Сабақ тақырыбы: М.Шаханов «Төрт ана»
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы
«Бабай-Қорған» жалпы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Аймурзаева Ақжарқын
| Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: №1 | Мектеп: «Бабай-Қорған» ЖОМ | |||||||
| Күні: 24.11.2017ж | Мұғалімнің аты-жөні: Аймурзаева А | |||||||
| Сынып: 3 «Ә» | Қатысқандар саны: 19 | Қатыспағандар саны:1 | ||||||
| Сабақтың тақырыбы:
М.Шаханов «Төрт ана» |
||||||||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме) | Оқушыларға ақын М.Шахановтың өмірі, шығармашылығы туралы айта отырып, «Төрт ана» өлеңінің негізгі идеясын ашу. | |||||||
| Сабақ мақсаттар | ● Барлық оқушылар:
Өлеңді мәнерімен оқи алады, эссе жаза алады.
Туған тіл туралы мақал-мәтел айта алады
Салт дәстүрге тірек сызба құрай алады |
|||||||
| Бағалау критерийлері |
|
|||||||
| Денсаулық және техника қауіпсіздігінің сақталуы | Сергіту сәті.
«Анамның тілі Аяулы үні» әніне би қимылын жасай отырып бой сергітеді. Белсенді әрекеттер. |
|||||||
| Пәнаралық байланыстар | Музыка, математика, дүниетану, ағылшын тілі | |||||||
| АКТ қолдану дағдылары | Ноутбук, Интер белсенді тақта. | |||||||
| Сабақ барысы | ||||||||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
| Сабақтың басы
5 минут 7 минут Сергіту сәті 3 минут Қызығушылықты ояту. Сабақтың ортасы Мағынаны тану 15 минут 5 минут |
Психологиялық ахуал
Оқушылар бір-біріне гүл ұсына отырып қазақ тілінде және ағылшын тілінде жақсы тілектерін тілейді. Топқа бөлу. Жүрекшелердің түсіне қарай үш топқа бөлінеді.
Оқушылар орындарына жайғасып сабаққа көңіл- күйлерін білдіреді.
Ал балалар бүгінгі біздің әдебиеттік оқу сабағымыз ерекше болғалы тұр, өйткені бізге бүгін қонақтар келді. Үй тапсырмасы Ал оқушылар үйге «құстар айтысы» үнді ертегісін сахналап көрсету тапсырылған. Олай болса дайынбызба? Бізге ең алдымен «автор» керек жене торғай, қарға, көгершін және де құсбегі керек. Сахналаған оқушыларды марапаттау. Үй тапсырмасын бекіту. Сұрақ-жауап әдісі. Ертегіде қандай құстар айтысты? Қарға, торғай, көгершін. Неліктен құстар айтысы деп аталған? Өйткені құстар бір-бірімен айтысты. Ертегідегі негізгі ой қандай? Негізгі ой ынтымақтастық пен алауыздық Құстардың ынтымақтастығын қай жерде көрдік? Олар бір ауыздан бірігіп торды көтеріп ұшқаннан көрді. Алауыздығын қай жерде байқадық? Олардың дауласып, бір-бірімен келісе алмауынан. Өте тамаша. Рахмет үй тапсырмасына өте жақсы дайындықпен келіпсіндер. Ендеше орнымыздан тұрып «Анамның тілі – -аяулы үні» әніне бой сергітеміз. Ал балалар әнде кім туралы айтылған? «АНА» Ия дұрыс олай болса «Ана дегеніміз кім?» Ассоцация әдісі «Күн шұғыласын» толтыру АНА – досың, өмір сыйлаушы, ақылшың, ұстазың,отбасы берекесі, қамқоршың, тәрбиешің т.б. Өте дұрыс балалар. Рахмет! Балалар біз енді сендермен 1-сыныпта 4 саны және цифрын өткен кездегі 4 санына байлансыты ұғымдарды еске түсірейікші. Қандай ұғымдар бар 4 санына байланысты? 4-мезгіл, 4-құбыла, 4-кітап, 4-түлік т.б. Өте тамаша. Рахмет! Балалар біз сендермен бағанадан бері Ана және 4 саны туралы неліктен айтып жатырмыз, өйткені біз бүгін М.Шахановтың «Төрт ана» өлеңімен танысамыз. М.Шаханов туралы мағлұмат беремін. М.Шаханов 1942 жылы ОҚО, Төлеби ауданы, Қарасу ауылында дүниеге келген. Ең алғаш 1966 жылы «Бақыт» атты жинағы жарық көрген. Ал ендеше балалар бейнетаспаға қарап М.Шаханов ағамыздың оқыған «Төрт ана» өлеңін тыңдаймыз.(Бейнетаспа көру) Балалар біздің өз анамыздан басқа төрт анамыз бар екен. Ол ақын ағамыз жырлағандай. Туған жері түп қазығы, айбыны, Туған жері мәңгі өнеге айдыны. Жан байлығы, салт-дәстүрі тірегі, Жан туған тарихы, Еске алуға қаншама Ауыр әрі қасіретті болсада, дегендей әрбір адамзаттың туған тіл, туған жері, туған тарих және салт-дәстүрі бар. Оны қастерлей білуіміз керек екен. Олай болса қазір бізге ақын өлеңін «Туған тіл» тобы «шынжыр» жасай отырып мәнерлеп оқиды. «Туған жер» тобы «өрмекшінің өрмегін» құра отырып оқиды. «Салт дәстүр» тобы «моншақ» жасай отырып оқиды. Енді балалар сендерге топтық тапсырма. «Туған тіл» тобы.Әрқайсысың 1 мақалдан естеріңе түсіріп 6 мақал жазасыңдар. «Туған жер» тобы. Өз туған жерлерің және тарихы жайында 7-8 сөйлемнен тұратын эссе жазасындар. «Салт дәстүр» тобы. Өздерінің қазақтың қандай салт-дәстүрін білетіндіктерін сызба арқылы көрсетеді. |
Гүлдер шоғы
Сары,қызыл, жасыл жүрекшелер. Жұлдызша беру Жұлдызша беру Жұлдызша беру |
||||||
| Сабақтың соңы
5 минут Рефлексия Бағалау Үйге тапсырма |
Дискриптор: М.Шаханов жайлы мағлұмат білді.
Мақал-мәтел, сызба, эссе жазды. Өлеңнің идеясын ашты және мәнерлеп оқыды . Оқушылар жазба түрінде өз ойларын стикерге жазып іледі. Жұлдызша арқылы бағалау. М.Шахановтың «Төрт ана» өлеңін жатқа айту. |
|||||||
| Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жосапарлап отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
| Жұлдызша арқылы бағаладым | ||||||||
| Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||
| Жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды. Сабақ мақсаттары шынайы болды.
Берілген уақыт ішінде үлгердім. |
||||||||
| Жоспарыма ешқандай түзетулер енген жоқ. | ||||||||
| Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Өрмекшінің өрмегі, шынжыр, моншақ әдістерімен оқу. 2: Топтық жұмыстар. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады(оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Тақырыпты ашу. 2: Бейнероликте М.Шахановтың өз даусымен мәнерлеп оқу. Сабақ барысында сынып туралы немнесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
||||||||
