«Тұңғыш президент» (тәрбие сағаты)
Көкшетау қаласы №18 «Мирас» балабақшасының тәрбиешісі Оразова Алғаман Қаратаевна
«Тұңғыш президент». (тәрбие сағаты)
Мақсаты : Балаларға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тұңғыш президенті екені туралы әңгімелеу, түсіндіру.Балалардың сөздік қорын байыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту.
Шаттық шеңбері :
Арайлап таң атты,
Алтын арай таратты.
Неткен сұлу неткен көркем
Осы менің туған өлкем.
Тәрбиеші : -Балалар, еліміздің президенті кім?
Балалар. Еліміздің президенті Нұсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші :1-ші желтоқсан еліміз үшін мереке күні болып
есептеледі. Өйткені бұл күн «Тұңғыш президент күні».
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің тұңғыш президенті.
1991 жылы 1-желтоқсанда халық өз таңдауымен Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбанвты президент етіп сайлады. Ал, 10-шы
Желтоқсаннан бастап президент өз қызметін бастады.
Балалардың назарын слайд суреттеріне аудару, сұрақтар
қою, жауап алу.
–Мына суретте не беинеленген? ……. карта.
– Қай елдің картасы ? ҚР-ның картасы.
– Біздің еліміз қалай аталады — Қазақстан Республикасы
Отан туралы кім тақпақ айтады
Илияс:
Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып , күн болам,
Қараңғылықтын көгіне
Күн болмағанда кім болам,
Мұздаған елдің жүрегін
Жылытуға ұмтылам.
Б.Сабина:
Отан жерім, Отан-суым,
Отан қуат нәр береді.
Отан-ұран, Отан туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Тәрбиеші.Еліміздің астанасы қай қала?
Тәрбиеші:Ал балалар маған еліміздің бас ордасы Астана туралы кім маған тақпақ айтып береді?
Нұрай :
Астана арман қала,
Бағы бір жанған қала,
Тұрасың жап-жас болып,
Мен үлкен болғанда да.
Аян:
Қазақ-тілі ата- анаң
Қуат алар Отан да одан.
Дүниенін бар асылы,
Тең келмейді ешбірі оған.
Санжар:
Күн өткен сайын құлпырып,
Жайнадың гүлдей Астана,
Елорда – менің Астанам,
Елорда-менің бас қалам.
Ән. « Қазақстан» орынд. «Ұлан» тобы.
Тәрбиеші:Біздіңұлтымыз қалай аталады? – ұлтымыз қазақ.
Ана тіліміз қай тіл. — қазақ тілі.
Тәрбиеші:- Біздің рәміздерімізді нелер жатады ?
Балалар : ту, елтаңба, әнұран
Тәрбиеші:балалар тағы маған кім тақпақ айтып береді?.
Айна :
Көк байрағы бабамның,
Бүгінгі ұрпақ алауы,
Тірегі әке баланың,
Қазақстан жалауы.
Жасұлан :
Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер төккен,
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім Елтаңбам.
Раяна :
Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.
Мұхамедали.
Әнұраным айбатым,
Тәуелсіздік қайратым,
Достық, бірлік, татулық,
Арманға жетті жаңғырып,
Жастар салған айбатты үн.
Камила :
Шықты тарап ой данадан,
Бері қарады жұлдыз беті,
Өзі қалап сайлап алған
Елімнің бар президенті.
Тәрбиеші : – 1991 жылы 16-шы желтоқсанда ҚР-сы Тәуелсіз
Мемлекет болып жарияланды. Содан бері 26 жыл уақыт өтті. Осы тәуелсіздікке қол жеткізіп, еліміздің егемендік алуы, дамуы , жетістіктерге қол жеткізуі еліміздің тұңғыш
Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен байланысты.
Ән. «Ұланы еркін елімнің» – ұлдар хоры.
Тәрбиеші : -Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6-шы шілдеде,
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылындағы
Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген. Оның балалақ шағы
таршылықта өтті. Өйткені бұл кезде еліміз Ұлы отан
соғысының зардаптарынан қиыншылықты бастан өткерген еді. Қиыншылықтарға қарамастан ол зерек, алғыр болды.
Мектепте үздік оқыды.. Бала кезінде ұшқыш болуды армандады.
Адия :
Тірлігіңе шырай берген кім десең,
Ол Нұрсұлтан бақжұлдызың,
Сол азамат болмағанда ағайын,
Бүгінгідей қуанбас ең, күлмес ең.
Н.Сабина :
Мақсатына жету үшін алдағы,
Әу бастан-ақ, дұрыс жолды таңдады.
Сол азамат Нұрсұлтаның емес пе,
Орындаған бабалардың арманын.
Ән. «Ортақ мекен жер шары». Хор. Орынд. «Ұлан» тобының балалары.
