Компьютерлік желілер және олардың жіктелуі
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы,
Жалпы білім беретін № 9 орта мектептің информатика пәнінің
І-санатты мұғалімі Матеуова Жанаргүл Нұрымқызы
| Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Желілер және және олардың жіктелуі | Мектеп:Жалпы білім беретін №9 орта мектеп | ||||
| Мұғалімнің аты-жөні: Матеуова Ж | |||||
| Сынып: 7 в | Қатысқандар:11 | Қатыспағандар:-0 | |||
| Сабақтың тақырыбы | Компьютерлік желілер және олардың жіктелуі | ||||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.1.3.1. Компьютерлік желілерді топтастыру | ||||
| Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: Компьютерлік желілер және олардың топтастыра алады
Басым көпшілігі: компьютерлік желілерді ажыратады Кейбіреуі: компьютерлік желілерде жұмыс жасай алады |
||||
| Бағалау критерийі | Компьютерлік желілерді ажыратады
Компьютерлік желілерді топтастыра алады |
||||
| Тілдік мақсаттар | Компьютерлік желі —Компьютерные сети–Computer networks
Жергілікті желі—локальная сеть Интернет-Интернет-Internet |
||||
| Құндылықтарға бау- бау лу | 1. Логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, білім білік дағдыларын қалыптастыру;
2. Сауаттылыққа, ұжымда бірлесіп жұмыс істеуге тәрбиелейді |
||||
| Пәнаралық байланыс | Ағылшын тілі, орыс тілі | ||||
| Алдыңғы білім | Компьютерлік желі
Компьютерлік желілер түрлері |
||||
| Сабақ барысы | |||||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | |||
| Сабақтың басы | Ұйымдастыру. Сәлемдесу
«Өрмекші торы» әдісімен сәлемдесу Оқушы ортаға шығып, бір тілек айтып, жіптің бір ұшын келесі оқушыға лақтырады, солай жалғаса береді. Сыныпты телефон және модем суреттері арқылы екі топқа бөлу Тақырыпты айтамын: Компьютерлік желілер және олардың жіктелуі |
Интерактивті тақта, проектор, қаламсап, маркер | |||
| Сабақтың ортасы | Үй тапсырмасы:
«Ой ашар» әдісі: Сөзжұмбақ шешу:
Сөзжұмбақ шешуінде компьютерлік желідеген сөйлем шығады. 1-топ: Компьютерлік желілер түрлері 2-топ: Желілер топологиясы туралы тақырыптарда постер қорғайды 1-топ: Мәліметтер мен қорларды ұжыммен бірге пайдалану үшін компьютерлер желіге қосылған болуы тиіс. Желі өте қарапайым және ол кабельдермен жалғанған екі компьютер немесе құрамына көптеген компьютер енетін күрделі желі (17-сурет) болуы мүмкін. Компьютерлік желілер жергілікті (LAN) және ауқымды (WAN) болып бөлінеді. 17-сурет. Компьютерлік желілер Компьютерлік желілер – бұл ақпараттарды жіберу арналарымен байланысқан компьютерлер жүйесі. Телекоммуникация – ғаламдық желі бойынша ақпараттармен алмасу процесі. Компьютерлік желілер: – географиялық қамтылу аймағы; – желіде компьютерлер жұмысын ұйымдастыру; – топологиясы; – ақпаратты тарату ортасы бойынша жіктеледі. Географиялық қамтылу аймағы бойынша: Бір ғимаратта, бір кәсіпорын ішінде шағын топтардың өзарабайланысқан құралдарымен жұмыс істеуін жергілікті желі (LAN) депатайды. Аймақтық желілер– бұл бір қала, аудан, мемлекетішіндегі біртектес мекемелер компьютерлерін біріктіреді. Ауқымды желі (WAN) – бұл бір-бірінен үлкен арақашықтықтаорналасқан жергілікті желілердің бірігуі. Ең көп тараған желі Интернетболып табылады. Желіде компьютерлер жұмысын ұйымдастыру Компьютерді желілерге біріктірудің түрлі әдістері бар, оның ішінде,компьютерлік желілердің 2 негізгі типін қарастыруға болады: бір рангілікжелі және серверге негізделген желі (18-сурет). 18-сурет. Желіде компьютерлер жұмысынұйымдастыру Сервер – арнайы программалық жабдықтама орналасқан дискілерінің көлемі үлкен әрі қуатты компьютер. Сервертүрлеріне: файл-сервер, принтер-сервер, қолданбалар сервері,пошталық сервер, факс-сервер, коммуникациялық серверлер, каталогтар қызметінің сервері және т.б. жатады. Компьютер-сервер – бұл орталық компьютер, яғни көптеген пайдаланушылар арасына ортақ қорларды үлестіреді. Желіге тұрақты түрде қосылмаған, бірақ кейде ғана қосылатын компьютер, клиент немесе абонент деп аталады. 2-топ: Компьютерлік желілер топологиясы: 19-сурет. Топология түрлері Топология компьютерлердің, кабельдердің және басқа да желілер бөліктерінің физикалық орналасуын сипаттайды. Физикалық топология желіге компьютерлерді, баспа құралдары мен басқа да құрылғыларды қосу тәсілдерін анықтайды. Логикалық топология ортаға қолжетімді желіні алу және олардың желідегі байланысын суреттейді. Топология түрі желінің мүмкіндігін, атап айтқанда баптауын, жылдамдығын және байланыс сымдарының ұзындығын анықтайды. : Ақпаратты тарату ортасы: – сымдық (есулі қос өткізгіш; коаксиальды кабель; талшықты); – сымсыз (радиобайланыс (Wi Fi, WiMAX); инфрақызыл байланыс; СВЧ-байланыс (Bluetooth), – Li-Fi – жарық көмегімен ақпараттарды жіберу. А-деңгей тапсырмасы:Желі топологиясының түрлерін жазыңдар: Дескриптор: 1.Компьютерлерді желіге біріктіруді біледі; Желі түрлерін суретке қарап ажыратады; В-деңгей тапсырмасы:Ойланып, желіге қосылу мүмкіндігін қамтамасыз ететін құрылғыларды атаңдар және олардың анықтамасын Интернет желісіндегіақпараттарды негізге ала отырып жазыңдар. 1. Географиялық аймақ бойынша желілер қалай жіктеледі? 2. Бір рангілік желінің серверден қандай ерекшелігі бар? 3. WI FI желісінің Bluetooth-дан айырмашылығы қандай? 4. Бірнеше подъездге бөлінген көп пәтерлі үйлерде компьютерлерді біріктіру қажет. Бұл жағдайда, желінің қандай топологиясы мен кабельдің қандай типін және ақпаратты таратудың қандай құралдарын қолданасыңдар? Өз таңдауларыңды қорғаңдар. Дескриптор: Желілердің географиялық орналасуын анықтай алады; WI FI желісінің Bluetooth-дан айырмашылығын анықтайды Сергіту сәті: Психологиялық тренинг С-деңгей тапсырмасы: А) Өз әріптестеріңмен 3 смартфонды біріктіру үшін желінің қандай типін таңдайсыңдар? Таңдауларыңды негіздеп беріңдер. Ә) Сұлбаны толтырыңдар.Компьютерлік желі түрлері Дескриптор: Компьютерлерді желіге біріктіре алады; Жергілікті желінің физикалық топологиясын анықтайды; |
Интерактивті тақта, флипчард, қаламсап
Bilimland.kz сайтынан Үлестірме материалдар Слайдтар Үлестірме материалдар, оқулық Оқулық,Парақшалар,Компьютер Оқулық,Парақшалар,компьютер Оқулық,Парақшалар,компьютер |
| Сабақтың соңы | Бағалау. «Бас бармақ» әдісі арқылы | Үлестірме қағаз | ||
| Саралау – Сізқандайтәсілменкөбірекқолдаукөрсетпексіз? Сізбасқаларға қарағанда қабілетті оқушыларғақандайтапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сізоқушылардыңматериалдыигерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлапотырсыз? | Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасынсақтау
Орнымыздан тұрып, тік тұрамыз: 1.Көзіңді қатты жұмып, жайымен ашу 2 рет 2.Жоғары-төмен, оңға-солға қарайық 2 рет 3.Көзімізді шеңбер бойымен айналдырамыз (оңға, солға) 2 рет 4.Басымызды шеңбер бойымен айналдырамыз 2 рет 5.Қолымызды алға ұстап, қолдың басын айналдырамыз 2 рет 6.Сағаттың тілімен оңға бір, солға бір иілеміз 2 рет |
||
| Деңгейлік тапсырмалар бойынша сараланады, оқушыларға диалогтық көмек көрсетіледі;
қабілетті оқушыларға: |
||||
| Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. | |||
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
