«Мұғалім мектеп жүрегі, көңілді жүрсін үнемі. » психологиялық тренингі

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,

Болашақ селолық округі №10 орта мектеп КММ-сі

педагог-психологы Досова Жамиля Оразгелдіқызы

Құрметті ұстаздар бүгінгі менің сіздерге өткізгелі отырған «Мұғалім-мектеп жүрегі, көңілді жүрсін үнемі » атты психологиялық тренингке қош келдіңіздер! Шынында да ұстаздық жол ол қиындығы да,қызығы да жетерлік ең бастысы, жауапкершілігі жоғары мамандықтардың бірі ұстаздық жол екені ақиқат .Мектебіне қарап,оқушысын,оқушыға қарап мұғалімді таныуға болады демекші,шынында да мұғалім мектептің негізгі мүшесі жүргеі болып табылады.

Себебі бұл мамандық иелерінің мойнында ешнәрседен хабары жоқ,мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп,тәрбие ұрығын егіп,таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген.Міне осылай ұстаздық жолда мектептің қиындығымен қызығын бірге алып жүретін ұстаздарымыздың психологиясына көптеген ауырлық түсіп,жүйке жүйесі шаршайтыны және оның салдары кейде күйзеліске яғни стреске алып келетіні рас.Ал стресс біздің денсаулығымызға өзінің зияның тигізбей қоймайды.Ал ұстаз өзінің профессионалдың ұстанымын жоғалтпай, әрдайым көңіл-күйін көтеріп ұстау қажет.Стресті жеңудің бірден бір жолы-ол көтеріңкі көңіл күй екен.Көңілі көтеріңкі ұстаздың сабағы да жақсы өтеді екен. Еңбегі де жемісті болады..Олай болса мен осы мақсатта бүгінгі тренинг сабақта сіздерге кішкентай да болса көмегімді тигізгім келеді.Ендеше тренингті бастауға рұқсат етіңіздер.

Тренинг мақсаты: ұстаздар арасындағы қарым-қатынасты нығайту,көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.

Ережемен таныстыру.

Бүгінгі тренинг сабақ түрлі кезеңдерден тұрады,олармен сіздер сабақ барысында танысатын боласыздар.Алдымен сабағымыз тартысты әрі қызықты өту үшін, сіздерді топқа бөлгім келіп отыр. Олай болса мыны қағаздарды алып сонда жазылған психологиялық терминдер бойынша топ құрастырсаңыздар.

1-топ «Зейін» тобы

2-топ «Түйсік» тобы

3-топ «Қабілет» тобы

Міне топтарымыз анықталды.Олай болса бастаймыз.

Алғаш болып

1-кезең « Мұғалім моделін құрастыру » деп аталы яғни постер қорғау . Әр топ бірлесіп а 3 форматқа мұғалім моделін жасайды. Қазіргі заман мұғалімі қандай болуы керек.Қандай қасиеттері болуы қажет. Соны жазып ,топтан 1 адам шығып қорғайды.

Уақыты: 7мин

2-кезең Түсін мені деп аталады. Бұл ойын жаттығу психологиямен және адамның көңіл күйіне тығыз байланысты ойын.Психологияда эмоция деген термин бар.Эмоция –яғни адамның көңіл күйінің көрінісі. Біз эмоцияны қатты қуанғанда, бірдеңеге таң қалғанда, ашуланғанда,ренжігенде шығарамыз.

1.Бүгін ауа-райы қандай тамаша болып тұр!

2.Шіркін , неткен керемет жан десеңші…..

3.Алақай , ертен мерекееееее…….

4.Қап, мына қыздың кешігуін қарашы… кешігіп қалатын болдым ау.

5.Уа ха ха ха (күлу) неткен күлкілі әңгіме десеңші…

6. Тух , мына қыздың сұлуынай…..

7. Күннің суығын-ай……тоңып бара жатырмын.

8.Бүгін мазам болмай ауырып тұрмын……

9.м м м м қарнымның ашып тұрғанын қарашы

3-кезең «Жасырын хат» деп аталады.

Ерте,ерте ертеде …. әлі адамдар әріп танымаған уақытта да олар бір-біріне хат жазған екен. Қалайша? Себебі олар сурет салуды біліпті. Біз бүгін соны үйренетін боламыз. Мына ақ беттерге топ болып ақылдасып, сіз таңдаған карточкадағы жағдай іс-әрекетті сурет арқылы өз қарсыластарыңызға жеткізетін боласыздар.Ол үшін әр топтан бір мұғалім келіп,жағдаяттарды таңдаңыздар.Суретте ешқандай әріп қолданбаймыз,тек сурет арқылы жеткізесіздер.Қарсылас топ сіздің суретіңізден сіздің не айтқыңыз келгенін ұғу керек.Кәне олай болса бастайық

1.Бүін маған сағат 1800 де телефон соқшы.

2.Ертен жұмыстан кейін кинотеатрға барайық.

3.Жексенбі күні сағат 1500те менің туылған күніме кел.

4-кезең Сергіту сәті

Ал апайлар.ағайлар сурет салдық,ойын ойнадық аздап шаршаған боларсыздар,олай болса кішкене сергіп алайық. Мен кәзір сіздерге ұлы философтар мен психологтардың нақыл сөздерінен құралған сазды әуенді слайд ұсынығым келіп отыр.Ол үшін бәріміз экранға назар аударайық.

Ал сіздерге сергіту сәті ұнады деген ұнады деп ойлаймын.

Біз ары қарай тренингімізді жалғастырамыз.

Келесі болып бізде 12 сұрақтан тұратын сауалнама алығып келіп отыр.Өздеріңіз қарап қазір осы жерде толтырып берсеңіздер.

5-кезең «Теңізге саяхат» релаксациялық тренингісін ұсынамын.

Релаксация сөзіне анықтама беріп кетейін ,релаксация психологияда кеңінен қолданылатын әдіс.Әсіресе психотерапияда көп қолданылады. Релаксация шаршауды, күйзелісті,басады.Адамды қуантандырады.Адамның көңіл күйін көтереді .Сол релаксацияның бір түрін «Теңізге саяхат » тренингісін жасаймыз.Релаксация ережесімен таныстыру.Телефонды өшіру.

Психологтардың зерттеуі бойынша теңіз суының.толқынның ,адамға күш біттіретін.қуат беретін тыныштандыратын қасиетін дәлелдеген.Өзіміз кинодан да байқаймыз күйзеліке тускен адам өзі оңышада қалып теңіз жағалауында қалса өз қиындығынан жартылай арылғандай болады екен.

Релаксация

(теңіз жағасында әуені қосылады)

Кәне барлығымыз , жайланып отырамыз да көзімізді жұмамыз. Терең демалып, денемізді бос ұстаймыз.Міне осы жерден біздің теңізге саяхатымыз басталады. Сіз теңізге келдіңіз.Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз,ашық аспан және күн.Теніз бірқалыпты дем алып,асау толқындары жағаға соғылып,қайтадан кейін қайтуда.Сіз теңіз толқындарының шуын естіп,толқындарға қызыға қарап,жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз.Сіз өз бойыңыздағы асқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз.Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы.Сіз теңізге жақындап,аяқ киіміңізді шешіп,жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірдіңіз.Толқындар сіздің аяғызды жуып жатыр,су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ.Енді сіз қлдарыңызды бос тастап ,басыңызды шалқайттыңыз.Күн сәулесі мен жеңіл самал жел,сіздің бетіңізді өбуде.Ал теніз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай.Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек дәмі және бақыт күлкісі.Тап осы жерде сіздің көзіңіз жағалаудағы өзінің ерекше үнімен ұшып жүрген шағалаларға түсті. Олар сізде жақындап келіп ,сен баққыттысын,сен ерекше жансың деп сыбырлап тұрғандай.Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз келеді.Айналадағы бүкіл табиғат сізге қарап күлімдеп тұрғандай. Осы сәтте сіз бойыңыздағы барлық ауырлықтан,реніштен,сізді мазалап жүрген ойлардан ,өміріңіздегі қиындықтардан арылғандай сезініп, бүкіл денеңізде жеңілдік орнады. Сіздің үйіңізге қайтатын уақытыңыз болды.Сізге ғажайып демалыс пен бақыт силаған ғажайып теңізге алғысыңызды білдірдіңіз. Енді асықпай көздеріңізді ашыңыздар.

6-кезең «Құнды қасиеттерді жинау» деп аталады.

Тіл арқылы байланысу, қарым-қатынас жасау адамға ғана арналған басты байлық,

ұлы сыйлық.. Бірақ , осы байлықты жақсылыққа ғана емес, жамандыққа да

қолданатынымыз жасырын емес. Кейде «аңдамай сөйлеп, ауырмай өлеміз».

«Жақсы сөз бұлттан шыққан күндей боп, көңілді жадыратады». «Жаман сөз жаныңа мұң,

құйып, қабырғаларыңды бір-бірлеп сөгеді» деген демек сөзден қорқыңыздар,

оны абайлап орнымен пайдалану керек, ғалымдардың зерттеуінше,

былапыт жаман сөздер хромосомдарды өлтіріп, сол сөз иесіне сәтсіздік, жаманшылық,

ауру шақыратынын анықтаған.

Ал жақсы сөздер ,тілектер адамға жақсы көңіл күй сыйлап өмірін нәрлендіреді екен.Олай болса біз кәзір сол құнды қасиеттерді жинайтын боламыз. Осы ұжым арасында бір-бірімізге мына жүрекшені ұсынып,сол адамның бойындағы жақсылығын,жақсы қасиеттерін айтамыз. Неге осы сәтті пайдаланып апайларымыздың жақсы қасиеттерін айтып көңілін көтермеске.Мен бастап берейін .

7-кезең «Психологиялық тест» суреттер сөйлейді деп аталады.

Мұғалімдерге ат бетшелер таратылады.Соған мұғалімдер белгіленген сурет салады. Сол сурет бойынша олардың мінезін,отбасына деген қарым-қатынасы анықталады.Бетшелерді жинап алып,мұғалімнің атын жасырып мінездеме оқылады.

Қорытындылау.

Рефлексия

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше