Баланы жан-жақты дамытуда дидактикалық ойындард ы қолданудың тиімділігі
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қаратал селосы
«Балбөбек» балабақшасы» МКҚК тәрбиешісі
Оспанова Салтанат Мырзагуловна
Баланы жан-жақты дамытуда дидактикалық ойындарды қолданудың тиімділігі
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болама?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың еңбекке қатынасымен өмірге бейімделуі осы ойын арқылы қалыптасады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, шығармашыл, тапқыр, белсенділік әрекет байқатады. Ойынның түрлері көп, соның ішінде балалар үшін дидактикалық ойынның маңызы зор. Ойындарда балалардың алдына қандай да бір міндеттер қойылады. Дидактикалық ойын балалардың түсіну мен қабылдау қабілетін дамытуға, ұғымдарын қалыптастыруға, білімді меңгеруіне көмектеседі. Дидактикалық ойынның нәтижесі қандай жолмен болса да ұту емес балалардың білімді игеру, ақыл – ой қызметін дамытуда өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші.
Сондықтан да дидактикалық ойынның мазмұнын қызықты етіп ұйымдастыру тәрбиешілер үшін үлкен шеберлікті қажет етеді. Қазіргі заман тәрбиешілерімізге уақытымен білімдерін жаңартып, жаңа технологияларымен, ақпараттық құралдармен жұмыс жасауда ізденісті талап етіп отыр. Тәрбиешілер берілген суреттерді пайдаланып, әртүрлі ойындар ойлап табуына болады. Олардың шығармашылық қиялына шектеу салмау үшін екі дидактикалық ойынның үлгісі беріліп отыр.
«Менің киімдерім»
Мақсаты: Зат есімдерді (киімдерді) жекеше, көпше түрде айтуға үйрету.
Дайындық жұмысы: көрсетілген орынға қалташалар жасау, заттық суреттерді қиып алу.
Мазмұны: балаларға киімдердің сурттерін таратып береді. Қолындағы киімді атап, оның қай топқа жататынын (тақия – баскиім) дұрыс айтқан бала суретте тиісті орынға орналастырады. Ойынның соңында суреттерді көпше түрде айтқызады: Баскиімдер, киімдер, аяқкиімдер.
«Жемістер мен көкөністерді бөліп сал»
Мақсаты: көкөністер мен жемістеді ажырата білуге, оларды дұрыс атауға үйрету.
Дайындық жұмысы: себет пен ыдыстағы көрсетілген орынға қалташалар жасап көкөністер мен жемістерді қиып алу.
Мазмұны: тәрбиеші себет пен ыдыстың суретін тақтаға іледі. Заттық суреттерді балаларға таратып беріп, көкөніс пен жемістің қайсысына жататынын анықтау үшін уақыт береді. соңынан әр бала өз қолындағы сурет туралы, айтып көкөніс болса себетке, жеміс болса ыдысқа салады.
ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ МУЗЫКА САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Музыка сабақтарында дидактикалық ойындарды көркем әдебиеттермен ұштастыру жұмыстары да тәрбиеленушілер дің тәрбиелеуде маңызы зор. Көркем әдебиеттерді оқу арқылы оқушылардың эстетикалық адамгершілік қасиеттері дамиды.
Шығармадағы кейіпкерлерді тану барысында жақсы істерге ұмытылады.
С.Рахметова музыка сабақтарында көркем шығармалардың тәрбиеленушілерді тәрбиелеудегі маңызын жан-жақты талдап көрсетеді:
1.Идеялық-саяси, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру;
2.Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру;
3.Балаларды, жас өспірімдер мен үлкендердің үлгілі, ерлік істерімен, еңбектерімен таныстыру арқылы қоғам игілігіне адал ниетпен еңбек етуге, адамгершілікке, бір-бірін сыйлаушылыққа, адалдық пен шыншылдыққа, кішіпейіл болуға тәрбиелеу;
4.Отанымыздың мейлінше бай, көркем де сұлу табиғаты жайлы материалдармен танысу арқылы табиғатта кездесетін өзгерістер мен құбылыстарды байқай біліп, теңдесі жоқ сұлулық пен көркемдікті бағалай білуге, елін, жерін қадір тұтып, сүюге тәрбиелеу;
5.Балалардың алған білімдері мен оқу дағдыларын, шеберліктерін жетілдіру, тілін онан әрі дамыта түсу;
6. Халықтардың бостандық, бейбітшілік үшін жүргізген қаһармандық күрестерімен таныстыра отырып, Отанды сүю, бейбітшілік пен халықтар достығы рухында қалыптастыру;
7.Саналы тәртіпке, дұрыс мінез-құлық нормаларына үйрету;
8. Еңбекке қызығу, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Демек, музыка сабақтарында дидактикалық ойындарды тәрбиеленушілерді жан-жақты тәрбиелеуге негіздеу қажет. Осыған орай музыка сабағында дидактикалық ойындар арқылы меңгерту жұмыстарының мынадай мақсаттары болуы керек:
«Күн мен жаңбыр» ойыны
Ойынның мақсаты: Балаларды музыканың әртүрлі сипатын ажыратуға баулу(көңілді,ойнақы,сабырлы,мұңды).Шығармалардың көңіл-күйін сезіне білуге үйретеді.
Ойынның шарты: Көңілді күн мен бұлт суреттері бейнеленген карточкалар таратылады.Балалар екі түрлі шығарманы тыңдап,әуен сипатына сәйкес суретті көрсетеді.
«Төмен және жоғары дыбыстар» ойыны
Ойынның мақсаты: Балаларды шығарманы тыңдай отырып, динамикалық бояуларын,дауыс күштілігін ажырата білуге баулу.
Ойынның шарты: Түстері бірдей,әртүрлі көлемдегі сары қоңыраулар суреті салынған карточкалар үлестіріледі.Шығарманы тыңдап,төменгі дыбысқа үлкен қоңырау,орташа дыбысқа орташа қоңырау,жіңішке дауыстағы әуенге кіші қоңырау бейнеленген сәйкес карточканы көрсетеді.
