Адам өмірінің негізгі кезеңдері
ШҚО, Көкпекті ауданы, Шұғылбай ауылы
«І.Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ
Биология пәні мұғалімі Жилкибаева Роза Төлеугазиновна Ашық сабақ
Пән: Биология
Сынып: 8
Сабақтың тақырыбы:Адам өмірінің негізгі кезеңдері
Сабақтың мақсаты:
оқушыларға адам өмірінің әр кезеңінің ерекшелігі, өсу, даму кезінде қандай өзгерістер жүретіні мен таныстыру, жеке тұлға ретінде қалыптасуда физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік, экологиялық, эстетикалық тәрбие беру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: өздік жұмыс, баяндау, түсіндіру
Сабқтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалім:
Мен адамнан жаралдым,
Ниетім жоқ айнуға.
Баласымын Адамның,
Ұқсағым жоқ маймылға.
Кісі емеспін АДАММЫН
(М. Макатаев)
Көбею барлық тірі организмдерғе тән қасиет. Басқа тірі организмдер сияқты адамда жынысты жолмен көбейеді
ІІ. «Еңбегіне қарай өнбегі»
1.Білім минуты (үйге берілген тапсырмаға шолу)
1-слайд
2.Білім мен білік (суреттер бойынша мазмұнынын ашу)
2-слайд
280 күн өткен соң жүктілік мерзімі аяқталғанда, әйел адам босанады. Дүниеге кішкене адам баласы- сәби келеді. Алғашқы нәрестенің дауысы арқылы адмға тән қасиетті естиміз. Дауыстап, аузын ашқанда онынын өкпесіне ауа толады. Осылай адам баласы ең бірінші рет айналадағы орта мен байланысады.
Жатырда қанды емізген,
Ауызсыз қорек жегізген.
Туғызып, түзеп, өсіріп,
Өзімді өзім дегізген.
(Шәкәрім)
Адам организмінің өсу мен дамуында екінші кезең басталады.
ІІІ. «Білгенге маржан» ( Жаңа сабақ)
Адамның туғаннан кейінгі жеке дамуында бірнеше кезеңдерді ажыратады.
(Оқушылар даму кезеңдерінің ерекшеліктерін айтып, ойлары мен бөліседі, топқа бөлініп, оқулықпен жұмыс)
1.Нәрестелік кезең3- слайд
Нәрестенің дүниеге келген күнінен бастап, 28 күнге дейінгі уақыт аралығы осылай аталады. Бұл кезде жаңа туған нәрестенің барлық мүшелері және мұшелер жүйесі өз алдына қызмет атқарып, өзара іс-әрекет жасайды. 1-кезең:
2. Емшектегі бала кезеңі4-слайд
1 айдан 1-жасқа дейінгі кезең. Бұл кезде сәбидің көп уақыты ұйқымен өтеді, тамақ қажет болғанда оянады. Осы кезеңде тамақ беру уақытың және тазалық ты мұқият сақтау қажет. Осы кезеңде нәресте қарқынды өседі. Қозғалыс әректтері дамиды. мойны бекиды, отырады. еңбектейді, жұруге талпынады.
Сүт тістері шыға бастайды, жеке сөздерге тілі келеді.
2 – кезең:
3. Ерте балалық шақ5-слайд
1-3 жасқа дейін бала қарқынды өседі, ересек адам жейтін тағамды жейді. Жаңадан көптеген қозғалысқа байланысты дағдылар қалыптасады. Сәби еркін жүреді, сөйлейді, әр нәрсені білгісі келеді, ойлау қабілеті дамиды, сүт тістері толық шығап үлгереді. Ойын процесінде ересектерге еліктейді.
4. Мектепке дейінгі кезең 6-слайд
Бұл кезеңде бала қоршаған дүниеге үлкен қызығушылық арттады. Бұл не? деген сұрақтарға жауап іздейді. Баланың білуге құмарлығы соңшалық бұл кезеңді « сұрақтар сатысы» деп айтады. Мектеп жасына дейінгі баланың қиялы да, эмоциясы да бай болады. Баланың сұрағына қате жауап беру, немесе жауап беруден қашу баланың қызығушылығын және айналасындағыларға сенімін жоғалтуға апарып соғуы мүмкін.
5. Мектеп жасындағы ересек кезең 7-слайд
7жастан 11 жасқа дейін. Баланың іс-әрекетінде сапалық өзгерістер байқалады.
Мектепке бару бала өміріндегі едәуір қиын кезең болып табылады, себебі мектепке дейін баланың негізгі іс-әрекеті ойын болса, енді ол өз өмірін қатаң мектеп тәртібінің талаптары бойынша реттеуі керек.
6. Жасөспірімдік кезең 8-слайд
13-15 жас ұл, 11-14 жас қыз бала үшін өсуі мен дамуында жаңа өзгерістер пайда болады. Бұл өзгеріс жыныстық жетілуге және жыныс гормондарының қарқынды түзілуіне байланысты ( кітаппен жұмыс, дәптерге Венн диаграммасын толтыру)
Жыныстық жетілу белгілері
Қыз бала / Ұл бала
Жетілудің үш түрі: физиологиялық, психикалық, әлеуметтік.
7. Балғын жастық кезең 9-слайд
17-25 жас ұлдар, 16-20 қыздар.
8. Кемелденген кезең 10-слайд
22-60 жас ерлер, 21-55 әйелдер
9. Мосқалдық кезең 11-слайд
61-74 жас ерлер, 56-74 жас әйелдер
10. Қарттық кезең 12-слайд
75-90 жас
11.Ұзақ жасаушылар кезеңі 13-слайд
90 жастан жоғары
Геронтология ( грекше «gerentos» кәрі) ұзақ жасаушыларды зерттейтін ғылым
ІV. Білім кілті танымдылықта (макалдардың мәні арқылы кезеңдердің ерекшеліктерін сипаттау)
1.Уызына жарыған, ұлылыққа ұмтылар
2. Ана сүті – бал
3.Бала тілі- бал
4.Балалықтың қанына- ойын азық
5.Әдепті бала- арлы бала,
Әдепсіз бала-сорлы бала.
6.Он үште отау иесі
Өзіне-өзі баға бер (сұрақтарға жауап беру)
«Мен қандай адаммын?»
Атым
