Сабақ тақырыбы: «Қазақстан»

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Новопавлов ЖОББМ

Бастауыш сынып мұғалімі Кульниязова Аккенже Мухитовна

Тақырыбы: «Қазақстан» Мектебі: Теректі ауданы, Новопавлов ЖОББМ
Күні, айы: Мұғалімнің аты-жөні: Кульниязова А. М.
4-сынып Сабаққа қатысқан оқушылар саны: Сабаққа қатыспаған оқушылар саны: –
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.

2. Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім\не туралы екенін түсіну

3.Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіру,Қазақстанның Мәңгілік ел бағдарламасын оқушыларға сөйлем арқылы түсіндіру.

4. Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар қоя білу

5. Мұғалімнің көмегімен жіктік\септік жалғауларын ауызша тілде қолдану

6. Мұғалімнің көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру

Сабақ мақсаты Барлық оқушылар:

Тақырып бойынша салған суреттерін сипаттай алады, не салғаның айта алады

Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырып бойынша өзара тілдесе алады. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтап қолдана алады.

Кейбір оқушылар:

Қазақстан туралы қосымша ақпарат бере алады.

Сабақ барысы:
Сабақтың кезеңдері Жоспарланған жұмыс Ресурстар
Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.
Сабақтың ортасы

(6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын интербелсенді тақтадағы картаға аударады.

Бұл қай елдің картасы?Айтылым дағдысы жүреді. Одан әрі оқушылар оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суретке мұқият қарап, не көріп тұрғандарын айтады. Оқушылар сурет бойынша ойларын әрі қарай жалғастырады.

(МК, Ұ) 2-тапсырманы орындағанда оқушылар алдыңғы тапсырманы бекіте түседі, олар үлгі бойынша сөйлеседі.

(Т) Мұғалім оқушыларға суретті карточкалар таратады. Оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып сөйлеседі, бірін-бірі тыңдайды, қайталайды.

(МК, Ұ) 3,4 – тапсырма оқушылардың кесте бойынша айту дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Алдымен берілген сөздерді оқиды, толықтырып кесте бойынша сөйлем құрайды: Қазақстанның президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы.Қазақстанның жері үлкен.

Жазылым дағдысы жүреді.

  • Сәйкестендір. «Көршілес елдер»

Қазақстан Қытай

АҚШ

Германия

Қырғызстан

Ресей

Африка

Тыңдалым/ айтылым дағдысы жүреді. Сын тұрғысынан сұрақтарға жауап беру «Жабық сұрақтар» әдісі (иә, жоқ)

1. Қазақстан жері кең байтақ

2. Қазақстан 5 мемлекетпен шектескен.

3. Астанасы – Алматы.

4. Ұлты – қазақ.

5. Пайдалы қазбаларға өте бай.

6. Валютасы – теңге.

7. Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық –өзендер.

8. Ту, Елтаңба, Әнұран еліміздің рәміздері.

9. Мемлекеттік тіл –орыс тілі.

10. Менің Отаным – Қазақстан.

Бағалау: Дұрыс айтқан оқушыға шапалақтау арқылы бағалаймыз.

Сергіту сәті: «Елім менің» өлеңінің бір шумағын әнімен айту.

«Елім менің»

Ұрпақ үшін, ел үшін,

Атамекен жер үшін

Берекең мен бірлігің,

Таси берсін ырысың!

(МК, Ұ) Оқушылар 5 – тапсырма бойынша аудиодиск арқылы тыңдалым, оқылым дағдыларын жүзеге асырады.

(МК, Ұ) «Табу» әдісі. Оқушылар суретте берілген ұлт өкілдерін табады.

(ОТ) Оқушылар «Қазақстан» тақырыбына сурет салады, содан кейін өзі салған суреті бойынша сөйлейді (айтады).Оқушылар суреттерінен сыныпта сурет көрмесін ұйымдастыруға болады.

(МК,Ұ)Оқулықтағы 6-тапсырма бойынша сұрақ-жауап әдісін қолданып тақырып барысындағы алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө)«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі.Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.

Оқулық

Интербелсенді тақта

Суреттер

Карточкалар

Аудиодиск

А4 форматындағы қағаз, қарындаштар

Сабақтың соңы

41-45 минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.
Қосымша ақпарат
Қорытындылау Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.
  1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?
  2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?
Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:Аудио тыңдалым

2:Оқушылардың тәжірибесі

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1

2

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше