Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік

Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы № 77 мектеп-балабақша кешені ЖББ коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиешісі

Нуралина Кульсара Темирбаевна

Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік.

Сабақтың мақсаты:Балалардың төрт түлік мал туралы түсініктерін кеңейте отырып, халқымыздың төрт түлікті дәріптеген өлең жырлар, әңгімелер арқылы танымын, жан-жануарлар туралы түсініктерін арттыру, жылқылардың басқа малдардан айырмашылығын таныту, сөздік қорын байыту, тіл байлықтарын дамыту, ұлттық тағамдар түрлері туралы ұғымын пысықтап, тиянақтап, көбірек білуге ынталарын ояту, балалардың тазалыққа, бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Бүктеме қағаздар,төрт түліктің мүсіндері,суретті плакаттар,тақта,

Сабақтың байланысы: Тіл дамыту,қоршаған ортамен таныстыру;

Сабақтың әдіс тәсілдері: Сұрақ-жауап,топтастыру,әңгімелеу,тақтамен жұмыс,сергіту жаттығулары,ойын т.б.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ.

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі;
  • Психологиялық жаттығу;
  • Жаңа сабақ;
  • Ойын;
  • Сергіту;
  • Қорытынды;
  • Венн диаграмма;

1.Ұйымдастыру кезеңі: (Балалар қатармен топ бөлмесіне келеді,шеңберленіп тұрып төрдегі апайлармен амандасады.)

Білер қазақ баласы,

Сәлем-сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен,

Біздер сәлем берміз!

Сәлем – сөз анасы демекші балалар,төрде отырған апайлармен амандасайық.Кәне бәріміз бірге Сәлеметсіздер ме?

  • Балалар далада ауа-райы қандай?
  • Суық.
  • Балалар , мынау қай мезгіл?
  • Қыс. Өте жақсы ,ал, қыстың ерекшелігі қандай?
  • Қар жауды,дала ақ көрпеге оралды.
  • Қардың түсі қандай?
  • Аппақ.

Жарайсыңдар, балалар !
Орталыққа 6 – 7 минут уақыт беріледі ортаға белгі бойынша жиналады.
Сергіту сәті
Сабау алып қолыма,
Қойдың жүнін сабадым
Уызын ішіп сиырдың,
Уықтарды қададым. (қимылмен жасайды)

Жақсы ,жарайсыңдар балалар!.Ендеше айдай арайлап,күндей жайнап,жұлдыздай жарқырап,судай мөлдір таза көңілмен бүгінгі сабағымызды бастайық.

Жаңа сабақ:Қане ,балалар мына суретте не көріп тұрсыңдар? Дұрыс төрт түлік малды көріп тұрмыз .

Жақсы ,кім төрт түлік малдың төлдерін атай алады?

  • Сиырдың баласын-бұзау дейміз.
  • Түйенің баласын-бота дейміз.
  • Жылқының баласын -құлын дейміз.
  • Қойдың баласын-қозы дейміз.
  • Ешкінің баласын-лақ дейміз.
  • Балаларенді осы төрт түлік мал үйжануарларына жата ма?
  • Үйлеріңде қандай жануарлар бар?
  • Сиыр,қой,ешкі,жылқы,түйелер жатады екен.
  • Оларды неге үй жануарлары деп атаймыз?
  • Себебі олар адамның көмегімен үйде өсіріледі.
  • Олар немен қоректенеді;
  • Шөп,жем,сумен қоректенеді;
  • Түйе ,жылқы,сиыр,қой туралы не білесіңдер?
  • Олардың бізге берер пайдасы бар ма?
  • Әрине,біз олардың сүтін,етін,жүнін пайдаланып яғни көлік ретінде де пайдаланамыз.

Енді балалар мына тақтадағы суреттерге қараңдаршы.Ненің суретін көріп отырмыз? Түйе,сиыр,қой,жылқы,ешкі.

Ендеше балалар біз бүгін сендермен осы төрт түлік жайында тоқталамыз.

Кәне қай жануар қалай дыбыстайтынын айтып жіберейікші!

  • Сиыр мөңірейді;
  • Жылқы кісінейді;
  • Түйе боздайды;
  • Қой,ешкі маңырайды;

Енді балалар осы жануарларды қалай шақырады екенбіз, кім айтады?

Сиырды-аухау-аухау дейміз.

  • Түйені-көс-көс дейміз.
  • Жылқыны-қырау-қырау дейміз.
  • Қойды-пұшайт-пұшайт
  • Ешкіні-шөре-шөре дейміз.

Дидактикалық ойын: «Төлдерді дұрыс орналастыр».

Енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырып көрейінші,кім тез табады екен?

  1. Кішкене ғана тоны бар,

Айландырып киген тоны бар (Қозы).

  • Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (Түйе)

Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ,

Екі қолды қосқанда-

Болып шықты он саусақ.

Қорыту:

Біз не туралы сабақ өттік?

  • Үй жануарларына нелер жатады екен?
  • Жануарлардың төлдерін не деп атаймыз?
  • Жануарлар қалай дыбыстайды?
  • Жануарларды қандай ертегілерден кездестіруге болады?

Рефлексия : Балалар ,сабақ сендерге ұнады ма ?иә . Ендеше бас бармақты көрсетейік!

Ұнады түсінбедім Ұнамады

Сау болыңыздар !

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше