“Қош келдің, Наурыз” Міржақып Дулатов. 3 сынып. Әде биеттік оқу
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №15 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Даурбаева Сындар Халмурадовна
Тақырыбы: Қош келдің, Наурыз
Сабақытың мақсаты:
1. Автордың негізгі ойын,мәтін мазмұнын ашу, ұлттық мерекеміз-Наурыз туралы түсініктерін кеңейту
2. Тілін, сөздік қорларын байыту, өздік және шығармашылық жұмыстар еркіндігіне мүмкіндік жасау.
3. Халқымыздың бойындағы ұлттық түр мен мазмұн байлығына үңілу арқылы жақсылық пен әдемілікті түсінуге ұмтылдыру
Көрнекілігі: интер белсенді тақта
Түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгіме,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
-Күніміз ашық болсын!
-Жеріміз кең болсын!
-Ауамыз таза болсын!
-Суымыз тұнық болсын!
-Гүліміз жақсы өссін!
II. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге Қабыкен Мұқышевтің «Көктем» өлеңін жатқа айту.
«Өкпек желдің есуі, судың сел боп ағуы, ағыл-тегіл жауған жаібыр, жер дегдіді, көгерді, бәйшешешектің өсуі» бұл қай мехгілде болатын құбылыстар?
-Ия, көктем мезгілі.
-Көктем мезгілдерінің айларын еске түсірейік.
-Наурыз, сәуір, мамыр.
-Қазір бізде қай мезгіл? Қыс мезгілінің қай айы?
-Ия ақпан қыс мезгілінің соңғы айы. Ақпан айынан соң көктем мезгілі. Көктем мезгілінің 1 айы наурыз айы басталады.
III. Жаңа сабақ.
Бүгін сабақ барысында Міржақып Дулатов наурыз айындағы мереке, Наурыз мерекесі туралы және наурыз келісімен , табиғаты туралы , сол замандағы халық тұрмыс тіршілігі туралы баяндалған «Қош келдің , Наурыз!» атты шығармасымен танысамыз.
Міржақып Дулатұлы қысқаша мәлімет беріледі.
Мәтіннің мазмұнына сүйене отырп интер белсенді тақтаны қолдана отырып түсіндіру.
Жер жүзіндегі жұрттардың бәріндеде түрлі-түрлі мейрам болады. Мәселен, діни мейрам, ұлт мейрамы, мемлекет мейрамы.
-Өздерің қандай діни мейрамдарды білесіңдер?
-Қандай мемлекет мейрамдарды білесіңдер?
-Қандай ұлттық мейрамдарды білесіңдер?
-Амал мерекесі, өзіміздің қлттық мейрамымыз Наурыз мерекесі.
Мәтінді түсіндіру.
IV. Сергіту сәті.
Мәтінді өздері оқып танысады. Әр топқа бөлік бойынша бөліп беремін. Сол бойынша сұрақ қойылады.
V. Сөздікпен жұмыс
Байлаулы-байланысты
Деуге сыяды-деуге болады
Тіршіліктің арқауы- тіршіліктің негізі
Шаруа кенеледі-мал тойынады
VI. Оқулықпен жұмыс.
1топ (1-2 бөліктер)
-Қандай мейрам түрлері бар?
-Күншығыс жұрттары қай елдер?
-Күн мен түн қашан теңеледі?
2- топ (3-4 бөліктер)
-Қазақ халқы неліктен малдың қамын ойлаған?
-Сол замандағы мәдениетті елдердің тұрмыс –тірщілігі туралы не делінген?
-Қыс мезгіліндегі қазақ халқының тірлігі туралы не делінген?
3-топ (5-6-7 бөліктер)
-Қазақ халқының басынан қандай қиыншылық заман өткен?
-Неліктен Наурыз айы туғанына халық қуанған?
-Келер жылдың қамын қалай жасаған?
VII. Шығармашылық тапсырма
Мәтінге сүйеніп , «Наурыз-ұлттық мейрам» деген тақырыпта топ алдында сөйлеуге дайындал.Ол үшін:
1. Жоспар құр.
2. Іштей сөйлейтініңді сол жоспарға сәйкес ретте.
3. Сөйлейтін сөзіңді есіңе сақта.
4. Түсінікті тілмен, әдемі қимылмен ойыңды толық жеткізуге тырыс.
VIII. Ойланып жауап бер.
« Тіршіліктің арқауы алдымен –тамақ. Дүние жаратылғаннан бері , жанды-жансыздың бәрінің талас-тартысы, шынын айтқанда, тамақ үшін» деген жолдардағы ойды өрбітіп көр.
IX. Қорытындылау
-Мәтінмен таныса отырып көкейлеріңе не түйдіңдер?
-Тәрбиелік мәні қандай?
-Қайта жаңғырған ұлттық мерекемізді қашан тойлаймыз?
Х. Оқушыларды бағалау.
