Сабақ тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы,
Николаевка селосы “Асқар Игібаев атындағы орта мектеп” КММ
Жоғары санаттағы бастауыш сынып мұғалімі Молдабекова Айнур Жуматаевна
| Қазақ тілі | Уақыты: 16 қараша 2017 жыл | Мұғалім: Молдабекова А.Ж. | ||||||||||||
| Сабақтың атауы | Тұрлаулы мүшелер | |||||||||||||
| Сілтеме | Қазақ тілі оқулығының әдістемесі | |||||||||||||
| Сабақтың жабдығы | Үлестірмелі парақшалар, постер, ресурстар, оқулық. | |||||||||||||
| Жалпы мақсаттар | 1.Тұрлаулы мүшелер бастауыш пен баяндауыштан тұратынын, олар сөйлемдегі негізгі ойды білдіретінін меңгерту;
2.Оқыту жолдарының бірі – ойлау, тілін анық ету үшін лексиканы қалыптастыру, бірлескен, топтық жұмыстар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту, табысқа жетуге бағыттау; 3 Оқушылар арасында сенімді қарым- қатыснас қалыптастыру арқылы ынтымақтастық ортада жұмыс жасауға тәрбиелеу. |
|||||||||||||
| Күтілетін нәтиже | Тұрлаулы мүшелердің сөйлемде негізгі ойды білдіретінін меңгереді,топпен жұмыс жасау арқылы әр оқушы өз идеяларын ортаға салады, дәлелдемелерін ұсынады,бірінің ойын бірі толықтырады. | |||||||||||||
| Бағалау критериелері: | ОҮБ, «Бас бармақ», «Қошемет» әдісі, бағалау парағы. | |||||||||||||
| Топқа бөлу | Күн көзіне сәйкес үш топқа бөлінеді. | |||||||||||||
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||||||||||||
| Ынтымақтастық атмосферасы
1 минут |
Бір, екі, үш
Сынып іші тып-тыныш. Жалқаулықты тастаймыз. Біз сабақты бастаймыз. |
Оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. | ||||||||||||
| Үй тапсырмасын тексеру
3 минут |
«Семантикалық карта» толтыру.
Дұрыс жауапты тауып + қойып шығады.
|
|||||||||||||
| Қызығушылықты ояту 2 минут | Постерге қима сөздерден сөйлем құрау.
Телефон шырылдады. Бала жылады. Балмұздақ еріді. |
Әр топ оқиды. Бастауышын, баяндауышын табады. | ||||||||||||
| Миға шабул
3 минут |
Әр топ сұраққа жауап береді. Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін… дейміз. (бастауыш) Баяндауышқа… деген сұрақтар қойылады? (не істеді? не қылды? қайтті?) Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, онда бастауыштан кейін… қойылады. (сызықша) |
|||||||||||||
| Мағынаны тану
Жаңа сабақ 5 минут Тақтамен жұмыс 5 минут Өздік жұмыс 5 минут |
Тақтамен жұмыс
Қар жауды. Бүгін қар жапалақтап жауды. Мұғалім: – Бұл сөйлемдерде не туралы айтылып тұр? – Өте дұрыс. Екі сөйлем де қар туралы айтылып, оның жауғанын хабарлайды. Қазіргі уақытта қандай жыл мезгілі, балалар? Жауап: Күз. – .Қазіргі уақытқа байланысты айтылып тұр. Балалар, міне күздің де соңғы айы. Қыс айларын атап жіберейікші.Желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қар жауды. Не? – Қар. Бұл бастауыш. Не істеді? – Жауды.Бұл баяндауыш. Сөйлем бастауыш пен баяндауыштан тұрады. Негізгі ойды білдіреді. Бірінші сөйлем тек тұрлаулы мүшелерден тұрса, екінші сөйлемде,Бүгін жапалақтап қар жауды, бастауыш пен баяндауыштан басқа да сөздер қолданылған. Олар: Қашан? – бүгін, Қалай? –жапалақтап. Бұлар тұрлаусыз мүшелер, (алдын – ала түсінік) оны сұрақ қою арқылы анықтаймыз. Оқулықпен жұмыс. 2 – жаттығу. Мәтінді оқы. Баяндауышы зат есімнен болып тұрған сөйлемдерді тауып, дәптерге жазамыз. |
|||||||||||||
| Сергіту сәті
3 минут |
Ойын: “Жоғалған сөз” Бастауыш Баяндауыш Мысықмияулайды . Жылқы кісінейді. Сиыр мөңірейді. Түйе боздайды. Қарға қарқылдайды. Бұлбұлсайрайды. |
|||||||||||||
| Топпен жұмыс
7 минут |
І топ
Сұрақтарға жауап жаз. Жауаптағы бастауыш пен баяндауыштың астын сыз. Аю қайда ұйықтайды? Дельфин қайда жүзеді? Маймыл қайда мекендейді? ІІ топ Қандай сөйлем мүшесі жазылмаған? Мағынасы бойынша сәйкес келетін сөз жаз. Бастауыштың астын сыз.
тапсырды. ІІІ топ Мақалдардың баяндауышын тауып жаз. Баяндауыштың астын сыз.
Әр топтан бір оқушы ортаға шығып қорғайды. |
|||||||||||||
| Сабақты
қортындылау. 3 минут Бағалау 2 минут |
Сабақты қорытындылау: Венн диаграммасымен қорытындылау. БАСТАУЫШ Ортақ қасиеті БАЯНДАУЫШ Мұғалімнің айтқанын, |
|||||||||||||
| Үй тапсырмасы
1 минут |
5-жаттығу 79-бетте | Күнделіктеріне жазады | ||||||||||||
| Аты-жөні | Семантикалық карта | Тақтамен жұмыс | Жеке жұмыс | Топтық жұмыс | Жалпы ұпай |
| Егер толық жауап берсе – 10 ұпай, қате болса – 5 ұпай | Егер тақтаға шығып, тапсырманы дұрыс орындаса – 10 ұпай, қателері болса – 5 ұпай | жаттығуды дұрыс жазса – 5 ұпай, | Топта жақсы жұмыс істесе, жұмысты қорғаса – 10 ұпай, орташа болса – 5 ұпай, төмен болса – 3 ұпай. | ||
| Ұпай саны «5» – 35-25 ұпай «4» – 24-18 ұпай «3» – 15-10 ұпай Баға: | |||||
