«Жадымда жаңғырады –Желтоқсан» тарихи- әдеби ке ші

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

«Бейнеу кешкі мектебі» КММ

Тарих пәні мұғалімі Мергенова Оңайгүл

Тақырыбы: «Жадымда жаңғырады –Желтоқсан» тарихи- әдеби кеші. Мақсаты:Ғасырлар бойы жүргізілген ұлт-азаттық көтерілісінің заңды жалғасындай болып, тарихта қалған Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы баяндау; Желтоқсан оқиғасының себеп –салдары оның құрбандары туралы тақырыптың тарихи маңызын, мәнін ашу,бүгінгі жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру.

Жүргізуші:
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған
Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар! «Жадымда жаңғырады –Желтоқсан»атты тарихи- әдеби кешімізді бастай отырып, бейнероликды назарларыңызға ұсынамыз. Бейнеролик көрсетіледі.

Жүргізуші: 1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10.00 да бар жоғы

18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып келген Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтыңтүсіріліп, орнынаГенадий Колбинді ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді. «Тәуелсіздік керек!» қазақ елінің өз көсемі сайлансын!-деген тілекпен мыңдаған қазақ жастары наразылық білдірді. Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады.
Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 31 жыл толып отыр.

Жүргізуші:
Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыз Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?
Осы желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, орынымыздан тұрып бір минут еске алайық!
Бір минут үнсіздік

Жүргізуші:
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым
Бет бағдарын бақиға бұрғандарым,
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,
Кеудемдегі қоламта қоздатқаным
Тұншықса да түрмеде тозбапты әнім.
Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан,
Жалтақтап кете барған боздақтарым.

Көрініс: Жәймен музыка орындалып, ортада Ана отырады.
(Қайраттың өлеңі оқылады)
Елбең, елбең жүгірген
Ебелек отқа семірген
Арғымақ мінген жаратып
Ақсауыт киген темірден
Алатаудай бабалар
Аруағыңмен жебей көр! – деген Қайраттың дауысы естілді.
Ана: Ойпырмай, биіктен құлаған тау суындай буырқанған тасқынды бұл
үн кімдікі өзі? Жас тұлпар тұяғының дүбірі естілгендей ме өзінен?
Оқыстан шыққан айқай – шуды, сол шуға бүйірі қызған дара боздың шабысындай мына үнді қайдан естіген едім? Ойпырмай, ия, ия, сол дауыс қой мынау, Қайраттың дауысы ғой, таныдым. Тоқыраудың тоғышарлары тобықтан қағып құлатқан Қайратымыздың үні ғой бұл. Ия, ия, дәл сол! Қалай болып еді өзі?!
1- жүргізуші: Ия, бұл күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 86-ның 16 желтоқсаны еді.
(Ана ортадан ақырындап кетеді)

Бейнежазба көрсетіледі.
Жүргізуші: Ия, тарихта «Құйын-86» деген атпен мәңгі қалатын бұл жойқын шабуылдың құрбаны болып Қазақ қыздары мен жігіттері біздің арамыздан кете барды.

Көрініс: «Қазақ жастарының алаңға шығуы» Ортаға дабырлай басып бір топ жастар шығады. Барлығы дабырласа:
Бір топ:
Естідіңдер ме?
Бұл не масқара!
Неге халықпен санаспайды?
Қашанғы шыдаймыз?
Ең болмаса өз ішімізден неге сайламаған?
Ел қамын біз ойламағанда, кім ойлайды.
1-жігіт: Дүрсілкінді қайдан да қоңыр аймақ,
Бағы жана ма қала ма соры қайнап
Ұран жазып қып-қызыл ту көтерген
Бізде шықтық алаңға «Елім-ай – лап»
2-жігіт: Ербол Сыпатаев: демократияны бұғаудан босатыңдар, әр халыққа өзінің көсемі керек.
1-қыз: Сәбира Мұхамеджанова: бұл дегенің ҚКП-да беделдің қалмағаны,
құрып барады емес пе?
3-жігіт:
Ескерусіз дін жатыр сүресінде
Қақпақ қойып ауызға, көзді байлап.
Санаспайды-әй, бұлар тегі ешкіммен
Жариялылық дегенің елес, білем.
2-қыз:
Сүрмейтұғын болдық қой күймей ғұмыр
Көлеңке күннен де тимейді нұр.
Колбин деген кім екен, қайдан келген,
Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?
3-қыз:
Өгей қозы біз болдық енемізге
Келімсектер шықты ғой төбемізге
Ақиқат жоқ маңайың толған аңыз
Жүр екенбіз тұманды жолда нағыз.
Осы кезде жан-жақтан милиция, солдаттар қоршай бір дөкей шығады.
– Тараңдар әйтпесе күш қолданамыз.
(Ешкім қозғалмайды, осы кезде жаңағы дөкей қолын сілтеп қалады. Сойылмен соғу, қыздардың шашынан сүйреу, тепкілеу, айқай шу, қызыл қанға боялады)
Жүргізуші: Ия, бұл жазықсыз құрбан болған Қайраттың соңғы күні.
Ол 1987 жылдың 1-қаңтар күні үйінде жаңа жылды тойлау үстінде тұтқындылған еді.
Иә, аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз – жігіттер «контреволюциөнерлер емес» -еді.
Тәуелсіз мемлекет болуымызға шырылдап жанын қиған Сабира Мұхамеджанова, Лаззат Асанова,Ербол Спатаев, Қайрат Рысқұлбековтар еді.
Көрініс: «Қайраттың жауабы»
(Түрме іші,қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып,түрме жыры өлеңін оқып шығады. Содан кейін қатты шаршап ,былай дейді.)
Қайрат: Уһ, әбден шаршадым ау,жүйке тамырым жұқарды ғой ! Қайран бостандық!
Кезекші: Заключенный Рысқұлбеков на допрос!Қайратты алдына салып, тергеу бөлмесіне әкелді.
Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков! Сен мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?
Қайрат: Егер ол көшеге бармасам, оларды қайдан көрейін?
Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.
Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір.Бұл өтірік жала!
Тергеуші: Ах, ты декабрист несчастный! Я тебя покожу өтірікті жала дейді еще. (Ұрып соғады. Есінен танған Қайраттың бетіне су шашады)
Тергеуші: Әй Рысқұлбеков! Сен Савицкиді өлтірдім деп мойныңа ала сал.Сонда сенің жазаң жеңілденеді.Егер сен Савицкиді өлтіргеніңді мойындасаң әкеңе тиіспейміз.Әйтпесе әкеңді де.
Қайрат: Жолдас тергеуші!Бұл жала ғой!Өлтірген адамды өтірік өлтірдім деп қалай мойындаймын?Туған адам түгіл, тышқан да өлтіріп көргенім жоқ қой.
Тергеуші: Заключенный Рысқұльеков!Сен ақымақ болма! өлтірдім деп мойында.Бұл бір.Сен әкеңнен 4000 сом алып, мына менің жұмсақ алақаныма сал, бұл екі.Түсіндің бе мақұлық?
Қайрат: Жолдас тергеуші!Ауылда өз күнін әзер көріп отырған ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және неүшін төлеуім керек?Не үшін?Ешқандай қылмысым жоқ қой. Тергеуші: Әкетіңдер, құртыңдар, атыңдар!
Қайрат: айтар сөзім бар, Күнәдан таза басым бар
Жиырма бесте жасым бар
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар
Алам десең алыңдар
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар.
1-оқушы:
19-желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегі мен миынан жарақаттанған энергетика институтының екінші курс студенті Ербол Сыпатаев әкелінді. 23-желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды.

2-оқушы: Сол бір ерте түскен қыс тоқырау жанжалының табанында аяусыз, армансыз тапталған ар-намыстың ышқынған дауысы құлағымызда әлі шыңылдап тұрғандай. Бұл дауыстың ішінен қызғалдақтай Ләззат сенің де ләззат үнің талып естіледі.
Еліңнің сен намысы үшін
Құрбан еттің жаныңды
Мазақ етіп қорлай алмас
Ешкім сенің арыңды.
3-оқушы:
Сәбира Мұхамеджанова бар жоғы 16 жаста еді. 26-желтоқсан күні Астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін өзінің ар-намысына, анасына, атасына масқара сөздер айтып, балағаттағанына училищеден жазықсыз шығарылғаны үшін шыдай алмай, Өскемен педучилищесінің 1- курс студенті Сәбира Мұхамеджанова жатақхананың 5-ші қабатынан құлап өлді.

Жүргізуші:
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың
Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның
Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің.

Ән «Желтоқсан желі»

Жүргізуші: Президенттің жарлығымен 1996жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке “Халық қаһарманы” атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен “Алтын жұлдыз” тапсырылды.

Сабира , Ләззат, Ерболға “Ақтау жөніндегі анықтама” қағаздары берілді. Халқымыздың егемендігі жолында құрбан болғандарын дәлелдеп, оларды барынша, ақтау үшін барынша күрескен қайсар азаматтарымыз: Мұхтар Шаханов, Хасен Қожа-Ахмет, Коммунар Табей сынды ағаларымды көп еңбек етті.

Жүргізуші:
Тәуелсіз Қазақстан-ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын,
Еліміз әрқашанда тыныш болсын-дей келе бүгінгі кешімізді осымен аяқтаймыз.

Ән: Көк тудың желбірегені.
Қош, сау болыңыздар!

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше