Сабақ тақырыбы: Ғажайыпстанға саяхат

Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы, №4 Хромтау орта мектебі

Мектепалды даярлық «б» сыныбы

Тәрбиеші: Ермагамбетова Махаббат Калуовна

Білім салалары: Таным. Қатынас.Әлеумет. Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту. ҚМҰҚ. Жаратылыстану. Музыка.

Тақырыбы: Ғажайыпстанға саяхат

Мақсаты: Балалардың ой-өрісін, білімділігін, сөздік қорын дамыту. Сұраққа дұрыс жауап беруге дағдыландыру. Ұйымшылдыққа, қамқорлық жасауға,адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, планшет, пішіндер,ойыншықтар, сандар, суреттер.

Әдіс -тәсілі: Ойын, саяхат,сұрақ-жауап.

Әрекет кезеңдері:

Мотивациялық қозғаушылық

Іздену-ұйымдастырушылық

Рефлексивті түзетуші

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Шаттық шеңбері:

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз!

Күлімдеген күндейміз!

Еш уайымды білмейміз.

Амандасады.

Қимылмен көрсетеді.

(ұялы телефонға хабарлама келеді)

-Балалар, бізге хабарлама келіп тұр, бірақ хабарламаны оқу үшін сұрақтарға жауап беру керек екенбіз.

-Жылдың неше мезгілі бар?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде неше ай бар? Ата.

-Төрт мезгілі бар.

-Күз мезгілі.

-Үш. Қыркүйек,қазан,қараша.

(хабарламаны оқиды)

«-Сәлеметсіңдер ме, балалар? Біз Ғажайыпстан еліне келе жатып жолда кедергілерге тап болдық.Бізге сендердің көмектерің қажет. Өтінеміз бізге көмектесіңдерші! Сәлеммен Елдос пен Аяжан.»

-Ендеше, Елдос пен Аяжанға көмектесейік.

(отырып, әндетіп барады)

1-тапсырма: Логикалық сұрақтар.

а) Балапанда екі қанат,көбелекте төрт қанат, ал қуыршақта неше қанат?

ә) Аружанда ұзын көйлек, Дианада қысқа көйлек, ал Есетте қандай көйлек?

б) Құс ұшады, жылан жорғалайды, ал балық не істейді?

в) Үш бұрыштың бұрышы үшеу, шаршының бұрышы төртеу, ал дөңгелектің бұрышы нешеу?

2-тапсырма:Көршісін тап.

2 4 6 8 10

Сергіту сәті:

Диқан болып кеткем мен

Арық жырам кетпенмен

Бағу үшін малды мен

Шөп шабамын шалғымен

Кеншілікте қыламын

Жақпар тасты ұрамын

Судан балық сүземін

Суда жақсы жүземін

Бұдан кейін не істермін?

Ел сақтығын ескердім

Қатардағы әскермін

1 2 3,1 2 3

3-тапсырма: Өтілген дыбыстарды қайталап, сол дыбыстарға сөз ойла.

4-тапсырма:Жануарлар нешеге бөлінеді? Ата.

Ал енді, балалар, Аяжан мен Елдосқа арнап сурет салайық.

Балалар жапырақтардың суретін салады.

Қортынды:

-Кім хат жіберді?

-Қандай тапсырмалар орындадық?

Сабақ бойы үйренгендерін қайталап айтады.

Күтілетін нәтиже: Дыбыстарды біледі

Топпен жұмыс жасайды Берілген тапсырмаларды орындайды

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше