро-2017, 2050, тәуелсіздікке 25 жыл, әр-түрлі акварельмен орындау

Бағалау: смайлик арқылы, жұппен алмасу барысында үш түрлі смайл жапсырылады.

үйге тапсырма: өз керамикаңның дизайнын бейнелеп кел.

Аяқталуы Кері байланыс: «Түсті жетондар» көк, қызыл, сары жетондарды әдемілігі үш түрлі ыдысқа біреуін таңдап, жауаптары ретінде салады
Қосымша ақпарат
Саралау- Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау-Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс
Композициялық шешімді күрделендіруге ұсыныс айту, берілген жазықтықты толық қамту түстік үйлесімнің шешімін дұрыс таңдау Ашық және жабық сұрақтар қою. «кубизм» стратегиясы технология, тарих, география, музыка, акварель бояуын дұрыс қолдан, жұмыстан соң қолыңды жу, АКТ шектелген уақыт көлемінде қолдану 15-20минут, ұлттық өнер мен байланыс, сәндік өнер мен байланыс.
Рефлексия Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған сралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1.

2.

Сабақ барысында мына сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектеетін не білдім?

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше