Сабақ тақырыбы: Қосу кестесі
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы № 21 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Омирова Эльвира Курбанбаевна
| Сабақ тақырыбы: | Қосу кестесі | Мектеп: № 21 орта мектеп | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Күні : 07.11.2017 ж | Мұғалімнің есімі: Омирова Э.К. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| СЫНЫП: 1 «Ә»сынып | Қатысқандар саны: 26 | Қатыспағандар саны: – | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Оқу мақсаты: | бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құрады, біледі және қолданады;
қосудың ауыстырымдылық қасиетін; 0 және 1-дің қасиетін қолданады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Барлық оқушылар:
Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Ресурстар: | көрнекі қосу кестесі;
әр оқушыға арналған қосу кестесі; ламинатталған А4 форматтағы қағаз; әрбір оқушыға маркер. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Тірек сөздер | қосу | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сабақтың мақсаты: | Бір таңбалы сандарды қосу үшін қосу кестесін пайдалану дағдысын қалыптастыру. “Баған”, “жол” түсініктері арқылы кестедегі санның орнын анықтай білу қабілетін дамыту. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сабаққа байланысты деректі материалдар | Сабаққа қатысты ескертпелер | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сабақта оқушылар қосу кестесімен әрі қарай танысады жалғастырады. Кесте бойынша бағдарлап жаттығады, сандардың орнын тауып үйренеді. Берілген мысал бойынша санның кестедегі орнын табу дағдысын дамыту, бұл дағды қосудың шаршы түріндегі кестесімен жұмыс істеуге дайындық болып табылады.
Қосу кестесінің көрнекілігін пайдаланып, оқушыларға мысалдар шешуді ұсынамын. Ол үшін мы-салдарды тақтаға іліңіз. Жауаптарын ламинатталған беттерге жазып, сыныптағы басқа оқушыларға көрсетуін ұйымдастырамын. Тиісті мысалды кестеден қалай табатынын сұраймын. Кестемен жұмыс істеудің оқушылар ұсынған әдістерін тыңдаймын. Оқушылардың білімдерін сұрақтар қойып нақтылаймын. Кестеден сандардың қосындысының нәтижесін табу үшін қандай сандарды қосқанына назар аудару керектігін айтып өтемін. Бірінші сан (бірінші қосыл-ғыш) — бұл кестегі жолдың нөмірі, екінші сан (екінші қосылғыш) — бұл осы жолға сәйкес келетін бағанның нөмірі болатынын түсіндіріп өтемін. Ескерту: амалдар компоненттері ұғымы әлі енгі-зілмегендіктен, бірінші қосылғыш, екінші қосылғыш деген сөз тіркестерін қолданамыз. Мысалы, 3 + 6 өрнегінің мәнін табу үшін кестедегі үшінші баған арқылы алтыншы жолды табу керек. |
Осыдан кейін оқушыларға 0 санымен қосу кестесінің бір бағанын топпен құрастыруды ұсынамын. Оқушылар мынадай мысалдарды құрастырады:
1 + 0 = 1 2 + 0 = 2 3 + 0 = 3 4 + 0 = 4 5 + 0 = 5 6 + 0 = 6 7 + 0 = 7 8 + 0 = 8 9 + 0 = 9 Нәтижесін талдай келе, оқушылар мынадай қорытындыға келеді: 0 санын басқа сандармен қосқан кезде, әрбір мысалда қосындының мәні бірінші қосылғышқа тең болады. Осы қорытындыны бекіту үшін, санымен бірнеше санды қосуға мысалдарды ауызша орындауды ұсынамын. Мысалдардың орнын анықта. Кестеден тиісті жауапты анықтауды көрсететін оқулықта берілген иллюстрацияға назар аударуын сұраймын. Оқушыларға тапсырманы жұппен орындатамын. Ол үшін оқулықтағы үлгідегідей тапсырмалар жазылған парақшалар таратып беремін. Тапсырманы ауызша орындатамын. Mақсаты: берілген мысалдардың жауабын табу үшін қосу кестесіне қарап, тиісті баған мен жолдың қиылысындағы санды тауып, нәтижесін анықтау. Оқушының қолында жеке қосу кестесі болуы шарт. Бұл оның жеке жұмыс жасауына жеңілдік туғызады. Тапсырманы орындау кезінде қиналып отырған оқушылар жұбына көмектесемін. Өзара тексеру барысында тапсырманың жауаптарын оқушыларға кезекпен айтқызамын. Жауаптары бірдей болатын мысалдардың кестедегі орнына назар аударамыз.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру | Қосымша тапсырмалар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сабақ барысында оқушылардың өз сөздерінде математикалық терминдерді дұрыс айтып және орынды қолдануына қолдау көрсетіп отырамын. Топпен немесе жұппен талқылау кезінде оқушылардың коммуникативті дағдылары дамиды (бірін-бірі тыңдай білуі, өз көзқарасын дәлелдеп айта білуі, сұрақтарға негіздеп жауап беруі). | Қосымша тапсырмалар
Кестедегі нүктелермен берілген бос орын-дарға тиісті санды жазып толтыр. Оқушыларға қосу кестесінің белгілі бір жерінен қиып алынған бөліктердегі бос ұяшықтарды толтыру керек. Оларға тек қосудың нәтижесін ғана тауып қоймай, белгісіз компоненттерді де тауып жазу ұсынылады. Тапсырманы қосу кестесіне сүйеніп орындайды. б) нұсқауымен берілген кесте зерек оқушыларға арналған.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Бағалау | Оқушылар сабақтың соңында:
бір таңбалы сандардың қосу кестесін қолданып, қосу нәтижесін анықтауды меңгереді. Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеру үшін мынадай бекіту сұрақтарын қоямын: — Қосу кестесі неден тұрады? (бағандар мен жолдардан) — Кесте бойынан 5 баған, 4 жолдағы санды тауып көр. (9 саны) — Қосу кестесінен 6 санының орнын тап. Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткіземін. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
