Тың көтеру. – Ауызша сабақ-1

Солтүстік Қазақстан облысы, Новоишим селосы

Новоишим қазақ орта мектебі, қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі

Суйесинова Сарсенкул Тулеухановна

Тақырыбы: Тың көтеру. – Ауызша сабақ-1

Мақсаты: БиС технологиясы бойынша жаңа тақырыптарды жетік меңгеріп,тың игерудің мақсатын және сол кезде елімізге басқа ұлттардың келіп қазақстан жеріне шоғырлануы туралы білдіру.

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың мотивациясы сынып бір топ ретіндеболады және өмірде мектептен кейін де табысы болуы. Картамен жұмыс тәртібі түсіндіріледі. Сыныпты белсендіру ұшін сөз көшбасшыға беріледі. Сыныпты команда ретінде алға басуға белсендендіру. Тақырыпты атап, оны аз уақыт ішінде жоғары нәтижемен меңгеруге бағыттау.

Тақтаның оң жақ бұрышында: 63 % бүгінгі нормасы: -дан оқушы «4-5»-ке жауап беруі керек

2.Сыныпты белсендендіру үшін топбасшысына сөз беріледі.

3.Жоспар

4.Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қойылады:( қосымша парақта дайындалған өзгертуге болады әр мұғалімнің қалауы немесе сынып деңгейіне қарай)(картаға +,- қойып отырамын)(8мин)

5.Дәптермен жұмыс. Күнді жазу, ж/сабақты жазып қою.

6.Жаңа сабақ бойынша 7 немесе оданда көп тірек сөздер тақтаға жазып қою(сөзді әр сабақ сайын көбеютіп отыру қажет)Фашизм, КСРО,Тың ,Кәмшат,гумус Мәскеу,Механизатор.Арсенал.(2мин)

7.Түсінбегендерінің мағанасын ашып айтып кетуге болады. Мысалы:Фашизм-нәсіпшілдікті ушықтыр және ұлтаралық алауыздықты қоздыру арқылы дүние жүзіне үстемдік орнатуға тырысатын саяси қозғалыс,КСРО-Кеңестік социалистік республикалар одағы,Тың –жер жырту. Кәмшәт –Кәмшат Байғазықызы Дөненбаева алғашқы қазақ қыздарының арасынан шыққан механизатор,Гумус-топырақтың құнарлы бөлігі,Мәскеу– ол Москва, Механизатор-техникамен қара жұмыс жасайтын адам, Арсенал-күш-қуат, қару-жарақтар қоймасы)(3мин)

8. 30 сек. уақыт береді жаттауға

9. Жаттағандарын дәптерге тақтаға қарамай жазып шығады.

10. екі оқушы дәптерлерін алмастырады. Қанша сөз екенін жазып қояды.

(6*7-4; 5*6-3;8-5 бағалау)

11.Оқулықты ашып ж/сабақты берілген уақытпен оқып шығады.(4мин. 1-парақ)

12. Қарама-қарсы сұрақ жаңа мәтін бойынша қойылады.(жауапарын +,- арқылы белгіленеді)(қосымшада)

13.Дәптермен жұмыс. Сабақтан не түсінді соны уақытпен жазып шығады.5+30сек.

14.бір-бірімен ауыстырады да қанша сөз екенін санап шығады да қарындашпен астына жазып қояды.(61 сөзден жоғары және ең аз жазған сұралады). Ең көп жазған оқушы дауыстап оқып шығады.

15.мәтінде тиісті сөз ғана және сөз тұтас болуы қажет

16.алынған таңбалары бойынша бағаланады

Қ о с ы м ш а п а р а қ.

Ү/тапсырмасы бойынша:

1.1941 жылы 22 маусымда қандай шұғыл жағдай болды?(шамамен таңғы сағ.4-те фашистік Германия әскері КСРО-ның батыс аумағына баса-көктеп кірді.)

2. «Барбаросса»-деген не?(Гитлердің соғыс жоспары)

3.Кеңес халқы тарапынан әділетті соғыс тарихи әдебиеттердеқалай атады?( «Ұлы Отан соғысы» деп аталады.-толық айту қажет)

4.Қарағанды шахтерлері 4 жылдың ішінде қанша көмір шығарылды?(34 млн тонна көмір шығарды)

5.Орал-Ембі мұнайлы аударының кәсіпорындары жанар май шығаруда қанша пайызға артты?(39 пайызға)

6.Күріш пен тары өсіруден кімдер рекорд жасады? (Ыбырай Жақаев,шығанақ Берсиев)

7. 220 зауыт қай жылдары қайдан және қай жылдар көшірілді?

(Украина,Белоруссия, Рессейден 1941-42 ж)

8.Қазақстандықтар 1941-45 жылдары майданға қандай көмек көрсетті?

(5829 мың тонна астық, 734 мың тонна ет және басқа да азық түлік жіберілді)

9. Мәскеуді қорғау үшін қазақстаннан кімдербарды?

(316- атқыштар дивиясы қатысты. Генерал-майор И.В.Панфилов басшылық етті)

10. 28 батырдың еңбегі туралы не білеміз?

(алғаш 20,30 танкісін қала жібермей 4 сағат бойы ұстап, ерлікпен қаза тапты)

11. Мәскеу үшін мемлекеттік марапат алған қазақстандықтардан кімді білеміз

( Мәлік Габдуллин,Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев,Бауыржан Момышұлы)

12. Әлия Молдағұлова туралы не білеміз (1925-1944ж Ақтөбе обл, Қобда ауданында туған.Балалар үйінде тәрбиеленген. 1942 жылы соғысқа аттанады.Кеңес одағының батыры атағы берілген )

13.1922-1943 жылы кімнің өмір сүрген жылы? және ол Алматы қаласындағы №28 мектепте оқыған(Мәншүк Мәметова. БҚО Орда ауданында туған.Алматы мед –те оқыған.)

14.Бауыржан Момышұлының өмір сүрген кезеңі(1910-1982)

15. Б.Момышұлының қандай шығармаларын білеміз

(ұшқан ұя, «Геерал Панфилов», «Артымызда Москва», «Офицер жазбалары» )

16.Жаумен 305 рет әуе шайқасында түскен кім? «Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов)

17.1943-45 жылдар аралығында Талғат Бигелдинов қандай ерлік көрсетті?

(305 рет әуе шайқасына түсті,800 астам техникасын істен шығарды, 7 ұшағын атып түсірді)

18.КСРО бойынша 11600-дей адам ерлік үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Осының ішінде нешеуі қазақстандықтар? (497-і)

19.Германияның астанасы Берлингге қызыл ту қай жылы тікті? (1945ж 6.05)

20.Рақымжан Қошқарбаевқа 1999 жылы еліміздің ең жоғары наградасы – несебептен Халық Қаһарманы атағы берілді? (Қазақ азаматы Р.Қошқарбаев 1945 жылы 30.04-де жаңбырдай жауған оқтын астында Рейхстаг төбесіне Жеңіс туын желбіретті)

Жаңа тақырып бойынша.

1.1946-1950 жылдар қандай оқиға болды?бес жылға жоспар жасалды.ауыл шаруашылығы қалпына келтіру жөнінде)

2. «Тың және тыңайған жерлерді игеру» жоспары қай жылы бекітілді?(1954ж)

3.Тың игеру қай аймақтарында жүрді?(Оңтүстік Сібір, Қазақстан, Орал;Еділ бойы, Солтүстік Кавказ)

4.Қазақстанның қай обл.-тарын қамтыды? (Қостанай,Ақмола,СҚО,Көкшетау,Торғай,Павлодар)

5.Қазақстанда 1954-1965 жылдары қанша жерге егін егілді?(27млн.га)

6.КСРО бойынша қанша?(42 млн. га)

7.Қазақстан жерін игеруге қанша қаражат жұмсалды?(20 млрд)

8.Кәмшат Дөненбаева қашан қайда дүниеге келді?(1943ж.Қостанай обл.Ұзынкөл аудан.)

9.Кәмшат Дөненбаева қандай жарыстарға қатысты?(1972ж обл,1973ж бүкілодақтық механизатор арасындағы жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болды)

10.Жер жыртудың қандай зияны болды?(даланы есепсіз жырту қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығына әсерін тигізді)

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше