Менің балабақшам. My kindergarten. Мой детский сад
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы № 42 «Тілек» балабақшасының
тәрбиешісі Искакова Назгуль Отановна
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Менің балабақшам. My kindergarten. Мой детский сад.
Мақсаты: Жаңа тақырып арқылы балаларға балабақша жайлы түсініктерін қалыптастыру.
Білімдік міндеттері: Жаңа сөздер арқылы тіл байлықтарын арттыру.
Дамытушылық міндеттері: Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиешілік міндеттері: Балаларға өз балабақшаларын жақсы көруді және апайларын сыйлауды үйрету. Балабақшада өздерін жақсы ұстауға тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Құрмет пен сүйіспеншілік сезімдеріне, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: суреттер, плакаттар
Әдіс тәсілдері: сөздік, сұрақ –жауап, әңгіме, дидактикалық ойын
Көптілдік компонент: Балабақша- детский сад- kindergarten. Тәрбиеші- воспитатель- tutor. Тәрбиешінің көмекшісі- няня- nurse
| Іс әрекет кезеңі | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
| Мотивациялық қозғаушылық |
Қол алысып, қәне, біз, Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру! Қандай жақсы дос болу! – Балалар, бүгін бізге қонаққа кішкентай сұлу қыз келіп отыр. Ол біздің балабақшамен танысқысы келеді. – Таныстырамыз ба? – Балалар, қараңдаршы сұлу қыз әдемі ме ? – Әрине сұлу қыз өте әдемі және сендерге күлкі сыйлағанды жақсы көреді. Ендеше бүгін сендер сұлу қызға біздің балабақшамызды көрсетіп таныстырамыз. Жарайма? -Тамаша! Өте жақсы. Very well. |
Балалар амандасты, сұрақтарға толық жауап берді.
Тәрбиешімен бірге шаттық шеңберді айтты |
| Ұйымдастырушылық-ізденушілік | Балалар бүгін біз сүйікті балабақшамыз туралы ой пікірімізді ортаға салып бір- бірімізбен бөлісейік және ол ой пікірімізді сұлу қызда тындағысы келіп отыр екен.
-Балалар,айтыңдаршы біздің балабақшамыз қандай? – Балабақшадағы ең алғашқы күндерің естеріңде ме? – Осы балабақшада сендер не үйренесіңдер? – Айта аласыңдарма? -Сендер күні бойы балабақшада болғандықтан балабақша – үйіміз деп айта аламыз. -Балабақша да отанымыздың жас ұландары сендер өсіп жатырсыңдар. Бұл жерде сендер жақсылыққа, достыққа, әдептіліккке, сыйластыққа, мейірімділікке үйренесіңдер. – Балалар біздің балабақшада тәрбиешіден басқа тағыда қандай мамандар жұмыс жасайды? -Олар немен айналысады? -Тамаша! Өте жақсы. Very well. Қазір мен сендерге М. Әлімбаев ағамыздың «Балабақшада» деген өлеңін оқып берейін. Балабақша есігін Үшке тола ашқанбыз. Балапандай өсіріп. Мәпелейді бақшамыз Бұл- екінші үйіміз Бір тұғанбыз бәріміз. Біз осы үйдің гүліміз Біз осы үйдің сәніміз. -Өлеңде не туралы айтылған? -Сендерге балабақша несімен ұнайды? -Балабақша бізді неге үйретеді? -Балабақшада қандай ойыншықпен ойнайсыздар? Қанікей балалар шаршаған боларсыздар, барлығымыз тұрып бір серігіп алайық. Сергіту сәті. I love my kindergarden It is nice and very tall I love my kindergarden We play with doll and ball -Қане қайталайық! Рахмет! -Thank you! Sit down please. -Балалар қане ойынойнайық! -Балалар әдемі қызды да бірге ойын ойнауға шақырайық. Ойын: «Тауып ал» Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілеттерін арттыру. Мазмұны: Сұлу қыз балаларға балабақша бейнелерінің суреттерін көрсетеді. Балалар берілген суреттердің ішінен өз балабақшаларын тауып және сипаттап беру керек. -Сұлу қыз: Балалар, менің бүгін ең қызықты күнім өтті деп ойлаймын, өйткені мен сендермен таныстым және сендердің әдемі балабақшаларыңды көрдім. Бірақ менің уақытым шектеулі мен қайтайын. Сау болыңдар! |
Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Тәрбиешімен сергіту сәтін орындайды |
| Рефлексиялық түзету | -Балалар, біз бүгін қандай тақырыппен таныстық?
-Бізге қонаққа кім келді. ( Белсенді балаларды мадақтау,жұлдызшалар тарату) -Бүгін барлығың өте жақсы қатыстыңдар, ойынды да жақсы ойнадыңдар. – Осымен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңдар! -жасайсыңдар? -Our lesson is over. Good-bye! See you! |
Балалар дұрыс жауап береді.
Берілген жұлдызшаларға мәз болып қуанады. Іс-әрекеттен алған әсерлері жайлы айтады. Балалар тәрбиешімен қоштасады. Good bye, teacher! |
Күтілетін нәтиже
Нені біледі: Балалар өз балабақшасы жайлы сипаттауды біледі. Балабақша олардың өмірінде қандай орын алатынын біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Балабақшада қандай мамандар қызмет атқаратынын игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Балабақшаның бала өмірінде орасан зор рөл атқаратынын меңгерді.
