«Дене тәрбиесіндегі туризмнің рөлі. Турист коде ксі.»

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық

колледжінің Туризм пәні оқытушысы Шапанов Аскен Габиденович

Пәні: Туризм
Тобы:
Уақыты:
Тақырыбы: Дене тәрбиесіндегі туризмнің рөлі. Турист кодексі.
Құзыреттілікке жеткізетін мақсат, міндеттері:

А) ақпараттық

Б) коммуникативтік

В) проблеманы шешу

а) Туризмнің дене тәрбиесінде алатын орны мен атқаратын рөлі туралы, туристің құқықтары мен міндеттері жөнінде ақпарат беру.

б) Дене қабілетін дамытуға тәрбиелеу, өз құқықтарын қорғай отырып, қоршаған ортамен байланыс жасауға баулу.

в) Әр түрлі жағдайлардағы жауапты шешім қабылдауға үйрету, алғашқы дайындық жұмыстарын ретімен орындау.

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдісі: жаппай-топтық әдіс, тест, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: география, тарих, өлкетану, құқық негіздері
Оқыту құралдары: оқулық, көрнекіліктер, проектор
Сабақтың барысы: Оқытушының қызметі Студенттің қызметі Күтілетін нәтиже
I. Ұйымдастыру кезеңі Мұғалімнің амандасуы, жоқ оқушыларды

түгендеу, ұзақ уақыт сабақта болмаған оқушының хал – жағдайын сұрау.

оқу-құралдарының дайындығын, кезекшінің жұмысын тексеру.

Қызығушылықты ояту

Ал ендеше туризм дегенді кім қалай түсінеді, білеміз бе тексеріп көрейік. Туризмге қатысты бірнеше сөздер ұсынылады.

Амандасу;

оқу-құралдарын дайындау, ұзақ уақыт сабақта болмаған оқушының өзінің хал – жағдайын айту. кезекшілік міндеттерін атқару;

Студенттер берілген сөздердің анықтамаларын ашып айтып, олардың түрлерін айтып өтеді.

Сынып сабаққа дайын, кезекшілік атқарылды, мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық қарым-қатынасы орнайды.

Жаңа материалды хабарламас бұрын студенттердің туризм туралы өз ойларын жеткізе білу

ІІ. Негізгі бөлім Туризм біздің елімізде қазіргі кезде өте қарқынмен дамып келеді. Ғалымдардың айтуынша туризмге деген қызығушылық бұдан әрі дами береді. Көпшілік адамдар үшін туризм туған өлкені және шөт мемлекеттерді тану құрамы ғана емес, сонымен бірге ол дене шынықтыру мәдениетінің негізгі, құраушы бөлімі болып табылады. Қазақстан туризмнің дамуына, өркендеуіне үлкен үлес қосатын мемлекет. Басқа мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстанның жер бедері, климаты, географиялық белдеудің көптүрлілігі көз тартады. Осының барлығы туристерге демалыс түрлерін (теңізге шомылу, шаңғымен сырғанау, тауға жорықтар) таңдауына мүмкіндік береді.

Туризм – демалыс күндері және мереке күндері өтілетін белсенді және танымдық демалыстың біріне жатады. Әрқайсымыздың бос уақытымыз – қоғамның игілігі болып табылады. Оны өзің үшін және қоғам үшін ұқыпты пайдалану керек.

Қозғалыс кез-келген дәрі-дәрмектің әсерін алмастыра алады, ал барлық дәрі-дәрмек қозғалыстың орнын басуға дәрменсіз. Демалыс еңбек тәрізді белсөнді болуы керек. Ал қазіргі туризм осыған сәйкес келеді. Туризмнің өзі – қозғалыс. Ол барлық адам орындай алатынжүктеме береді. Әр адам өзіне қаншалықты жүктеме қажет екенін өзі мөлшерлеу керек немесе дәрігердің көмегімен анықтау керек. Туризмнің бұдан басқа танымдық қызметі бар. Туризм адамның ішкі жан дүниесін байытады, мінез-құлқын тәрбиелеуге әсерін тигізеді. Туризм – француз тілінен аударғанда серуендеу, қыдыру яғни адамның бос уақытындағы демалыстың қандай да түріндегі әрекеті. Туризм – адамдардың қарым-қатынасын байланыстырады, әлеуметтік шындықты ойлау қабілетін арттырып қоршаған ортаның өркендеуіне, мәдениет пен өнердің дамуына жол береді.

Туризм – спорт, денсаулық, демалыс. Жас турисшілер байсалды әрі санатты жорықтарға, көпкүндік саяхаттар мен экспедицияларға қатыса жүріп, туристік жұмыс дағдыларын бойына дарытады, туризм жөніндегі нұсқаушыға, төрешіге айналады, мектептер мен мектептен тыс мекемелерде туристік слеттер, жарыстар, жорықтар ұйымдастыруға көмектеседі, спорттық шеберлігін жетілдіреді, ауданда, қалада, ауылда, тұрған жерінде бұқаралық спорттық, туризмнің дамуына жәрдемдеседі.

Тест тапсырмалары

1.«Турист» және «туризм» термині қай тілден аударылған?

а) Неміс в) француз с) орыс д) ағылшын

2. Ең белгілі, маңызды халықаралық туристік ұйым:

а) ДТҰ в) БҰҰ с) барлық жауап дұрыс д) ЮНЕСКО

3. Дүниежүзілік туризм күні:

а) 27 қыркүйек в) 27 тамыз с) 27 мамыр д) 27 қазан

4. туристік жорықтарды ұйымдастырып өткізу кезеңі:

А) 4 в) 6 с) 5 д) 3

5. Туризм қай ғасырда қалыптасты

а) ХІ в) ХҮ с) ХІХ д) ХІҮ

Студенттер жаңа материалды айналадағы әр түрлі құбылыстармен байланыстырып, сонымен қатар өмірде қолданыста жүрген ұғымдарды айтып, ой бөліседі.

Студенттер дене тәрбиесіндегі туризмнің рөлі мен туристің құқытары мен міндеттері жөніндегі ақпаратпен танысып, өз ойларын ортаға салады. Қосымша мәліметтер алады, білімдерін толықтырады. Тақырыпты ашып, ақпаратты игеруге бар зейінін аударады.

Тақырып бойынша мәліметтерді дәптерлеріне туристік жорықтағы қауіпсіздік ережелерін, туристік жорықтағы тәртіп бұзушылықтар мен оқыс оқиғаларды, олардың алдын алу шараларын түсіріп отырады.

Интерактивті тақта арқылы оқып, талдайды.

Саяхатта алдын ала қауіпті көре білуді және қажетті алдын алу шараларын уақытында қабылдауды меңгеріп отырады.

Транзитті қоса алғанда, саяхатқа әзірленген, саяхат жасаған кезде туристiң құқықтары мен міндеттерін рет-ретімен түсіріп отырады.

Тест жауаптары

1-в, 2-а, 3-а, 4-д, 5-с

Дәріске дейін студенттердің туризм, туристік жорық тақырыбы бойынша өз білімдерін өмірде қолданып жүрген ұғымдарын айтады.

Айтылған ақпаратты мұқият тыңдау қозғалыстағы жорық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын меңгере отырып, өзіндік пікір қалыптасады, туристік жорық туралы өз білімдерін толықтырады, туристік жорықтағы қауіптермен танысып, өз ойын талдап, түсінуге мүмкіндік алады.

Әр түрлі санатты жорықтарға, көпкүндік саяхаттар мен экспедицияларға қатыса жүріп, туристік жұмыс дағдыларын бойына дарытады, туризм жөніндегі нұсқаушыға, төрешіге айналады, мектептер мен мектептен тыс мекемелерде туристік слеттер, жарыстар, жорықтар ұйымдастыруға көмектеседі, спорттық шеберлігін жетілдіреді, ауданда, қалада, ауылда, тұрған жерінде бұқаралық спорттық, туризмнің дамуына жәрдемдеседі.

Туристік жорық өткізудің кезеңдерін меңгереді.

Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын меңгереді.

ІІІ. Қорытындылау. Студенттердің сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындау барысындағы іс-әрекеттері бойынша бағаланады. Үй тапсырмасын беру. Сабақты аяқтау. Студенттермен қоштасу. Сабақтағы өзінің іс-әрекетін ой елегінен өткізіп, өз-өздеріне баға беріп, білімдерін жүйелейді. Өзіндік қозғалысын бағалау,

өз әрекеттері арқылы білімдерін нақтылайды. Барлық студенттердің білімі бағаланады.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше