С.Жүнісов ақырғы бәйге

Талдықорған қаласы

Ш.Уәлиханов атындағы №10

орта мектеп-гимназияның

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жирикова Назгуль Байгулжановна

Қазақ әдебиеті Күні Сабақ
Сабақтың тақырыбы С.Жүнісов «Ақырғы бәйге» әңгімесі
Сілтеме Оқулық авторы: Ә.Дайыр,Айтқалиев, Ш.Беркімбаева, Ғ.Құрманбай, 2010. «Атамұра», 2010

Мұғалімге арналған нұсқаулық (IIІ)

Жалпы мақсаттар Шығарма бойынша алған білімдерін жинақтау, қорытынды ой шығару
Оқыту нәтижесі Шығарма бойынша алған білімдерін жинақтайды, қорытынды ой шығарады.
Қолданылған әдістері мен тәсілдері Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары, диалогтік оқыту, АКТ пайдалану. Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;

Сабақтың өтілетін уақыты 40 минут
Ұйымдастыру кезеңі 1.Сәлемдесу.Назарларын сабаққа аудару.

2.Ынтымақтастық атмосфера құру. (Тілек айту. Сөзден кейін шапалақ, үтірден кейін екі аяқпен дыбыс шығару, леп белгіден кейін тұру)

3. Топқа бөлу ( Гүлдің түсіне қарай 6 топқа бөлінеді.)

4. Бағалау парақтарын тарату.

Үй тапсырмасын тексеру Хат тексеру. Интервью көру. Оқушылар хаттарын оқиды, интервьюді көрсетеді.
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Қызығушылықты

ояту

І.Жанүгіровтің пікірі Оқушылар І.Жансүгіровтің Ақан сері туралы пікірімен танысады.
Мағынаны ашу

Бағалау

«Алты қалпақ» жұмысының ережесімен таныстыру, топтарға таңдаған түстеріне қарай қалпақты таратып беру

Тапсырма:Ақ-шығарма негізінде тарихи оқиға мен шындық жатқаны туралы мәлімет айтады

Сары: шығарманың ұнаған жақтарын айтады

Қара: шығармадағы қара күш туралы айтады

Қызыл: алған әсерін айтады

Жасыл: шығарма мазмұнын, оқиға шешімін басқаша құрады.

Көк: бес топтың жауабын қорытады

Оқушылар жауаптарын дайындайды.
Сергіту сәті «Қамажай» биі
Бағалау Интербелсенді тақтадан «Құлагер» кинофильмнен үзінді көрсету.

Тапсырма:Ақ-кинофильм туралы мәлімет айтады

Сары: жағымды жағын айтады

Қара: жағымсыз жақтарын айтады

Қызыл: сезімдерін айтады

Жасыл: кинофильмге жарнама жасайды

Көк: қорытады

Бағалау кезеңі Бағалау парақты түсіндіреді Топтағы оқушылардың бірін-бірі бағалауы.

Топты бағалау кестесін толтыру.

Рефлексия «Плюс, минус, қызықты» кестесін толтыру Оқушылар өз ойларын ,сабақтан алған әсерлерін жазады.
Үй тапсырмасы «Қазақ халқы-өнерлі халық» эссе

С.Жүнісов ақырғы бәйге.docx

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше