«Елбасы-ел мәртебесі» атты әдеби музыкалық кешті ң бағдарламасы

Мақтарал ауданы Жетісай қаласы Жылы-су а/о Мырзашоқы ауылы

“І.Жансүгіров атындағы №28 жалпы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәніннің мұғалімі

Алтаева Динара Кенжеханқызы

«Елбасы-ел мәртебесі»

атты әдеби музыкалық кештің бағдарламасы

Фанфар

Әдеби музыкалық кеш

Жүргізушілер: Лесбекова Жансая, Слам Бағдаулет

  1. Жүргізушінің сөзі
  2. Пікірлер
  3. Елбасы туралы өлеңдер оқу
  4. Жүргізуші сөзі
  5. Сөзі Елбасымыз Н.Назарбаев, әні Б.Тілеухан «Үшқоңыр» әні
  6. Көрініс «Бала Сұлтан»

(бір топ бала асық ойнап жатқанда, ұшқан ұшақ дауысына Сұлтанның көңілі ауады. Сол сәтте ол, ұшақ ұшқан жаққа қарай бет алып жүгіре бастайды)

  1. Әдеби монтаждар
  2. Ән. Алматы қаласында өткен «Ғұмырдария» ән-би фестивалінің лауриаты Шірінбек Ұлдананың орныдауында «Халқымай» әні
  3. Ән «Когда весна придет незнаю» орындайтын – Алшораз Дәурен

(чемодан ұстаған бозбала, композиция металлург образындағы жігіттер, гитара ұстаған жігітпен қыздар, әже мен немере, мектеп партасында мұғаліммен сабақ өтіп жатқан кезден көрініс)

  1. Ән. Б.Шірінбектіңорындауында «Тәуелсіз елім»
  2. 10 сынып оқушылардың орындауында хор «Елім менің»
  3. Қорытынды сөз сөйлеу үшін №114 ЖОМ және М.Әуезов мектептерінің директорларына сөз кезегін беру

Ел басы – ел мәртебесі

Жүргізушілер:Слам Бақдәулет

Лесбекова Жансая

1 жүргізуші: Ассалаумағалейкум жиналған көпшілік!

Елі үшін олжа салып қиырдан,

Ықпаған еш ауыртпалық қиынан,

Мерекеңіз құтты болсын көпшілік.

Елбасының құрметіне жиылған,

2 жүргізуші :Армысыздар, қадірменді қонақтар, құрметті ұстаздар!

1 желтоқсан тұңғыш Президент күніне арналған концерттік бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгін 1 желтоқсан Қазақстан республикасының тұңғыш Президент күні болып елімізде бесінші жыл тойланып отыр.

Ел тынысын тереңінен танып кең,

Шарапаты бар адамға дарып тең.

Елбасының есімі бұл тарихта,

Қалар анық өшпес алтын әріппен дей келе, «қазақ зиялы қауым өкілдерінің Н.Назарбаевқа айтқан пікірлері».

Медеу:

Мен өз халқымының жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Ар – намыссыз ұлттық сана мен ұлттық намыс та тұл. Патриотизмді, әсіресе, жастардың арасында, біздің балалардың бойында барша қоғамның ортақ күш – қуатымен қалыптастыру керек. Патриотизммен тығыз байланысты мемлекеттік маңыздағы мәселе, мемлекеттік тіл мәселесі. Мемлекеттік тіл – бұл Отан бастау алатын Ту, Елтаңба, Гимн секілді дәл сондай нышан. Және ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс.

Нұркен:

Тарихымыз бізді көп ұлтты ел ретінде қалыптастырады. Бұл біздің келешегіміз емес, керісінше, бізді ұлттық томаға – тұйықтықтан сақтап қалатын фактор. Солай болғандықтан біз барлық қазақстандықтарды біріктіретін ортақ ұғымның төңірегінде топтасуымыз керек… Бізде халық біреу – Қазақстан халқы.

Қазақстандық ел – қазақ халқын одан әрі біріктіретін ортақ ұғымды орнықтыру жолындағы бір ой. Бұл біздің бәрімізге «қазақстандықпыз» деп айтуға мүмкіндік беретін ұғымға айналатын шығар. Мұның бәрін уақыт көрсетеді. Қалай дегенде оның түбірінде «Қазақ» сөзі тұратынын ұмытпайық. Одан қазақ қазақ болмай қалмайды. Оның есесіне өзге ағайындар қазаққа жақындай түседі. Өйткені, олар осы арқылы «қазақстандық азаматтар», яғни қазақ елінің азаматтары атанады. Бір мемлекеттің халқын бір атау біріктіріп тұрғаны жақсы.

Мади:

Тәуелсіз Қазақстанның жастары, нақ сендер елдің ең басты байлығы болып табылатындарыңды және біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының болашағы сендерге байланысты екенін есте ұстаңдар!

Мен өзіммен ол «болашақ қазақстандық» қандай болады деп жөн сұраймын. Бүгін, сендерге қарап тұрып, мен оны көремін. Оның көздері жаңа білімге құмарлықтан жанып тұруы тиіс. Оның жүрегі Отанға деген қалтықсыз сүйіспеншіліктен алаулап тұруы тиіс. Сендердің әрқайсыларың ынталана оқып, жаңа білімдерді игерсеңдер, бұл ретте үздіксіз өмір бойы оқып, өзін – өзі дамытумен айналыссаңдар міндетті түрде бәсекеге қабілетті боласыңдар.

Бағлан:

Менің атам да, анам да – қазақ. Менің жаным, жүрегім – қазақ. Қазақпын деп айтудан ешқашан намыстанған кезім жоқ. Намыстанбаймында! Қайта маған тіл, діл, өмір, тіршілік сыйлаған туған халқыма бар есті тірлігімде қарыздар болып өтуге бармын. Ол үшін мені «ұлтшыл» деп айтуға ешкімнің қақысы жоқ. Ұлттың ұлы болмай тұрып, жалпы адамзаттың перзенті болу мүмкін бе? Мүмкін емес.

Менің арманым да, мұратым да адамдарға өз мүмкіндігін толық танытар осындай жаңа қарым – қатынастар шартына жүгінер қоғам орнату. Ол үшін ауа мен судай қажет ең басты нәрсе – тыныштық пен тұрақтылық. Әсіресе, Қазақстан секілді Батыс пен Шығыстың өлара қилысында тұрған, күрделі геосаяси жағдайларды басынан кешіп, мәдениет пен рухани, діни, наным – сенімдердің қым – қуыт тоғысқан тұсында өмір сүріп отырған елге бұл екі нәрсе аса қажет, қазақстандықтарға, әсіресе, қазақстарға қажет.

2 жүргізуші: Мен өз халқымының жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Ар – намыссыз ұлттық сана мен ұлттық намыс та тұл. Патриотизмді, әсіресе жастардың арасында, біздің балалардың бойында барша қоғамның ортақ күш – қуатымен қалыптастыру керек. Патриотизммен тығыз байланысты мемлекеттік маңыздағы мәселе мемлекеттік тіл мәселесі. Мемлекеттік тіл – бұл Отан бастау алатын Ту, Елтаңба, Гимн секілді дәл сондай нышан. Және ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс.

Ән: Мырзахан Айгерімнің орындауында«Ұшқоңыр» әні

Сөзі: Н.Назарбаев

Әні:Б.Тілеухан

1 жүргізуші:Бір басында кеменгерлік даналық,

Елін сүйген елі үшін жаралып.

Сол кісідей болса болсын әр алып,

Адамдықтың аласармас үлгісі.

Бір өзінен жатқан үшін таралып,

Бірінші тұңғыш Президенттің күніне арналған көрініс «Бала Сұлтан»

(көрініс музыка әуенімен орындалады)

Рөлдерде:Б.Сраил- бала Сұлтанның рөлінде

Р.Шірінбек,М.Даулет

Көрініс «Бала Сұлтан»

(бір топ бала асық ойнап жатқанда, ұшқан ұшақ дауысына Сұлтанның көңілі ауады. Сол сәтте ол, ұшақ ұшқан жаққа қарай бет алып жүгіре бастайды)

Сұлтан: Алақай! Мен ұшқыш боламын, ұшқыш!!!

(екі қолын жайып сахнадан шығып кетеді)

Санжар: Сұлтан сен қайда барасың? Сұлтан?

Ахат: Сұлтан сен қайда?

2 жүргізуші:

Еліміз бар жеріміз бар,

Жер астында кеніміз бар,

Халқымызда көп ұлтты,

Бүгінде олар бақытты.

Келесі кезекте, әдеби мантаждар.

1 жүргізуші:

Емірентті еркін сезім шақтары,

Елжіретті қазағымның бақтаңы.

Елін сүйген, елі сүйген елбасы,

Егемендік Қазақстанның мақтаны. Келесі кезекте Алматы қаласында өткен «Ғұмырдария» ән-би фестивалінің лауреаты 6 сынып оқушысы Ұ.Шірінбектің орындауында «Халқымай» әні.

2 жүргізуші:

Талқысымен тай таласқан тың күші,

Туын тікті бостандықтың құнды ісі.

Тумасынан парастты Президент,

Тәңір берген тәуелсіздік тұңғышы дей келе 10 сынып оқушыларының орындауында «Кагда весна придет незнаю» әні.

(чемодан ұстаған бозбала, композиция металлург образындағы жігіттер, гитара ұстаған жігітпен қыздар, әже мен немере, мектеп партасында мұғаліммен сабақ өтіп жатқан кезден көрініс)

Орындайтындар: 10- сыныптың ұл-қыздары

1 жүргізуші:

Сан ұлттың басын қосқан Қазақстан,

Бекемдеп саясатын ішпен тыстан.

Елбасы алдын – ала болжай біліп,

Сүрінбей аман өттік дағдарыстан. Келесі кезекте

Ән: Б.Шірінбектің орындауында «Тәуелсіз елім» қабыл алыңыздар.

2 жүргізуші:

Жыл сайын табыс қосқан табысына,

Әр қазақ берік болсын намысына.

Нұрсылтан Назарбаев бастай берсін,

Нұрлы жол нұрлы заман бағытына дей келе , хор «Елім менің»

Орындайтындар: 10 сынып оқушылары.

1 жүргізуші:

Күллі әлемді шарқұрып шарлап жүрген Елбасымыз Н.Назарбаев жұмыр әлемге дүниеде Қазақ деген ежелгі халықтың бар екендігін көзіне көрсетіп, толық танытты. Мемлекет басшысы Қазақстанның атын қайтсем шығарамын, қайтсем көсегесін көгертемін деп шарын шарлай жүре қолы қалт ете бере жанына тыншу бермей отқа да, суға да салған ойларын ортаға салып ағынан жарылып жатады. Елін нң әуелі бірлік пен ынтымаққа маңдай терін аямай төгер еңбекке шақырады дей келе,қорытындылау үшін сөз кезегін

мектебіміздің директоры : Сапаркүл Тұрлыбекқызына және №114 мектеп директоры Давлатов, Мұхтар Ауезов мектебінің директорына қорытынды сөз кезегін береміз.

2 жүргізуші:

Осындай тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын бүгінімізді ертеңіне жалғайтын қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз. Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын. Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын деп бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше