Бала тәрбиесіндегі ойынның алатын орны

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қаратал селосы

«Балбөбек» балабақшасы» МКҚК музыка жетекшісі

Исимгалиева Жанагул Тлегеновна

Бала тәрбиесіндегі ойынның алатын орны

Бала-еліміздің бүгіні мен ертеңі, мемлекетіміздің басты байлығы әрі тірегі.

Әрбір баланың өмірін жақсарту үшін сапалы білім мен саналы тәрбие беру қажет.

Біздің өскелең ұрпағымыздың алғашқы сатысы, білім мен тәрбие көзі балабақшадан бастау алады. Егеменді еліміздің өскелең ұрпағын тәрбиелеу үшін тәрбие жұмысының қыр-сырына терең бойлай алатын шығармашыл, жан-жақты, озық ойлы жаңа тәсілді жетік білетін сенімді, білімді маман болуы қажет. Сол себепті бала тәрбиесінде кездейсоқ адамдардың тәрбие беруі мүмкін емес.

Ұлы Абай атамыз «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады, бірінші ата-анасынан, екінші ұстазынан, үшінші құрбысынан», – деген екен. Отбасындағы бала тәрбиесінде үлкен тұлға – ата-ана. Әкенің ақылын, ананың әлдиін, өнегесін естіп өскен әрбір қазақ баласы үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетеді. Екінші мінез ұстазынан демекші, тәрбиеші баланы қиыншылықтарымен күресуге, жеңуге үйретеді. Айналасындағы құрбы-құрдастарының қайырымды, байсалды, ақ жүректі, адал болуы бұл балаға жұққан үшінші мінездің белгісі. Бала тәрбиесі-зор адамгершілік пен имандылықты талап етеді. Бала отбасында тәрбие алып өседі де, қоғамда белгілі бір тұлға болып қалыптасады. Бала тәрбиесі- бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беруде отбасы мен балабақшаның өзара тығыз байланыста болуы маңызды. Бала – біздің болашағымыз десек,осы болашақ ұрпақты тәрбиелеуде қандай жұмыстар жасауымыз керек?

Әрине,бірлесе жұмыс жасауымыз керек. Тәрбие мен білім беруде ата-аналарды бірлесе жұмылдыру, баланы тәрбиелеу мен оқытудағы мәліметтерін кеңейту, өзара сыйластық, түсінушілік, шынайы сенімділік,терең қарым-қатынастарды арттыру қажет. Жас бала-жас бір шыбық,жас күнде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты артынан түзеймін десең сындырып аласың. «Баланы бастан» деген сөздің мәнісі осы. «Тәрбие» деген баланы қақпай, бетімен жіберу емес. Баланы тәрбиелеу тұрмыс майданында ақылмен,әдіспен күресе білетін адам баласын адал жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз. ҚР Конституциясы және ҚР «Білім беру туралы» Заңның басшылыққа ала отырып, оқу-тәрбиесі ісін ҚР мемлекеттік білім беру стандарты және оның талаптарына сай «Алғашқы қадам». Ерте жастағы (1 жастан 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала»кіші жастағы (3 жастан 5 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған, «Біз мектепке барамыз» мектепке дейінгі ересек жастағы (5 жастан 6жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған бағдарламаларды, төл бағдарламамыз «Балбөбек», мектепке дейінгі жалпы білім беру (балабақшаның 5 жастағы ересектер тобына арналған) бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Балабақшада балалар өз құрбы құрдастарымен араласып, ойын ойнай алады.

Ойын демекші – балаға берілетін білім, оқу-тәрбие үрдісі барлығы ойын арқылы жүзеге асады. Ойын түрінде өтілген оқу іс-әрекеті балаға түсінікті де қызықты болады. Ойын бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшелітерін қалыптастырады.

Ойын – балалар үшін айналасындағы танып-білу тәсілі. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С. Макаренко былай деп жазды: Бала ойында қалай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады. Сондықтан келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады. Ойынның негізгі ерекшелігі: балалардың қоршаған ортаны-адамдардың қимылын , іс-әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады.

Ойын оқу үстіндегі оқытумен тығыз байланысты. Ойын ешқашан өзінің қызықшылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны, сипаты өзгереді.

Ойындар мазмұнына қарай біршама түрлерге бөлінеді: ұлттық ойындар, қимылды ойындар, драматизациялық ойындар, логикалық ойындар,спорттық ойындар т.б.

Ендеше, ойын арқылы балаларға жан-жақты оқу- тәрбие беру тиімді.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше