Қарлығаштың ұясы (қазақтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісінің желісі бойынша мүсіндеу)

ШҚО Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылы

«І.Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ

Мектепалды даярлық сыныбы тәрбиешісі Советбекқызы Аманғайша

Қысқа мерзімді сабақ жоспары (ҚМЖ)

Білім беру саласы Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті Мүсіндеу
Тақырыбы: Қарлығаштың ұясы (қазақтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісінің желісі бойынша мүсіндеу)
ҰОҚ-нің оқу мақсаттары 0.1.1.3. Кейіпкерлерге тән бөліктерді (мұрын, ауыз, көз, құлақ, аяқ, қанат) пропорцияны сақтай отырып, қарапайым әдістерді (жұмырлау, жаю, жалпайту, кескіш көмегімен ойып алу, т.б.) қолданып мүсіндеу, жұмыстың конструктивті және пластикалық техникаларын үйлестіріп, бөліктерді біріктіру.

0.2.1.1. Мүсіндеуге арналған материалдарды үнемді пайдалану.

Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер:

  • қарапайым пропорцияларды сақтай отырып, құстың пішінін жасайды; • мүсіндеудің негізгі тәсілдерін, мүсіндеу технологияларын орындай алады;
  • мүсіндеуге арналған материалдарды үнемді пайдаланады.
Көпшілік тәрбиеленушілер:

  • жекелеген элементтерден композиция құрай алады;
  • жеке тазалық ережелерін сақтайды.
Кейбір тәрбиеленушілер:

  • бейнені бөлшектермен толықтыра алады;
  • қарлығашты қалай жасауға болатынын өз бетінше ойластыра алады.
Тілдік мақсаттары Дағдыларын дамыту:

• балалардың ҰОҚ-де алған білімін пайдалана отырып, толық әрі жанжақты жауап беру қабілетін дамыту.

Көптілділік: қарлығаш – ласточка – swallow.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

домалату, жалпайту, қысу.

ҰОҚ-де диалог/хат жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқыланатын сұрақтар:

  • Жылы жақтарға ұшып кететін құстарды қалай атаймыз?
  • Домалақтау, жалпайту, қысу тәсілдері қалай орындалады?
  • Олар мүсіндеудің қай кезеңінде біздің қажетімізге жарайды?
Өткен ҰОҚ-нен алған білім, білік Мүсіндеудің дәстүрлі тәсілдері.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Жұмыс істеуге жағымды көңіл күй

қалыптастыру

0-1 минут

(Ұ) Педагог ҰОҚ жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасайды.

(Т) Мүсінші Ермекқұстар туралы жұмбақтар айтады. Тәрбиеленушілер жұмбақтардың шешуін табады, өз жауаптарын түсіндіреді.

(Т) Пікір білдіру.

– Балалар, сендер біздің қанатты достарымыз жайлы көп білесіңдер. Мектепте «Дүниетану» пәні арқылы олар туралы бұдан да көбірек білетін боласыңдар.

Музыкалық сүйемелдеу.

Үлестірмелі материалдар: құстардың қиып, кесуге арналған суреттері.

II. Өмірлік тәжірибені белсендіру.

Мақсатты тұжырымдау. 2-5 минут

(Ө) Ойын-жаттығу: «Бұл қандай құс?»

Тәрбиеленушілер жекелеген дене мүшелері бойынша құстардың атауын табады. Мәселен, үй құсы, жылы жаққа ұшып кететін немесе қыстап қалатын құс.

(Ұ) Тәрбиеленушілер ҰОҚ-де не туралы айтылатынын болжап, зерттеудің тақырыбы мен мақсатын айқындайды.

ҰОҚ-нің ортасы

III. ҰОҚ-нің тақырыбы

бойынша жұмыс

6 – 25 минут

(Ұ) Көркем сөз.

Қазақ халқының «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісі. Балалар ертегі кейіпкерлерін еске түсіріп, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» деген сұраққа жауап береді. Қорытынды жасайды: құстар – адамдардың көмекшісі, сондықтан адам да олар үшін жауапты.

Ермек қарлығаштың қасына дәл сондай әдемі құстарды салуды ұсынады.

(Ұ) Әліппе-альбоммен жұмыс.

Үлгімен танысу.Тәрбиеленушілер мүсіндеудің түрі мен тәсілін атап көрсетеді.

Қарлығаштың мүсінін жасау алгоритмін түсіндіру.

  1. Қарлығашты қара ермексаздан жасауға болады. Сонымен қатар қосымша ақ және кішкене сары түсті ермексаз қажет.
  2. Алдымен құстың сымдай тартылған денесін жасап аламыз.
  3. Содан соң домалақтап басын жасаймыз. Көлемі едәуір кішкене болады.
  4. Дайын болған қос бөлшекті бір-бірімен біріктіреміз.5. Ақ ермексазды жалпақтап алып, кеудесіне жапсырамыз.
  1. Қанатына арнап қара түсті ермексаздан үтір тәріздес етіп екі бөлшек жасап аламыз. Кескіштің ұшымен қанатының ұзына бойына сызықтар түсіреміз.
  2. Қанаттың жалпақтау тұсын денесіне жапсырып, үстінен саусағымызбен аздап бастырамыз.
  3. Сүйір құйрығын жасау үшін қара түсті ермексазды ұзын етіп алып, жалпайтамыз. Содан соң айыр құйырығын жасау үшін ұзына бойы ортасынан тіліп кесеміз. Құйрық өз қалпын жоғалтпас үшін оған жіңішке сым енгіземіз.
  4. Құйрықты жапсырып, біріктірілген жерін мұқият тегістейміз.
  5. Мүсін шынайы шығуы үшін ұсақ бөлшектермен толықтырамыз. Яғни, көздерін, тұмсығы мен табандарын жасаймыз.

Саусақтарға арналған жаттығу: «Құстар ұшып барады».

(Ұ) «Еске түсіру минуты» – ермексазбен жұмыс істеу тәртібі:

  1. Жұмысқа қажетті ермексаздың түсін таңдап ал.
  2. Ермексаздан өзіңе қажеттісін кескішпен кесіп ал.
Әліппе-альбом
3. Кесіп алған ермексазды қолыңмен жылытып, жұмсарт. 4. Жұмысты аяқтағаннан кейін құрғақ әрі жұмсақ майлықпен қолыңды сүртіп, содан соң сабындап жу. Ойын-жаттығу: «Ермексазбен достас» – ермексазды жұмысқа дайындау.

(Ө) Балалардың өзіндік жұмысы, жеке көмек көрсету.

(Ө) Шығармашылық минуты.

Үлгіні қарап шық, қарлығашты қалай әдемілеп жасауға болатынын ойланып көр.

Қондырғылар:

түрлі түсті ермексаз, тақтайша, қағаз майлық.

ІҮ. Рефлексия

ҰОҚ-нің соңы

26 – 30 минут

Балалар жұмыстарының көрмесі. Қарлығаштарды жылы жаққа «ұшырады», яғни алдын ала дайындалған аспанның суретіне қарап әңгімелейді.

Ермек балаларға ҰОҚ-де өзі жасаған жұмыстарына баға беруді ұсынады:

  1. Жұмысына көңілі толғандар қалпақты жасыл түспен бояйды.
  2. Қиналғандар қызыл түспен бояйды.
Қатырғықағаздан жасалған аспанның макеті.

Әліппе-альбом, қарындаштар.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше