Мектеп бітірушілерге арналған тренинг сабақ

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,

Тасшағыл орта мектебінің ІІ санатты

психологі Төкеш Жаңагүл Әжігерейқызы

Мектеп бітірушілерге арналған тренинг сабақ

Мақсаты: Оқушыларды ұйымдастырушылыққа, топтасып жұмыс істеуге баулып, ойларымен бөлісіп, ойларын ашық айтуға дағдыландыру. Ойын арқылы өздігінен жұмыс істеуді, ойлау қабілетін дамытып, өздігінен қорытынды жасауды үйрету

“Танысу” тренингі

Шарты: Әрбір оқушы өздерінің есімдерін атап, таңдаған мамандықтарын, қоғамға тигізетін пайдасы, еліктейтін адам туралы айтып шығу керек.

Менің жеңіске жетудегі бес жақсы және бес жаман қасиеттерім

Өзінің мықты және әлсіз қасиеттерін білген және ашық айта білген, әлсіз қасиеттерін түзетуге ұмтылған адам ғана жеңіске жетеді. Демек, сендердің жеңіске жетіп, өз мақсаттарыңның орындалатынына күмән келтіруге болмайды

“Менің ресурстарым” жаттығуы

Мен немен мақтана аламын Менің бойымдағы осы қасиеттердің қайсысы емтихан уақытында көмектеседі?

«Тірек»

Мақсаты: топта нағыз сенімділік орнату.

Шарты: оқушылар шеңбер құрып тұрады. Ортаға өз қалауымен бір оқушы шығады. Оқушы құлауды бастаған кезде қоршап тұрған балалар оны ұстап қалады. Ойыншы кез келген жағдайда, басқалары үнемі қасында екенін және ол құлауды бастаған кезде оны ұстап алатынын білу керек.

Талдау: құлауды бастауға өзіңді мәжбүр ету жеңіл болды ма?

Топ көңіл аудармайды деген қорқыныш болды ма?

«Мамандықты тап» ойыны

Тренингке қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалғандары мамандықты табулары керек.

“Жақсы адам бейнесі” жаттығуы

Сандықша. Сандықша ішінде ең жақсы, ашық, білімді, өз мамандығының шебері, белсенді адамның суреті бар. Ол кімнің суреті деп ойлайсыңдар. Көрмес бұрын барлығы көздерін жұмады. Сандықшаны алған адам ғана көзін ашады. Көргенін келесі адамға айтпауы керек.

  1. Көргенімен келіспейтін адамдар бар ма?
  2. Өз бейнелеріңді көргенде қандай сезімде болдыңыздар?

«Мен қарым-қатынаста қандаймын? » жаттығуы

Менің мінезім жайлы басқалар не айтар екен? Мен басқалармен қарым-қатынаста қандаймын? Сіз жайлы басқалар жазады. Егер басқалар сіздің тек жақсы қасиеттеріңізді айтсын десеңіз күнді, егер кемшіліктеріңізді білгіңіз келсе бұлтты алып , кімнің ой-пікірін білгіңіз келеді соған барыңыз. Егер артықшылығыңызды да, кемшілігіңізді де білгіңіз келсе екеуін де алып барыңыз

“Емтиханда жетістікке жетейік” әнін орындау

Релаксация

“Бір сурет, бес сөз”

Оқушылар тренингтен алған әсерлерімен бөліседі

Тасшағыл орта мектебі

Мектеп бітірушілерге арналған тренинг сабақ

2016-2017 оқу жылы

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше