Сабақ тақырыбы: Т.Айбергенов Ақ қыс

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Ақадыр орта мектебінің І санатты бастауыш сынып мұғалімі Закер Сайран

Педагогикалық ұстанымы:«Егер мұғалім өз бойында іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз»

К. Д. Ушинский

Сабақтыңатауы Т.АйбергеновАқ қыс
Мақсаты 1. Төлеген Айбергенов туралы мәлімет бере отырып, «Ақ қыс» өлеңінің мазмұнын, мағынасын меңгерту.
2. Ақынның қыс мезгілін – ақ қолғапқа, іздерді – рояльдың ақ пернелеріне, сықырлаған қар дыбысын – аппақ әуенге теңеуі арқылы оқушылардың қиялын, ой – өрісін дамыту.
3. Оқушыларды бір ізділікке, шапшаңдыққа, суретпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Түрі:дәстүрлі емес
Типі:жаңа материалды меңгерту
Принциптері:білімнің түсініктілігі мен өмірмен байланыстылығы, жүйелілік пен бірізділік, саналылық пен белсенділік, көрнекілік.
Әдістері: түсіндіру, баяндау, тірек – сызба, сөздікжұмыс, тізбектепоқыту, көрнекілік.
Пәнаралықбайланыс: математика, дүниетану, қазақтілі.
Көрнекілігі:интерактивтітақта, табиғатсуреті, ақынныңсуреті, тірек – сызба, сөзжұмбақ.
Күтілетіннәтиже
Психологиялықахуал Қорыққанда : – «ой» дейміз

Таң қалғанда:- «ах» дейміз

Шаршағанда :- «уф» дейміз

Кейігенде : – «ей е» дейміз

Біліп алып : – «е-е-е-» дейміз

Қуанғанда : – «алақай» дейміз

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқабөлу «Мозайка» әдісімен топқа бөлу. Қиылған суреттерді құрастыру. Ненің суреті шықты? 3 топқа мозайка құрастыру арқылы бөлінеді
Ойшақыру 1-топ:

Суда қалқиды,

Жылыдабалқиды. (Мұз)

2-топ:

Қолы мен қаламыжоқ,

Бiрақ сурет салады көп. (Аяз)

3-топ:

Ұшады зырлап, Жанын қинап,

Ұлиды зарлап. (Боран)

Барлық топқа:

Әуеде ақ мамық

Қалбалақтап ұшады (Қар)

-Бұл қай жыл мезгіліне қатысты айтылған сөздер?

-Осы жыл мезгілін тағы қандай сөздермен сипаттауға болады?

Қыс деген сөздің әрбір әрпіне бірнеше сын есім тауып жазу керек. (қыс мезгіліне байланысты)

Қ – қаһарлы, қызықты;

Ы – ызғарлы, ылғалды;

С – суық, салқын

Балалар өз ойларын ортаға салады
Қызығушылықты ояту Сонымен бүгінігі сабақтың тақырыбы не деп ойлайсыңдар? Біз бүгін Төлеген Айбергенов атамыздың «Ақ қыс» атты өлеңімен таныс боламыз.
Төлеген Айбергенов – қазақ кеңес ақыны. 1937 жылы қарақалпақ елінің Қоңырат ауданында дүниеге келген. Ташкенттегі Низами атындағы педагогикалық институтты бітірген. Қоңырат ауданында, Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында мұғалім болған. 1965 жылдан бастап Алматыға келіп, Жазушылар одағында жұмыс атқарды. 1958 жылдан бастап өлеңдері «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас» газеттерінде жариялана бастады. Айбергенов «Арман сапары» (1963), «Өмірге саяхат» (1965), «Құмдағы мұнаралар» (1968) өлеңдер жинағының авторы.
Тірек – сызбамен жұмыс
Ақ қыс
Ақ қолғаппен құшақтап,
Сақылдайды қыс аппақ.
Өзен, теңіз, тау – төбе –
Тегіс аппақ сәукеле.
Жатыр іздер жосылған,
Рояльдің басылған
Ақ тіліне ұқсап қап…
Ақ қыс – сұлу ақ өлең,
Табанымның астында
Таңғажайып ақ әлем.
Сырласады, сырлассаң,
Қырға асады, қырға ассаң.
Аппақ әуен сықырлап,
Жырлағалы тұр бассаң.
Жанарынан жаз бүркіп,
Тұр қыс күні сүйкімді.
Оянбасаң, мәжбүр қып
Ашатұғын ұйқыңды.
Құлақ күйін оң бұрап,
Төнеді аспан төбемнен.
Аппақ қардан омбылап
Көктем іздеп келем мен.
Т. Айбергенов
Өлең мазмұнын ашу

1.Алғашқы 4 жолды оқу, не айтылады?

-Жер беті түгел аппақ. Көзімізге тап-таза табиғат және қуанышты қыс құшағындағы адам елестейді. Ал қыс сақ-сақ етіп тұр. Әлде ол күледі, біресе ашулы, біресе аязды.

2.Келесі 3 жолда не айтылған?

Қардағы іздер рояльдің ақ тіліне ұқсайды.

3.Ақын неге тамсанып, таңданды?

Қыс сондай сұлу, дүние түгел аппақ.

4.Келесі 4 жол.

Қайда барсаң да қыс сенен бір елді қалмайды. Сырлассаң, сырласады.

5.Қыс қанша суық болса да, оның көзінен не көрініп қалғандай?

-Оны кім көріп қойыпты.

-Әрине, ақын.

-Сонымен, ақын қысқы қалың қарды омбылап келе жатқанда нені ойлап, нені іздеп келе жатыр?

-Көктемді.

-Ақын қандай сезімде отырып жазған?

-Қыста қандай дыбыстар естіледі?

-Қардың қандай түрлері бар? (мамық, ұлпа, сулы)

-Боранның ше? (ақ түтек, дауылды, ұлыма)

-Аяздың ше? (шымшыма, қызыл шұнақ, сақылдаған)

Өлең не туралы жазылған? – Қыс мезгілі туралы.

  • Ақын қыс мезгілін қалай сипаттаған? – Ақ қолғапқа теңеген
  • Қар бетіндегі адам іздерін неге ұқсатады? –рояльдің ақ пернелеріне
  • Жүрген кездегі қардың сықырлағанын ақын неге теңейді? – аппақ әуенге теңейді
    Сөздік пен жұмыс
    Рояль – пернелі музыкалық аспап, фортепьяноның бір түрі. Сәукеле – қазақтың ұлттық бас киімі. Келін киеді.
    Дәптермен жұмыс
    Дәптерімізді ашамыз, бүгінгі күнді, сынып жұмысын, ақынның аты – жөнін жазамыз. Туған жылын, тақырыпты жазамыз.

Ақынның көзіне көрінген ақ заттарды өлеңнен теріп жаз.

Ақ қолғап, ақ қыс, аппақ сәукеле, аппақ тау, төбе, рояльдің ақ тілі, ақ әлем, аппақ әуен.

-Көрдіңдер ме, адам қуанғанда жақсы нәрсені көргенде дүниенің барлығы әдемі, таза, құлаққа естілген дыбыстар мен әуен де аппақ деп жырлаған екен.

Жазу барысында оқушы қалай отыру керек? Денеміз тік, дәптеріміз қиғаш тұрады. Сөздік жұмысты көшіріп жазамыз.

Мағынаны тану
Сергітусәті Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, (киімдерін, денесін, сақалды қолымен көрсетеді)
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды. (танымас – қолдарын сермейді)
Үсті – басы аққырау, түсі суық, (үстін, басын, даланы көрсетеді)
Басқан жері сықырлап келіп қалды. (адымдап алға қарай жүреді)
Шаршағандарыбасылады
«Жұптас, ойлан, бөліс» стратегиясы

Мақсаты:топтық жаңа білімді жинақтау,ынтымақтаса жұмыс жасай отырып, өз ойларын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге ықпал ету.

Шағын топтарға тапсырмаларды таратып беру:

1-топ:

1.Өлеңді шағын әңгіме түрінде жазу.

2-топ:

1.Өлеңдегі бейнелі сөздерді тап.

3-топ: Ассоциация құру.

Қысқы табиғат құбылысы қандай?

Шағын топтардағы спикерлер оқушыларға тапсырмаларды бөліп береді де, бірлесе орындайды.

Топ алдында жұмыстарын қорғайды.

Жұмысты қорғауға шығатын оқушыны топ спикері анықтап отырады.

Ойтолғаныс Көрнекілік әдісі
Әрі қарай, тақтадағы сөзжұмбаққа қараймыз. Табиғат сөзіне қатысты сұрақтарға жауап беру арқылы сөзжұмбақты шешіп көрелік.
Сұрақтары:
1. Қап – қараңғымерзім. 2. Қысқыжауын. 3. Жаздағы табиғат құбылысы
4. Аспан мен жердіңшекарасы. 5. Қыстап қалатын құстардың бірі.
6. Үскірік…. Қатты суық кез. 7. Жыл мезгілі.

Тіл дамыту
Жаңылтпашты оқимыз.

Ақ қыс, қағаз, аққу – ақ,
Ақ тіс, ақ бу, ақ бұлақ.
Аппақ дейін, ақ дейін.
Ақ емес, бірақ ақтиін.
Қарға қара, қар ақ…
Қар жамылған дала ақ.
Дарақ та ақ, тал ақ,
Тағы не ақ? Санап,
Жаңылысты Қанат.

Енді жылдамырақ оқып көрейік. Тамаша! Жарайсыңдар!
1. Бүгін біз қай ақынмен таныстық?
2. Т. Айбергенов қай жылдары өмір сүрген?
3. Ақын қай жерде дүниеге келген?
4. Төлеген атамыз қандай институтты бітірді?
5. Ақынның қандай өлең жинақтары (кітаптары) бар?
6. Біз қандай өлеңімен таныс болдық?
7. Ақ қыс өлеңінде ақын қысты қалай суреттейді?
8. Қар бетіндегі адам іздерін не нәрсеге ұқсатады?
9. Жүрген кездегі қардың сықырлағанын неге теңейді?

Үйгетапсырма Үйге тапсырма: өлеңді жаттау. Ауылымыздың қысын сипаттап жазу. Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Бағалау парақшасын толтырады.
Керібайланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше