Сабақ тақырыбы: Адам және табиғат
Қысқа мерзімді жоспар
| Сабақ тақырыбы: Адам және табиғат | Мектеп: Жалпы білім беретін № 15 Абай орта мектебі | ||||
| Күні: | Оқытушының аты-жөні: Гапуова Саманта Жанатаевна | ||||
| Сынып: 5 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||
| Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 5.Т/А 1. Тірек сөздермен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау
5. ӘТН.3. Тура және ауыспалы мағыналы сөздер, көп мағыналы сөздер, омоним,антоним,синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану |
||||
| Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады: | ||||
| Тірек сөздермен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжай алады. Мәтінді оқып, түсінгенін айта алады. Антоним,синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдана алады. | |||||
| Оқушылардың көпшілігі орындай алады: | |||||
| Мәтінге ат қойып, сұрақтарға жауап бере алады. | |||||
| Кейбір оқушылар орындай алады: | |||||
| Тірек сөздерді қолдана отырып, мәтін құрастыра алады. Өзіндік ой- пікірлерін білдіре алады. | |||||
| Бағалау критерийлері | Тірек сөздер мен иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжай алады.
Суреттерге ортақ тақырып ұсына алады. Антоним,синонимдерді мәтін ішінен таба алады. |
||||
| Тілдік мақсат | Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Мәндес сөздер (синоним), «ит-құс», «бөрі», «ұлыма»/ қарсы мәндес сөздер (антоним) зәресі зәр түбіне жету- жерден жеті қоян тапқандай | ||||
| Диалог құруға \ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер
1. «Түз тағысы» дегенді қалай түсіндіңдер? Түз тағысына (жабайы аңдарға) қандай аңдар жататынын анықтаңдар. 2. Үй жануарларына ше? 3. Қандай жануарларды киелі деп атайды? Неге? Себебін анықтаңдар. |
|||||
| Құндылықтарға баулу | Еліміздің экологиялық жағдайын, соның ішінде көзі жойылып бара жатқан табиғат байлығын (жан- жануарлар т.б) аялауға, қадірлеуге баулу. | ||||
| Пәнаралық байланыс | Иллюстрациялық суреттер арқылы бейнелеу өнері пәнімен байланысты.
Мәтіндегі түз тағысы мен жануарлар туралы мәліметтермен таныса отырып, талдау барысында жаратылыстану пәнімен байланысады. |
||||
| Тақырып бойынша алдыңғы білім | Отбасындағы сақталатын салт – дәстүрлер мен мереке түрлерін меңгерді. | ||||
| Жоспар. | |||||
| Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | |||
| Сабақтың басы
8 мин |
Аудиотаспадан тыңдалым. «Табиғатты тыңдайық»
Табиғат құбылыстары мен жан – жануарлардың дыбысын ажыратып айтады. «Жыл мезгілдері» Жыл мезгілдерін айқындайтын суреттер арқылы топқа бөлінеді.
Оқушыларды сабақтың оқу мақсаттарымен таныстыру Дескриптор: -Иллюстрациялық суреттер арқылы тақырыпты болжай алады; – тірек сөздер арқылы тақырып бойынша мәтін құрай алады, антоним мен синонимдерді таба алады; – тірек сөздерді пайдаланып, сипатталған аңды таба алады; – өз көзқарасын айтып, пікірін білдіре алады; |
||||
| Сабақтың ортасы
3 мин 5 мин 5 мин 4 мин 2 мин 8мин |
Суретке тақырып қойып, тірек сөздер ойластыр!
Мәндес немесе қарама- қарсы сөздерді теріп жазыңдар. Қазақ халқының көшпелі өмір салты сан ғасырлар бойы табиғатпен етене танысуына мүмкіндік берді. Осының нәтижесінде жабайы жануарлардың тіршілік тынысын, олардың бір-бірінен айырмашылығын, мекен-орнын, пайдасы мен зиянын ажырата білді. «Түз тағысы табиғатпен тілдес» екендігін аңғарып, олардың аталық, аналық және ұрпақтарын жеке атаумен атап, әрқайсысына ерекше мән берген. Кейбір жануарларды киелі, қасиетті деп санаған немесе «кесірі тиеді», не «киесі ұрады» деп есептеген. Мысалы, жыланды – «қыбыр», «ұзынқұрт», «түймебас» деп, ал қасқырды «ит-құс», «бөрі», «ұлыма» деп атаған. Ежелден қазақ аңшылары мен саяткерлері арасында аңдар төлдеген кез де, құстар жұмыртқалап жатқанда, балықтар уылдырық шашқанда оларды ауламайтын салт-дәстүр қалыптасқан. Мұның өзі түз тағыларына деген үлкен қамқорлықты көрсетеді. Тілдік бағдар Лексикалық нормалар туралы түсінік. 3. Жұптық тапсырма «Болжап көр!». Шарты: Өзің білетін жануар не аңды сипаттайтын тірек сөздерді жұбыңа жасыр. Жұбың атауын тапсын. Ширату «Жаңылтпаштан жаңылма» 4- тапсырма: «Табиғатым- жан үнім» Бейнежазбадан көрсетілім жүргізіледі. Тапсырмалары:
|
Презентация |
|||
| Соңы 10 мин | «Бас бармақ» әдісі арқылы
Мен түсіндім- бас бармақ жоғары қарай Мен түсінгендеймін- бас бармақ көлденең Мен түсінбедім- бас бармақ төмен |
||||
| Саралау –оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? | Бағалау – оқушы білімін жоспарлауды қалай жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | |||
| Бейнежазба арқылы оқушының өз ойын, пікірі мен көзқарасын білдіруге тапсырма беру | 2 медаль , 1 ұсыныс
Мадақтаймын Қолдау көрсетемін Бас изеймін |
Ширату жаттығулары арқылы оқушы денсаулығына мән беру | |||
| Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттарынемесе оқу мақсаттары шынайы,қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егероқушылар оқу мақсатына жетпегенболса,неліктен депойлайсыз? Сабақта саралау дұрысжүргізілді ме? Сабақ кезеңдеріндеуақытты тиімдіпайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынанауытқулар болды ма жəне неліктен? |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз.Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауапберіңіз. | ||||
| Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсегеназар аудару қажет? |
|||||
