Білім берудегі рационалдық парадигма
Қостанай облысы, Арқалық қаласы Арқалық медицина
колледжінің тарих пәнінің жоғары санатты оқытушысы
Алимгазина Қадыргүл Шөптібайқызы
«Барлық бала дарынды емес,бірақ барлығы талантты»
И.А. Аршавский.
Қандай оқу орыны болмасын -еліміздің халыққа білім беру жүйесінің-күрделі тармағы екендігі анық. Әрбір жеке тұлға тікелей тәлім –тәрбие алу арқылы шыңдалады.
Қазақ халқының ең құнды байлығы-ұлт тәрбиесі, ұрпақ тәлімі. Салт-дәстүр арқылы тәрбиелей отырып оның ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі аса зор екендігін білген.
Ұлы ғұлама Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген сөзін осы тұста деректі дәйекгі бар екендігін айта кеткім келеді.
Қазір қоғамда алға жылжып ілгерілеп дамып келеді, ал сол қоғаммен бірге біздің жас ұрпақтың сана –сезімі, ой-өрісі де қатар қалыспай даму үстінде. Соның негізінде білім беруші ұстаздар, білім беру барысында жетілген сананың алдына түрлі жаңа заманауи оқыту әдіс-тәсілдерін ұсынып жаңашыл білім беруді жалғастырып келеді.
Бүгінгі күнгі білім беру мен жаңа әдістердің түрлі парадигмалары бар. Соның бірі –рационалдық парадигма.
Рационалдық (тәртіптілік парадигмасы) – оқушыға білімнің түрлі тәсілдерінің тиімді жақтарын, ортаға бейімделу, оның ойы, сезімі және іс-әрекеттерімен санасуы, оларды меңгеруі жатады.[1.1 білімділер порталы]
Елбасымыз өзінің сөзінде «Жастарды Қазақстандық патриотизмге шығармашылық жағынан жеке тұлға ретінде тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, білік-талғампаздық тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін бойына сіңіріп қалыптастыруымыз керек» -деген .[ 1. 14. 2014.№3]
Ендеше жастар адамзат өркениетінің алғышарты екендігін естен шығармағанымыз жөн.
Білім-жеке тұлғаның әлеуметтік- саяси көзқарастарын дамытып, дүниетанымының аясын кеңейтетін маңызды факторардың бірі. Жастарға білім беруді, оның ішінде білім беруді қоғамның әлеуметтік-эканомикалық құрылымынан, мәдени құндылықтарынан, ұлттық дәстүрден, рухани негіздерден бөле-жара қарауға болмайды.
Жаңа қоғаммен бүгінгі таңдағы, еліміздегі білім беру саласындағы реформалар арқылы жастар арасынды тек қана білім беріп қоймай, Отанға, елімізге адал қызмет ететін, жүрегінде елім деген патриоттық сезімі бар, адамгершілігі жоғары ұрпақ пен ұлт тәрбелеуіміз керек екендігін де естен шығармағанымыз абзал.
Заман талабына сай білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан білім беру жүйесін қайта құру, әлеуметтік- экономикалық өзгерістерге бейімделе алатын педагогикалық, психалогиялық бейімділік негіздері тұрақты, байыптауға қолайлы жаңа сипаттағы үлгілерді қалыптастыруға сипатталған. Демек оқушыларға тек белгілі бір білімді ғана беріп қоймай, сонымен қатар өмірлік тәрбие мектебін бойларына сіңдіру қажет. Болашақ еліміздің азаматтарын жан-жақты тәрбиелеу, олардың жеке тұлғасын, рухани әлемін,ынтасы мен қабілетін басты орынға қойған жөн.
Елбасымыз өз халқына жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет»деп атап көрсетті. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мәселе.[2.15.№380.2012]
Бала жанының бағбаны, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мұғалім ары таза, әдепті, ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, ұстамды, өз ойын шәкіртіне анық, дәл жеткізетін болуы тиіс. Ол үнемі ізденіп, білімін толықтырып отырса, оның өмірлік ұстанымы тұрақты, күш-қуаты, көңілі әрдайым жоғары, сабақ беру сапасы арта түсіп, еңбегі еленеді. Білім берудегі жаңалық пен қоғамдағы жаңалық бір мақсатты көздейді, олар даму мен прогрестің қабілетін арттыруы қажет.
Мен мәселенің мәні етіп алған жоғарыдағы эпиграфқа тоқталғым келеді. Орыс физиологы Аршавский Илья Аркадьевич (1903-1996), «Барлық бала дарынды емес, бірақ барлығы талантты»-деген сөзге жан бітіргім келеді. Расында баланы дұрыс жолға салып, оған қандай жағдайда болмасын үздіксіз тәрбие мен білім берсе, талантты да дарынды тұлға шығары анық. Осының негізінде ұстаздардың білімін үнемі жетілдіріп жаңа шығармашылық істермен әдістермен толықтырып оытру керек.
Қазіргі жағдайда еліміздің білім беру жүйелерінде жаңа адамды қалыптастыру бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Оның ең бастыларының бірі де бірегейі-білім мазмұнын ұлттық негізде жетілдіре отырып білім мен тәрбиені ұлттық рухта әлемдік жүйеге жақындастыру. Сондықтан оқу-ағарту саласының оқу үрдісіне жаңа технологияларды кең көлемде енгізу талап етіледі
Білім беру сатыларының сабақтастығын камтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі, оқу мен тәрбиенің бірлігі, білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы, ақпараттануы, оқушыларды кәсіптік бағдарлау, білім беруді саралау, ізгілендіру, гуманитарландыру және т.б – білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері.
Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлану,оқытуды, оқушының жеке тұлғасына бағыттау,ал оқыту әдістерін тұлғаралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр.
Елде болып жатқан саяси,әлеуметтік,эканомикалық және т,б өзгерістер білім беру жүйесіне де әсер етуде.
Ұлттық үлгідегі жаңа парадигманың негізгі бір мәселесі – білімгерге іргелі де терең, тиянақты да жүйелі білім беру. Іргелі білім берудің міндеті – адамды ғылыми ойлауға, болмысты тану, оны қабылдаудың әдіс-тәсілдерін білуге, өзін-өзі дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге іштей қажеттілігін туғызу.
Білім беру – аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Қазіргі кездегі Республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық-ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты. Білім беру ісіндегі жаңа үрдістің мән-мағынасы, сипаты мен бағыт-бағдарын айқындаушы дәйекті факторлар.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.[4.// httpwwwqazetakzhttr//wwwacorda кz] Енді орыс педагогы Ушинскидің сөзіне жан бітірейін.
Мұғалімнің өздігінен білім алуы, біліміне білім қосу үдерісі жүзеге аспайынша, түрлі біліктілікті арттыру курстарының тиімділігі жоғары болмайды. Соңғы уақыттарда педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесі ерекше артып келеді. Үздіксіз білім алудың,өмір бойы оқып-үйренудің мағыздылығының артуын ескеріп,мұғалім жаңа білім беру технологияларын игеріп,біліктілігін арттыруға үнемі дайын болуы керек. Оқыту тәжірибесінің жақсаруы мұғалімнің кәсіби және тұлғалық дамуы арқылы мүмкін болады.
Біліктілікті арттыру бойынша халықаралық білім беру стандарттары да берілген.Әр білім беруші педагог өз тәжірибесін үнемі жетілдіріп отырса, онда бүгінгі берер білімі соншалықты сапалы жүйелі болары хақ. Осы тұста мен өз тәжірибемді айтып бөліскім келеді.
Тарих – ұлттың өткені, болашағы, болмысы. Тарих-ғылымдардың ғылымы, сондықтан білім беру орындарында Қазақстан тарихы пәнін оқытуда әр түрлі әдіс-тәсілдержі пайдаланып жоғарыда айтылған білім мен тәрбиені қоса ұрпақ санасына сіңіреміз. Соның ішінде инновациялық технологияларды пайдалана отырып білім беру қазіргі заманның жаңашылдығын айқындататындығын да білеміз..
Рационалдық білім беру,білім алушының осы аталған тәсілдердің қайсысын болмасын пайдалансақта,тіпті ойын элементтерін, СТО, «Блум таксаномиясы», «Бірін-бірі оқыта үйрету әдісі», «Деңгейлеп саралап оқыту әдіс-тәсілдерінің» қайсысын алсақ та оқушының өз бетінше жетіліп, ой толғап,дамуына ерекше әсер етеді.
Әдетте оқытушы сабақ жосапарын құрарда қажетті мәлметтерді жинақтаудан бастайды және сол мәлметке тиесілі әдісті таңдайды.Жүйелі құрылып әрі жан-жақты дайындалған сабақ қашанда өз нәтижесін береді Бұл жұмысты жаза отырып өзім сабақты өткізудің формалары мен әдіс –тәсілдерін таңдауда,жаңа педагогикалық техналогияларды қолдануды үрдіске айналдырғанымды айта өткім келеді.
Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау.
Педагогикалық технологиялардың түсініктемелері мен алуан түрлі анықтамаларын талдай отырып, барлық технологиялардың айрықша ерекшеліктері туралы төмендегідей қорытынды жасауға болады:
-оқытудың микромақсаттарының, мақсаттарының айқын, нақтылы анықталуы
-нәтижелердің жетістігіне бағытталуы.:
-тәрбиелеу мен оқыту субъектілерінің іс-әрекеттерінің әрбір кезеңдері бойынша қадамдық құрылымының анықталуы,
– тәжірибенің қайталануы мен алмасуы
Оқытушының жаңа инновациялық технологияларды пайдаланып білім сапасын арттырудағы рөлі ерекше. Себебі манадан айтылған барлық жаңашылдық, әдіс-тәсіл тіпті оқушының кез –келген жағдайда білім алуы,білімді меңгеруінде,тәрбие мен білім қатар жүрген жағдайда да мұғалімнің рөлін ерекше атай өту қажет.Себебі.ұстазды да ұстаз еткен-ұстаз. Ал қоғамдағы түрлі инновацияларды да ойлап тауып отырған сол ұстаздардың алдын көрген тұлғалар. Ендеше білім берудегі жаңа әдістердің парадигмасындағы( мысалындағы) оқытушының рөлін айрықша деп айтамын.Себебі ұстаз талантты болса, шәкірті талапты болмақ- деп дана халқымыз бекер айтпағанды.
Қорыта айтсам ХХІ ғасыр қоғам өмірінің әр түрлі саласында үнемі өзгеріп отырған маңызды ғаламдық процестермен сипатталады. Ол білім беру саласына да әсер етіп, оқушылардың шығармашылық әлеуетін қалыптастырудың жаңа жолдарын іздестіруді талап етеді. Осыған орай, бүгінгі ақпараттық қоғам жағдайының өркениетті, прогресшіл бағытына сай, терең білімді, өзгермелі жағдайға тез бейімделгіш, өзін-өзі саналы игеретін, бәсекелестік жағдайда өресі биік, азаматтық-тұлғалық бет-бейнесі қалыптасқан, рухани жан дүниесі бай, шығармашыл тұлға тәрбиелеу қоғамның басты мақсаттарының біріне айналды. Бұл мақсат-міндеттердің жүзеге асуы адам бойындағы асыл қасиеттердің көзін ашып, оқыту мен тәрбиені сабақтастықта, шығармашылық мақсат қоя отырып, арнайы оқыту процесін жүргізгенде мүмкін болмақ.
Білім алушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудағы басты мақсат – қазіргі білім берудің жаңа парадигмасы жағдайындағы оқушылардың жеке тұлғалық сапалық қасиеттерін дамыту, шығармашылық ойлауын дамыта отырып, заман талабына сай құзырлылығын қалыптастыру және рухани жан дүниесінің дамуына жағдай жасау. Сондықтан Егемен еліміздің келешегі жас ұрпақты тәрбиелейтін әр білім ошағы өзіне жүктелген әлеуметтік міндетті атқару үшін ондағы игерілетін білім мазмұны, білім берудің түрлі жолдарын бүгінгі талапқа сай жаңартуға ұмтылуы заңдылық деп білген жөн.
Жаңа қоғамға жаңа адам керек. Мұндай адамды қалыптастыру – қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет. Мұғалім еңбегінің бүгінгі нәтижесі қандай болса, елдің, қоғамның ертеңі, болашағы сондай болмақ.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Білімділер парталы .[1.1 ]
- Колледж Оспанова Л.А [ 2. 14. 2014.№3]
- Қ.Р Президенті: Н.Ә.Назарбаев Жолдауы «Егемен Қазақстан
Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан » [3.15.№380.2012]
- .[
4.// http wwwqazeta kz httr// wwwacorda cz]
