«Болашақ заңгерлерді патриоттық рухта тәрбиеле удің ерекшеліктері»

Астана қаласы ЖШС Басқару колледжінің

құқық пәндерінің оқытушысы

Жетібаева Жанияш Жолдасовна

«Болашақ заңгерлерді патриоттық рухта тәрбиелеудің ерекшеліктері»

«Патриот, білімді, дені сау, жауапты және жігерлі, инновациялық

экономика жағдайында табысты қызмет ететін, қазақ, орыс және ағылшын

тілдерін еркін меңгерген, қазақ халқының жалпыадамзаттық құндылықтар

мен мәдениетті бойына сіңірген, толерантты, дүниежүзіне танымал және

мәртебелі – 2020 жылғы қазақстандық жастар осындай болады.»

Н.Назарбаев

Қазақстандық жастарға білім берудің өзекті мәселелерінің бірі – өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпаққа патриоттық тәрбие беру. Жас жеткіншектің халқының құнды қасиеттерін жоғалтпай, елін сүйген патриот тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуы білім алып жатқан кезінен басталуы керек. Еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік – отбасы тәрбиесі болса, екінші бесік – білім беру мекемесі деген түсінікті жүзеге асыру заман талабы.

«Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы

мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі Тұжырымдамасында Елбасы мәлімдегендей « Отан өз жеріне, оның тарихына, мәдениетіне, онда тұратын халыққа, мерекелері мен күнделікті тірлігіне, мемлекеттік нышандарына деген айрықша тұлғалық қарым-қатынас қалыптасатын отбасыдан басталады. Жастардың санасына патриотизм – өзің, отбасың және біздің Отанымыз үшін ұлы жауапкершілік екенін сіңіру ерекше маңызды».

Сондықтан баланың бойына ерте жасынан гуманизм, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершіліктік құнды қасиеттерді жадына сақтауға, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен ұстазы елеулі роль атқарады.

Қазіргі кезеңде патриотизм тақырыбы, оның ішінде қазақстандық патриотизм мәселесі қоғамдық, мемлекеттік, мәдени-рухани тақырыптардың өзегіне айналуда. Сондықтан, патриотизм идеясы жастарға білім мен тәрбие берудің барлық бағдарламаларынан көрініс табуы керек .

Өз халқыңның тарихының өнегелі жақтарын білу, өз Отанынының өткені және бүгінгі қаһармандарын мақтаныш ету, олардың ерлігіне тағзым ету, жаужүрек бабалар рухына сай ұрпақ болып қалыптасу – патриотизмнің басты құрамдас бөлігі болып табылады. Осындай тәрбиелік жұмыстар біздің колледжде белгілі деңгейде жүргізілуде.

Біздің колледжде болашақ заңгерлермен тәрбие жұмыстарының негізгі мақсаты рухани жан дүниесі бай, әлеуметтік тұрғыда белсенді, бастамашыл, құқықтық санасы жетілген, инновациялық, әлеуметтік-мәдени өзгерістерге қабілетті, қазіргі заманға лайықты, елін сүйген патриот тұлға қалыптастыру.

Аталған міндеттер мен мақсаттар болашақ заңгер бойында намысты рухты қалыптастыруға, колледж дәстүрлерін құрметтеуге, білім алуға деген жауапкершілікті күшейтуге, азаматтық және патриоттық құндылықтарды, көзқарастар мен сенімдерді қалыптастыруға, ұлтымыздың тарихы мен мәдени мұрасына құрмет көрсетуге тәрбиелейді.

Себебі колледж қабырғасында білім алушылардың тең жартысынан астамы ұланғайыр Қазақстанның ауылды жерінен келген студенттері өз елінің астанасындағы патриоттық рухта тәрбие беретін мәдени ошақтармен танысу және тарихи жәдігерлердің оқиғаларымен жүздесу,ойында ұзақ жылдар сақталып қалатын тарихи оқиға –бұл патриоттық тәрбиенің өз мақсатына жетуі деп айтуға толығымен болады.Өмірінің студенттік кезеңінде өз көзімен көрген тарихи жәдігерлер болашақтағы мамандығына деген құлшынысын арттыратын жайт болады.

Мұндай шаралардың куәсі ретінде « Құқықтану» мамандығы студенттерімен Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейінде болған кездесулер мен танысуды айтуға болады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіндегі Астана залы, Тәуелсіз Қазақстан залы, Алтын залы, Ежелгі және орта ғасыр тарихы залы, Тарих залы, Этнография залы, Қазіргі заманғы өнер залы және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейіндегі ежелгі кезеңнен бүгінгі күнге дейінгі қазақ халқының мәдениеті мен әскери тарихынан сыр шертетін ескерткіштер, сирек кездесетін жәдігерлер мен Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы аясында ерекше маңызға ие болып отырған тарихи экспонаттарды тамашалау кезінде болашақ заңгерлердің интеллектуалды дамуына ғана емес өз Отанына деген мақтанышы, тербінісі ойларында керемет әсер қалдырды.

Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның

қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген

моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал етудің бір жолы –патриоттық тәрбие жаңа қазақстандық патриотизм, азаматтық, ізгілікке бағдарланған дүниетаным қалыптасуды жоғары деңгейге жеткізу.

Өз елінің тарихына, мәдениетіне және тарихи тұлғаларынының үлгі болып қалған істеріне, халқының мәдени мұрасына қызығушылықтарының артуы негізінде ұлттық өзіндік сананың өсуі мен болашақ заңгердің жоғары интеллектуалды, жан-жақты дамыған, моральдық қасиеттерінің қалыптасуына ықпалын тигізетін фактор ретінде қарастыруға болады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына жолдауында «Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр.

Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің

қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні – осы!» деп айқындаған еді .

Қорытындылай келе ұлы кемеңгер Әль-Фарабидің келесідегідей қанатты сөздеріне көңіл аудара отырып « ақыл-парасат – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнердің қыр-сырын ұғуына, жақсы қылық пен жаман қылықтың ара жігін ашуына көмектесетін күш.Тәрбиелеу дегеніміз – адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту» қазіргі Қазақстан қоғамы дамуының негізгі стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылатын жастарды патриоттық тәрбиелеу үшін жағдайларды жасауды тоқтатпауымыз керек деп ойлаймын.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше