Төртбұрыштардың аудандары тақырыбына есептер шы ғару

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы

Ш.Бекмухамбетова атындағы мектеп- гимназия

ҚР Білім беру ісінің үздігі, математика пәнінің мұғалімі Ихсанова Асия Тапашевна

Геометрия 8 «а»
Сабақтың тақырыбы Төртбұрыштардың аудандары тақырыбына есептер шығару
Сілтеме Геометрия оқулығы, геометрия оқулығының әдістемесі
Ресурстар Кеспе қағаздар,Power Point, плакат А1, түрлі-түсті маркерлер, оқулық, стикерлер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер
Сабақтың мақсаты Жай фигуралардың ауданы түсінігін,аудан бірліктерін, тіктөртбұрыштың, параллелограмның,үшбұрыштың,трапецияның аудандарын есептеу формулаларын меңгерту,есептер шығаруда формулаларды қолдана білу икемділіктерін қалыптастыру. Оқушылардың логикалық ойлауын арттыру, бірлесіп жұмыс жасай білуге,жолдастыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Жай фигуралардың ауданы түсінігін,аудан бірліктерін, тіктөртбұрыштың, параллелограмның,үшбұрыштың,трапецияның аудандарын есептеу формулаларын біледі,есептер шығаруда формулаларды қолдана біледі. Оқушылардың сыни ойлауы артады, топтық жұмыс арқылы бірге ойлауға үйренеді,есептер шығару арқылы түйінді ой тұжырымдайды, диалогты қолдану арқылы сөйлеу мәдениеті қалыптасады.
Әдіс-тәсілдер Диaлогтық оқыту,(топтық жұмыс, жұптық жұмыс) топқа бөлу, сыни тұрғыдaн ойлaу,оқыту үшін бaғaлaу.
Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Ұйымдастыру

Топқа бөлу

Оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру.

Оқушыларға кеспе қағаздар үлестіріледі.

Тақтаға күннің жады,тақырыпжазылады.

Кеспе қағаздардағы төртбұрыштардың түріне қарай 2 топқа бірігеді.

Оқушылар дәптерлеріне жазады.

Қызығушылығын ояту «Төртбұрыштардың аудандары» тарауынан алған білімдерімізді жинақтаймыз,есептер шығарамыз.

Алдымен «Ассоциация»әдісі

Қандай формулаларды білеміз ? Еске түсіріп алайық.

Әр топ «Ассоциация»әдісі бойынша кезекпен формулаларды жазады.
Мағынаны тану I тапсырма. Оқулықпен жұмыс.

№ 263 № 265

II тапсырма.

Тіктөртбұрыш тәрізді жер телімінің периметрі 90м. Бұл жер телімін тең екі шаршыға бөлуге болады. Жер телімінің ауданы неге тең?

Әр топ берілген тапсырма бойынша есептерді талқылайды , дәлелдейді (зерттеушілік әңгіме)

Постерде қорғайды.

Ой толғаныс Математикалық сауаттылыққа тапсырма. Бақшы жерде гүлдер егетін орынның шегін белгілегісі келеді. Гүлдер егетін орынның пішінін оған мына нұсқалардан таңдау керек. Ауданы үлкен болу үшін қай нұсқаны алғаны дұрыс болар еді? Әр топ тапсырманы бірлесіп талқылайды, бірлесіп шешімін табады.Постерде шешімдерін көрсетеді.
Сабақты бекіту Оқушылар! …………………………………………………………………………….маңызы туралы өзіндік пікірлеріңізді жазыңыздар. Оқушылар топта бірлесіп «Төртбұрыштардың аудандарын» есептей білудің маңызын,өзіндік пікірлерін қағазға жазады.
Үй тапсырмасы Қайталау .Тест тапсырмаларын орнындау. Оқушылар күнделіктеріне жазады
Бағалау Бағалау парақшалары беріледі. Бағалау парақшаларын толтырады.
Кері байланыс «Табыс баспалдағы» Оқушылар стикерлерді «Табыс баспалдағына» жапсыру арқылы

Кері байланыс береді.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше