«Менің мектебім» О дыбысы және әрпі
ОҚО, Арыс қаласы № 372 бастауыш мектебі.
Бастауыш сынып мұғалімі Кентаева Назымхан Төлегенқызы
Қысқа мерзімді жоспар
| Пән: Сауат ашу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім «Менің мектебім» |
Мектеп: №372 бастауыш мектебі | |||||||
| Күні: 20.10.2017ж | Мұғалімнің аты-жөні: Кентаева Назымхан Төлегенқызы | |||||||
| Сынып: 1Ә | Қатысқандар:17
Қатыспағандарсаны: 1 |
|||||||
| Сабақтақырыбы | «Менің мектебім» О дыбысы және әрпі | |||||||
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.1.1 Өзгелерді тыңдайды, түсінеді және кейбір тұстардың не туралы екенін біледі
1.1.3.1 Оқиғаны ретімен жай сөйлемдерді қолданып баяндау тәсілімен айтады (мұғалім көмегімен) 1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру 1.1.7.1 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды) 1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу |
|||||||
| Сабақмақсаттары | Өзгелердің сөзін тыңдау, түсініп кейбір тұстарының не туралы екенін айтуға қалыптастыру;
Оқиғаны ретімен жай сөйлемдерді қолданып баяндауға үйрену (мұғалім көмегімен) |
|||||||
| Жетістік критерилері | Оқушылардың келесі қабілеттерін бағалау:
|
|||||||
| Сөздік қор | Өз мектебін сипаттау арқылы сөздік қорларын молайту. | |||||||
| Құндылықтардыдарыту | Оқушылардың топта жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, сыныптасының сөзін тыңдауға үйрету,шыншылыдыққа баулу. | |||||||
| Пәнаралықбайланыс | Сөздердегі буын санын анықтау арқылы математика пәнімен байланыстыру. | |||||||
| Алдыңғы меңгерілген білім | Өз үйі туралы айтып үйренді.Сөздерді буынға бөлу, дауысты дауыссыз дыбыстарды анықтап үйренді,сөздік диктант жазуды меңгерді. | |||||||
| Сабақ барысы | ||||||||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
| Сабақтың басы | Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.
Шаттық шеңбері. «Мектебім» әнін тыңдау.
Олай болса, «Сиқырлы әріптер мен сөздер әлеміне» саяхатымызды жалғастырып О дыбысы және әрпімен танысамыз. |
https://www.youtube.com/watch?v=p8LWvGjkuEc | ||||||
| Сабақортасы | Слайд №1. Аралық тақырып «Менің мектебім» бойынша балалардың ойын, тілін дамыту.
Балаларға мектептің суреті көрсетіледі. Мектептегі қандай орындарды білесіңдер? Суреттер көрсету: сынып бөлмесі, кітапхана, мәжіліс залы, асхана, дәрігер бөлмесі,/ (Т) Жол картасымен жұмыс Кітапханаға баратын жол Дәрігерге баратын жол Спортзалға баратын жол карталарын ұсыну. Оқушылар мектептегі түрлі орындарға қалай баруға болатынын көрсетеді, түсіндіреді сипаттайды. Әңгімелеу барысында бірінші, алдымен, сонан соң, келесі,оңға,солға, алдында, артында ортасында деген ретті білдіретін сөздерді пайдалануына назар аудару. Жолсызба туралы сұрақтар қою (Қ)Оқушылардың дауыстап сенімді сөйлеуіне байланысты, бақылау арқылы бағалау. Сұрақтар:
Ал,балалар біз өткен сабақта қай дыбыспен таныстық? (Т, Қ) Ойын«Адасқан әріптер» Мақсаты: оқушылардың қызығушылықтарын арттырып,О о дыбысы мен әрпі туралы білімдерін анықтау.. Шарты: әр топқа адасқан әріптер беріледі. 1 топ ОТАН-РОДИНА-HOMELAND 2 топ.ОҚУШЫ-УЧЕНИК-STUDENT 3 топ.ОРМАН-ЛЕС-FOREST сөзін құрастыру керек. /орыс тілінде, ағылшын тіліндегі аудармаларын айтады/ /Сөздерді есте сақтау үшін қайталайды/ Құрастырған сөздері бойынша әңгімелейді. Сергіту сәті. «Сөз ойла, тез ойла.» – Балалар, назар аударыңдаршы, осы сөздер қандай әріптен басталып тұр? – Ал кейбір сөздерде О о дыбысы сөздің ортасында және соңында кездеседі. /Балалар О о дыбысына байланысты сөздер ойлап табады./ –Балалар, ОН сөзінде қанша әріп бар екен, қане, санайықшы. /2 әріп/ – Ал, қанша буын бар деп ойлайсыңдар? /1 буын/ – Осы сөзде екі дауысты дыбыс бар, сондықтан екі буын болады. – О о дыбысы – дауысты дыбыс. – Ойыншық, оқулық сөздерін салыстырып көріңдер (дыбыстық құрамы, мағынасы)
(Т/О.т)Әр топ оқулықтың пайдасы, қайда сақталатыны, қалай ұстау кертігі туралы әңгімелеуге дайындалады. Өз таныстыруында о дыбысы бар сөздерді қамтуы тиіс. О дыбысы бар қандай сөздерді қолданғанын, о дыбысы сөздің қай бөлігінде кездескенін айтады. Сөздерге дыбыстық талдау жасайды. (Ұ,Ж) Буындарды оқу Хормен оқу Жеке оқу Дәптермен жұмыс. Балаларға О о әрпінің жазылу үлгісін көрсету. (Ө)Тыңдалым/жазылым. Берілген 6 сөздің үшеуін қатесіз жаза алады. О дыбысы бар сөздер айту. ор, ол, он, Орал, олар, ора. |
https://www.youtube.com/watch?v=Vwa5zBMF_WU
ЖИГСО әдісі О әріпінің жазылуын үйренеміз. https://erketai.org/ |
||||||
| Сабақтың соңы | (Қ)Оқушылардың тыңдағанын және түсінгенін тексеру үшін сұрақтар қою.
Ойын «Ыстық орындық» – Балалар, Оо дыбысы қандай дыбыстар қатарына жатады? – О әрпі неге ұқсайды? Қай сөздерде О дыбысы кездеседі? |
|||||||
| Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
| Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады
Қабілеті жоғары оқушылар мектеп орындарына баратын жолды ретімен баяндайды. |
|
Сергіту сәттерін ұйымдастыру | ||||||
| Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз | |||||||
| Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
||||||||
Оқу ісінің меңгерушісі:…………………………….
