Есепті теңдеу құру арқылы шығару
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы
«№ 9 бастауыш мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Алашбаева Құралай Жасараловна.
| Сабақтың тақырыбы: | Есепті теңдеу құру арқылы шығару | |||
| Күні: 28.11.2017 ж | Мұғалім:Алашбаева Куралай | |||
| Сынып: 4 «А» | Қатысқан: | Қатыспағандар: | ||
| Сабақта меңгерілетін
дағдылық мақсаттар |
Оқушылардың есептерді өз бетінше шығару іскерліктерін қалыптастыру. Есепті теңдеу құру арқылы шығаруды үйренеді. Жай және күрделі теңдеулерді ажырата біледі | |||
| Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар білуге тиісті:
Оқулықта берілген тапсырмалардың, топтық тапсырмалардың орындалу тәртібі туралы біледі. |
|||
| Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:
Өз бетінше күрделі теңдеулерді орындай алады.. |
||||
| Кейбір оқушылар білуге тиіс:
Ауызша сандарды разрядтар бойынша оқу. |
||||
| Бұрыннан бар білімдері | Тақырып аясындағы тапсырмаларды орындайды. | |||
| Жоспар | ||||
| Жоспарланған жаттығулар | Ресурстар | |||
| Шаттық шеңбері | Сәлематсыздарма құрметті қонақтар біздің бүгінгі жолсеріктеріміз сіздерді математика әлеміне саяхатқа алып шығады. «ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің алдында өткізілетін сергіту жаттығулары» – энерждайзер. «Отарба» жаттығулары психологиялық және физикалық қобалжулықтан арылу, дұрыс пікір қалыптастыру. Ойын шеңберде өткізіледі. Алдымен бірінші, екінші деп саналу керек. Бірінші қадам – алақанмен шапалақтау, екі рет аяғымен тоқылдату. Екінші қадам – екі шапалақ, бір топылдату. Қозғалыс кезекпен қайталанады: бірінші – екінші – бірінші – екінші және т. с. с шеңбер бойынша: пойыз доңғалақтарының шуылын салып көрсетеді. Ойын барысының өн бойында қарқын үнемі тездетіледі. 2 мин |
Оқушылар сергіп қалады. | ||
| 1 – аялдама: Үй тапсырмасын тексеру : «Бинго» әдісі
5000-11764:4= 2 059 7040*4+96024=124 184 175707:7-9384=15 717 200000-48004*3=55 988 285960-63729:9=278 879 2873*6 -1000=16 238 23784:8+73987=76 960 793255:5-99908= 58 743 Өткенді пысықтау: 1.Қарама- қарсы қабырғалары өзара тең геометриялық фигураларды қалай атаймыз? Тіктөртбұрыш 2.Ауданды қалай табамыз? Ұзыныдығын еніне көбейтеміз. S=a*b 3.Көлемді қалай табамыз? Ұзындығын, енін, биіктігін көбейтеміз. V=a*b*Һ 4.Фигураның периметрін қалай табамыз? Барлық қабырғаларын қосамыз. 5.Жылдамдықты қалай табамыз? Қашықтықты уақытқа бөлеміз. V=s*t 6.Теңдеу деген не? Белгісіз саны бар теңдік. |
||||
| Қызығушылықты ояту | 2 – аялдама: Жаңа сабақ:
Жұмбақ қою арқылы баланың қызығушылығын ояту. Адасқан екі таяқ Тұрады жоқты сұрап Теңдеуді шешуде пайдаланамыз /Х/ 1.Ал енді теңдеу шешу деген не ? Белгісіз санның мәнін табу. 2.Теңдеудің шешуі деген не? Бұл белгісіз санның мәні. Пияздың бағасы 96 теңге. Бұл сәбіздің бағасынан 3теңге арзан. Сәбіздің бағасы неше теңге? 2 тәсілмен шығару. 1.Шартын қою арқылы шығару: Шарты : пияз 96 тг Пияз сәбізден 3 тг арзан Сәбіз -? тг Шешуі : 96+3=99 Жауабы : сәбіз 99 тг тұрады. 2.Теңдеумен шығару: Х – 3 = 96 Х= 96 + 3 Х= 99 99 – 3 = 96 Бұл теңдеуде белгісіз азайғышты табамыз. Бір ыдыста бірнеше литр, ал екінші ыдыста 10 литр сүт бар еді. Біріншісіне тағы 2 литр сүт құйғанда , ал екіншісінен 3 литр сүтті құйып алғанда , екі ыдыстағы сүттің мөлшері бірдей болады. Бірінші ыдыста неше литр сүт болғаны? 1.Шартын қою арқылы шығару: Шарты: 1- ыдыста ?+ 2 л сүт бар 2- ыдыста 10-3 л сүт бар Шешуі: (10-3 )-2=7-2=5 Жауабы: Бірінші ыдыста 5 л сүт болған. 2.Теңдеу құру арқылы шығару: Х+2=10-3 Х+2=7 Х=7-2 Х=5 5+2=10-3 7=7 Бұл теңдеуде белгісіз қосылғышты табамыз. 3 – аялдама: Оқулық және дәптермен жұмыс: №4 4.Оқушының 20 жолды дәптері және бірнеше тор көз дәптері бар. Егер ол 5 жолды дәптерін досына берсе , ал өзі тағы 7 тор көз дәптер сатып алса , онда оның жолды және тор көз дәптерлері бірдей болады. Оқушының неше тор көз дәптері болған еді? Теңдеу құрып шығару: Шарты :Ж.д.—20-5 Тор.д. |
|||
