Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы
Алматы қаласы Бостандық ауданы
Әл-Фараби атындағы №145 ЖББМ-нің
жоғарғы санатты, физика пәнінің мұғалімі
Борангазиева Светлана Аниятовна.
Мектеп директорының оқу ісі
жөніндегі орынбасары. «ҚР Білім және
ғылым министрлігінің Құрметті қызметкері»
медалі мен «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісінің иегері.
Тақырыбы: Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы
Мақсаты:
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы жайлы мағлұмат беру
Токтың жұмысы мен қуаты және Джоуль-Ленц заңын күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Күтілетін нәтиже
| Білімділік | Жаңа білім | Электр тоғы жұмысын, қуатын сипаттайды.
Ваттметр және электресептеуіш құралдарын анықтайды. |
| Жаңа түсінік | Джоуль-Ленц заңының түсіндірмесін береді | |
| Құзырлылық | Қолданым әрекеті | Электр тогының жұмысы, қуаты формаларын пайдаланып, белгісіз параметрлерді есептеп шығарады |
| Талдау әрекеті | Электр энергиясы, кернеу және ток күші арасындағы байланысты талдайды | |
| Шығармашылық
әрекет |
Электр тогының жұмысы мен қуаты формулаларын түрлендіреді | |
| Құндылық | Бағамдау әрекеті | Әрбір пәтердегі электресептеуіш пен қаладағы тарифті пайдаланып, бір айға электр энергиясы үшін төленетін құнды есептеп шығаруға болатынын сипаттайды |
I. Ұйымдастыру кезеңі. (1 мин)
Жаңа сабақ: үш фазада сабақты бөліп өткізу (физикада фаза зарядтың мәнін ғана емес гармоникалық заңдармен өзгеретін басқа да физикалық шамалардың мәнін анықтайды. Фаза берілген амплитуда кезінде тербелмелі жүйенің кез-келген уақыт мезетіндегі күйін анықтайды)
І.Қызығушылықты ояту (1-фаза)
Электр тарауындағы физикалық формулаларға байланысты кестелерді толтыру (10 минут) (мұғалімнің іс-әрекеті мен оқушының іс әрекеті айқындалады)
| № | Атауы | Белгіленуі | Формуласы | Өлшем бірлігі |
| 1 | Ток күші | I | ||
| 2 | Кернеу | |||
| 3 | Кедергі | R | ||
| 4 | Заряд | It | It | |
| 5 | Уақыт | t |
Өзіндік тапсырма
- Мына схемаларды түсіндір, шартты белгілерін ата!
Мына тізбектер тізбекке қалай жалғанғандығын түсіндір?
Өткен сабақпен жаңа сабақты ұйымдастырудан тұратын үрдіс
- Электр есептегіш құралдармен таныстыру
(сұрақ қою) 1 кВт*сағ=21 тенге
- Мұғалімнің іс-әрекеті: «Алдарыңда есептегіш құрал тұр. Бұл қандай құрал? Нені есептейді? Күнделікті тұрмыста не үшін қажет?» деген сұрақтар қойылады.
Оқушының іс-әрекеті:
Оқушы тақырыбын, оның мақсатын тану барысында есептегіш құралды көре отырып «мен үшін жаңа ақпарат», «мен үшін қажетті нәрсе», «мені таң қалдырды» деп өзіне сұрақ қоя отырып тапсырманы орындайды.
Содан кейін оқушы құралды қолмен ұстай отырып, мұғаліммен бірлесіп құралдың жұмыс істеу принциптерімен танысады, күнделікті тіршілікте қолданысқа керектігін және өмірде қажеттілігіне көз жеткізеді.
ІІ.Мағынаны тану (2-ші фаза)
(12 мин) Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыратын көпір
| № | Атауы | Белгіленуі | Формуласы | Өлшем бірлігі |
| 1 | Ток күші | І | I= | |
| 2 | Кернеу | U | ||
| 3 | Кедергі | R | ||
| 4 | Заряд | q | q=It | |
| 5 | Уақыт | t | ||
| 6 | Жұмыс | A | ||
| 7 | Қуат | P | ||
| 8 | Жылу мөлшері | Q |
Формулаларды түрлендіру
I= q=It U=A=Uq
Электр тогының жұмысы:
A=IUt
Ом заңы бойынша: I=U=IR
Эквиваленттітізбектейпараллель
Өлшем бірліктері: 1Дж=1А*1В*1с
Электр тогының қуаты
Электр тогының қуаты: P = A=IUt
Ом заңы бойыншаI= ; P=IU;
эквивалентті
Өлшем бірліктері: 1Вт=1A*1В
Джоуль-Ленц заңы
Өткізгіштің бойымен ток жүрген кезде, өткізгіште болатын жылу мөлшері токтың квадратына, өткізгіш кедергісіне және токтың жүру уақытына тура пропорцианал болады.
Q=I2R t
Психологиялық тренинг
“Өз жұлдызыңды тап” (2 мин)
Көздеріңді жұмыңдар.
Жұлдызды аспанды көз алдарыңа елестетіңдер. Оған зер салып, өзіңе ұнаған жұлдызды таңдағын. Қолыңды созып, мақсатқа жету үшін бар қуатыңды, бар энергияңмен жұмыс істеп, өз жұлдыздарыңа қол жеткізіңдер.
Аспаннан жұлдызды мұқият түсіріп алыңдар, алдарыңа ептеп қойыңдар. (Енді көздеріңді ашыңдар). Енді қолымыздағы жұлдызды Қоғамдық сананы рухани жаңғырту бағдарламасын іске асыруға арнаймыз. Елбасымыздың «Жоғары білім ең жоғарғы талаптарға жауап беруі тиіс» деп Жолдауда көрсеткендей, бар күш- қуатымызды, қолымыздағы жұлдызды сәтімізді осы мақсатқа пайдаланамыз.
Деңгейлік тапсырмалар
І деңгейлік тапсырма (15 мин)
1. Электр шамының балонында 240 В, 95 Вт деп жазылған. Ток күшін есепте.
- P = IU I = = 0.4 A
2. Электр шамының кернеуі 120 В және ток күші 0,5 А болса, оның қуаты неге тең?
- P=IU = 60 Вт
ІІ деңгейлік тапсырма
1.Ток күші 3,5 А болғанда 12 В кернеуге есептелген машинаның электр шамы 2 минут ішінде қандай жұмыс істейді?
- A=Q=IUt = 5кДж
2. Мұнай араластырғышты іске қосатын электрқозғалтқышының қуаты 1900 Вт. Электрқозғалтқышынан 2 сағ ішінде 14400 Кл зарядты өткізетін ораманың кедергісін анықтаңыздар.
- P=I2R I = 2A R= 475 Oм
ІІІ деңгейлік тапсырма
- 1. Қуаты 600 Вт электр шәйнегіндегі массасы 2 кг суды 20ºС-тан 100ºС-қа дейін қыздыру үшін қанша уақыт қажет? Шәйнектің ПӘК = 80%.
1. 3.Q=
2. Q=A=Pt 4.t= =1400 c
Уақыт
Оқушылардың бағалау парағы(3 мин) кері байланыс
| № | Оқушының аты-жөні | Үй тапсырмасыҮйге тапсырма (2 мин) Ой толғау(3- фаза) |
Схемамен жұмыс | Сәйкестікті тап | Физикалық диктант | Сандық есептер | Қорытын ды |
| 1 | + | + | + | + | + | 5 | |
| 2 | + | + | + | 3 | |||
| 3 | + | + | + | + | 4 |
Үйге тапсырма (2 мин)
Ой толғау(3- фаза)
Үйге тапсырма:
Сендер үйлеріңе шығын әкелмеу үшін не істеулерің керек? Үйдегі ток көзіне қосылатын заттардың қанша қосылып тұратынын байқап, қанша энергия жұмсайтындарыңды есептеңдер.
| реті | Электресептегіштің қазіргі саны | Электресептегіштің бұрынғы саны | Қанша кВт*сағ (тариф) | Шығыны (тг) |
| 1 |
