Қол саусақтарының ұсақ моторикасын дамыту

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қаратал селосы.

«Балбөбек» балабақшасы Тәрбиеші Абиева Таттігүл Жолдасовна

Қол саусақтарының ұсақ моторикасын дамыту

Мүмкіндігі шектеулі балалардың саусақ қимылы мен қол жаттығуын дамыту баланың жан-жақты дамуында маңызды роль атқарады.

Қол және саусақ қимылын дамыту бала миының дамуына жақсы әсер беретінін мамандар баяғы –ақ дәлелдеген.Мамандардың айтуы бойынша ,қол мен саусақ қимыл жаттығу ойындары ми жүйесін керемет жағдайда ұстай отырып,ақыл-ес және дененің үйлесімді қатынасын реттейді. Саусақ гимнастикасының күн сайын 3-5 минуттан бірге орындауда қиналса онда ол жаттығуды жеке сабаққа қалдырып,пысықтауға болады. Жүйелі жүргізілеген жаттығу нәтижесінде баланың саусақ қимылдары иілгіш келеді. Ойын қимылдары әрдайым қызықты да тартымды болуы шарт,баланы мезі қылмауы керек.Бір өткізгенде екі-үш жаттығу түрін ғана қолданады.Саусақ жаттығуларын жазу,қазақ тілі,математика сабақтарында орындатамыз.Ал,алғашында үстелге немесе басқа затқа сүйеніп саусақ гимнастикасын жасау ұсынылады. Саусақ жаттығулары қарапайымнан күрделіге қарай ойысады.Ол екіге бөлінеді: 1.Отырып ойналатын саусақ ойындары.(Саусақ ұштарымен қимылдатамыз) 2.Қолдың нәзік бұлшық еттерімен бірге дененің барлық мүшелері қатысып орындалады. Пассивті жаттығу-ұсақ моториканы дамытудың алғашқы сатысы.Жаттығулардың мақсатты пайдаланылуы мынадай әдістерді ұсынады:сипау,жаймен уқалау және діріл. Массажды әрекеттер саусақ ұшынан басталып төменгі буынға жалғасады. Бұл жерде массажды әрекеттер баланың жеке бас диагнозына байланысты жүргізіледі.Содан кейін ғана активті саусақ жаттығуларына көшу ұсынылады.Оның деңгейі баланың ұсақ моторикасының даму деңгейіне қарай таңдалады.Қол саусақтарына арналған пассивті жаттығулар жасау кезінде балаға қолайсыз жағдай туғызбауын және тітіркендірмеуін қадағалаған жөн.Массаж жасау кезінде лирикалық әуен, қоюға да болады.Саусақ қозғалыстары әртүрлі қысқа ырғақты тақпақтармен айтылады. Саусақ жаттығуларын орындауда: 1.Алдымен барлық жаттығулар баяу орындалады.Баланың жзаттығуды дұрыс қайталауын және білектердің, саусақтардың қалпын дұрыс сақтауын және бір қозғалыстан екіншісіне дұрыс ауысуын қадағалау керек. 2.Жаттығулар алдымен бір қолмен орындалады(егер де жаттығу екі қолдың бірге қатысуымен қарастырмаса),содан кейін екінші қолмен,сосын екі қолмен бір уақытта 3.Кейбір жаттығулар бірнеше түрде берілген.Бірінші ең жеңілі орындалады. 4.Әр жаттығуға көру бейнесін қалыптастыру үшін өзінің суреттері сәйкес келеді! Алдымен балаға түрлі түсті суретті көрсетесіз және жаттығудың қалай орындалуын түсіндіріп,одан кейін бірге жасап үйретесіз.Адамның он екі мүшесінің тіршілікті атқарар міндеті зор.Соның ішінде екі қолға бес-бестен біткен он саусақты күнделікті қажетті жұмыстарды атқаруға пайдаланатынымыз белгілі.Сонымен қатар ертеден келе жатқан «Қуырмаш» ойынынан саусақ атауларын бала тәрбиелеуге,оның тілін жетілдіруге, ойын ұштауға әдемі пайдаланғанын білеміз.

Қуыр,қуыр,қуырмаш, Тауықтарға тары шаш. Балапанға бидай шаш. Балаларға тәтті шаш,-дей келе,жұмылған әр саусақты жеке-жеке ашады:одан соң әр саусақтың басынан ұстап тұрып, «қарның ашса:мына жерде нан бар,мына жерде май бар» деп әртүрлі астың атын атай келіп,қолтыққа жеткенде «қуырмаш» , «қуырмаш» деп қытықтайды.Көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын бұл ойын балаға саусақтардың атын,адамға берер түрлі астың атауын да үйретеді.Сондай-ақ төрт түлік малды таныстырып,оны бағып еңбектенгенде ғана тамақтануға болатынын ескертіп,еңбекпен тамақ тапқан тәтті болатынын уағыздайды.

«Нан ысу» -жаттығу(қарындашпен).Қарындашты екі қолымызбен (алақанымызбен) үстел үстіне қойып,нан ысқандай етіп алға,артқа домалатамыз.

Бала бір саусақ ойынын жетік меңгерсе,бала бір қолмен ойналатын саусақ ойындарын жақсы қабылдайды.Қабылдау мүмкіндігіне байланысты балалар екі қолмен ойналатын саусақ ойындарын игере алады.Мысалы,бір қол үйшікте,екінші қол үйге жүгіріп келе жатқанмысық болуы мүмкін.Ақыл-ой деңгейіне байланысты балалар белгілі бір көріністі саусақ арқылы сахналай алады.

Өзімнің тәжірибемде қолданып жүрген мұндай ойын түрлерін әр сабақта қолдану оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін,оқуға ынтасын,пәнге деген қызығушылығын қалыптастырады.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше