Қазақтың көне музыкалық аспаптарының жиналуы
Музыка сабағы 3 класс
Өткізген: Уразгулова Зейнегуль Абдыкалыковна
Ақтөбе обл, Алға қаласы №3 Алға қазақ орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың көне музыкалық аспаптарының жиналуы
Сабақтың мақсаты: Музыкатанушы,өнертану кандидаты Болат Сарыбаевтың шығармашылығымен таныстыру. Оқушылардың жан-жақты білімдерін арттыру.Ұлттық музыканың,ұлттық аспаптың ұрпақтан-ұрпаққа жеткен мұра екендігін білуге,оны құрметтеуге баулу.
Құндылықтарды дарыту: Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары: Аудиожазба , таныстырылым.
Әдіс –тәсілдер: Баяндау, ішінара іздену, әңгімелеу, сұрақ – жауап, саралау.
Топқа бөлу: Қиынды суреттер арқылы үш топқа бөлінеді. Шертпелі аспаптар тобы, Ұрмалы аспаптар тобы, Үрмелі аспаптар тобы
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта аспаптардың суреті, магнитафон қима қағаздар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.Таңғы шеңберде тұрған оқушылар бір – бірімен «Сәлем!» деп амандасады. Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.
Психологиялық дайындық:Армысың шапағатты күніміз,
Армысың мейірімді жеріміз.
Жүрегіміз саз әуенді қалаған,
Асыл өнер жанашыры біздерміз! – деп бүгінгі сабағымызды бастаймыз.Топтың ережесі бойынша тек қана қол көтеріп жауап береміз ,сұраққа дұрыс жауап берген топ өз аспаптарының суретін алады қай топ коп сурет жинайды сол жеңіске жетеді 1 бөлім. Үй тапсырмасы: 1.Оркестр дегеніміз не?
2.Халық аспаптар оркестрін алғаш ұйымдастырған кім?
3.Халық аспаптар оркестріне кімнің аты берілді ? 4.Оркестрді басқаратын адамды кім деп атайды?
5.Дирижердің қабілеті қандай болуы керек?Өз ойынды білдір.
6. Дирижер деген кім?
7.Оркестрдің құрамы нешеге бөлінеді?
Сураққа жауап берілген топ смайликтері немесе аспаптың суретімен толықтырылып отырады
2 бөлім. Сен білесін бе? айдары
Оркестр туралы видиоролик (46 секунд)
3 бөлім. Жаңа сабақ. Қазақтың көне музыкалық аспаптарының жиналуы.
Мәтінмен жұмыс.Сарыбаев Болат Шамғалиұлы(1927-1984)-көрнекті ғалым, музыка зертеушісі, қазақтың көне ұлттық музыка аспаптарын жинаушы әрі сол аспаптарда орындаушы, ұстаз .Музыкатанушы, өнертану кандидаты. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын қобыз класы бойынша бітірген, мұнан соң халық аспаптар кафедрасында дәріс берген, бір мезгілде қазақтың халықтық музыкалық аспаптарын жинау мен зерттеу жөніндегі қызметтермен айналысты. Зерттеушінің дербес жинамасы әртүрлі халықтардың төрт жүзге таман музыкалық аспабын қамтиды, ол сондай-ақ сыбызғы, сырнай, жетіген, шертер, шаңқобыз, дабыл және басқа халықтық қазақ музыкалық аспаптары жинамасының иесі. Ол бұл аспаптарда Ықылас атындағы қазақтың музыкалық аспаптар Музейіне тапсырған. Б. Сарыбаев «Қазақтың халық аспаптары» монографиясында табылған аспаптардың түрін, қатарын, дыбыстық берілімін, ойнау тәсіліне ғылыми сипаттама бере отырып, жіктейді. Бұл зерттеуге бағалы қосымша ретінде Сарыбаевтың көмегімен «Қазақтың музыкалық аспаптары» әдемі альбомы жарық көрді. Б. Сарыбаев музыка тануда ежелгі аспаптарды біліп, тауып, мәдениеттің материалдық игілігі ретінде ғана бағалап қана қойған жоқ, сондай-ақ, бұл ескі аспаптарды халықтың рухани өміріне ендірді. Сарыбаевтың ұмытылған ескі аспаптарды жаңартып, оларды іздеуі, зерттеуі нәтижесінде біз қазақтардың ерте кезден музыкаға, әнге, әуенге құмар екендігін, ерте кезде олардың әлемдегі ең бай аспаптарды қолданғандағын білеміз.Сарыбаевтың еңбегінің маңызы аса зор, себебі-ежелгі аспаптарда уақыт үні, ғасыр таңбасы болады, ол — қазақтың музыка мәдениетіне жаңа тарихи бет болып қосылып, үнемі жаңарып, толығып отырады.
4-бөлім. Музыка тыңдау.
Әр аспаптың дыбысын тыңдату (сазсырнай ,қобыз,жетіген,сыбызғы шаңқобыз) және Халық күйі «Бозінген» Орындайтын оркестр
5-бөлім.Дауысқа жаттығу.
6-бөлім.Ән үйрену:
Н Алғашбаев «Егеменді ел-Қазақстан». Музыкасы мен сөзін жазған: Н Алғашбаев Үйретілетін ән-Қазақстан азаматының жүрегіне жақын ән.
1.Ата- бабам арман еткен, 2. Бүгін,міне таныды әлем Егеменді қазақ жерім Қазағымның кім екенің Қуанышың көптен күткен Мақтанышпен мен өзіңді Құтты болсын,дархан елім Ән етемін,жыр етемін
Қайырмасы
Сен дегенде,Қазақстан Жүректен от лаулап ұшқан Гүлдей жайнап ,құлпыра бер Егемен ел-Қазақстан
7-бөлім.Ұйқасын тап. 1.Менің ағам Абыл 2.Жылаған соң інімді аяп 3. Гүлдей жайнап,құлпыра бер, Жасады маған ………. Жасап бердім …………. Егемен ел …………..
(Асатаяқ) (Дабыл) (Қазақстан)
4.Ұлттық аспап домбыра
Ұрмалы аспап………..
(Даңғыра)
8-бөлім: Шығармашылық тапсырма
Постер құрастыр
1-топ 2 топ 3-топ 4 топ Болат Сарыбаев Ұрмалы аспаптар Үрмелі аспаптар Оркестр құрамы
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.
Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім
Бағалау
