Сабақ тақырыбы: Сөз және оның мағынасы
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, “Торғай орта мектебі” КММ-сі
бастауыш сынып мұғалімі Молдагулова Бакыт Караевна
Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы (1слайд)
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Сөз және оның мағынасы туралы білімдерін тереңдету, сөз мағынасын айыра білуге жаттықтыру.
2. Дамытушылық: Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға баулу. Ауызша және жазбаша сөйлеу тілдерін дамыту. Сөздік қорын және байланыстырып сөйлеуін дамыту.
3.Тәрбиелік: Бірігіп жұмыс жасауды ұйымдастыра отырып, зейінділікке, мейірімділікке, ұйымшылдыққа, белсенділікке тәрбиелеу. (2слайд)
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, дидактикалық ойындар.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, ребус, тірек сызбалар, слайд, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, қима қағаздар, стикерлер, ағаштың макеті, жапырақтар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіңдер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар!?
Бүгін бізде ерекше күн. Ендеше сабағымызды өлең жолдарымен бастайық.
Психологиялық дайындық.(3 слайд)
Қаның, жаның-тіліңде
Арың, нәрің –тіліңде
Ұмтыл оны білуге.
Тілден алып ғибрат,
Құлшынасың білімге.
-Міне, балалар, туған тілге деген құрмет, туған жерге деген ыстық сезім осы өлең жолдары арқылы біздің бойымызға дариды.
2.Бәріміз ортаға шығып, стикерлер арқылы топтарға бөлінейік.
(қызыл, жасыл, көк стикерлер таратылады) 1спикер тағайындау.
3.Үй жұмысын тексеру: 6-жаттығу, 84-бет. «Еркін микрофон» әдісі арқылы оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін ауызша тексеру.
4. -Балалар, бүгінгі біздің сабағымызға Білгішбектен арнайы хат келіпті. Бұл хатта не жазылғанын тақтадан оқи аламыз. Барлығымыз тақтаға назар аударайық. (4 слайд )
-Балалар,сендер кез келген сөз не заттың, не қимылдың, не сапаның, не санның атауы екенін жақсы білесіңдер. Дүние, әлем туралы білімдеріңнің мол болуы сөз мағынасымен тікелей байланысты. Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, білетін болсаңдар, қоршаған ортаны да жақсы біліп танисыңдар.
-Балалар, бұл хатты оқыған соң қандай түйінге тоқталуға болады?
Сөз неден құралады? (Сөз дыбыстан құралады) 1-топқа
Сөз нені білдіреді? (Сөз мағынаны білдіреді ) 2-топқа
Сөз деген не? (Сөз дегеніміз қандай да бір заттың т.б. атауы) 3-топқа
Сөз мағынасының қандай түрін білесің?(-сөздер мағынасына қарай бір-біріне жуық сөздер, мағынасы қарама-қарсы сөздер, мағынасы әр басқа сөздер болып бөлінеді) мұғалімнің сөзі.
Осы сұрақтарға талдау жасалған соң Білгішбектің сөзімен қорытындыланады) (5слайд) Тірек сызба
Сөз мағынасының түрлері:
1. Мағынасы жуық сөздер
2. Мағынасы қарама-қарсы сөздер
3. Дыбысталуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздер
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Олай болса, сендерді сөз мағынасына қарай топтарға бөлеміз. (әр топқа өз атауларын қойып шығу)
1-топ: Мағынасы мәндес, жуық сөздер.
2-топ:Мағынасы қарама-қарсы сөздер.
3-топ:Дыбысталуы бірдей, мағынасы әртүрлі сөздер.
5. Жаңа сабақ: Сөз және оның мағынасы
1.Күннің ретін жазу. 2. Көркем жазу.
Жақсы, жылы, түзу, бүлдіру, күлкілі.
«Артық сөзді тап»ойыны
-Осы сөздердің ішінде қай сөз артық? Неліктен? «бүлдіру» сөзі артық,себебі ол қимылды білдіріп тұр, яғни етістік. Ал қалғандары сын есімдер.
1-топқа: Күлкілі сөзіне мағынасы жуық сөз табу. (6 слайд)
2-топқа: Жақсы сөзіне қарама-қарсы сөз табу.
3-топқа: Жылы сөзіне мағынасы әртүрлі сөз тіркестерін табу.
6.Оқулықпен жұмыс: 4-жаттығу,70- бет. (тақтада орындайды)
Мағынасы жуық сөздер: Сұлу, көркем, әдемі, қашық, шалғай, алыс, биік, зәулім, асқар.
Мағынасы қарама-қарсы сөздер: Түзу-қисық, жуан-жіңішке, кеш-ерте, ірі-ұсақ.
6.Сергіту сәті: «Бір әріптің ізімен»ойыны. Мұнда берілген әріптермен сөйлем құрау. Мысалы: Ттт.Талғат тақтада тұр.(7слайд)
1-топқа: Ссс; 2-топқа: Шшш; 3-топқа: Жжж;
7. «Кім жылдам?» ойыны. Жұмбақты өлеңдерді оқып,шешуін табу.
(8 слайд)
Орманнан жалпақ даладан
Бал іздеп бірақ жортады.
Кіп-кішкене арадан
Үп-үлкен боп қорқады. (аю) 1-топ
Жеңілдікпен аршылар.
Көзіңнен жас тамшылар.
Қиындықпен аршылар
Көзіңнен жас тамшылар. (пияз) 2- топ
Бірде мен
Тәтті нәр берер жәндікпін,
Бірде мен
Бөрене тілер әйдікпін. (ара) 3 топ
«Мақал-сөз мәйегі»айдарымен берілетін тапсырма.
Мақалдарды көшіріп жаз. Мағынасы қарама-қарсы сөздердің астын сыз. (9слайд)
1-топқа: Мейірімді алғыс алса,
Мейірімсіз қарғыс алар.
2-топқа: Ақылды- іс тындырады,
Ақымық- тіс сындырады.
3топқа: Жомарт дос көбейтеді,
Сараң мал көбейтеді.
8. Ребус шешу. Ребустың шешуі: Кітап-білім бұлағы. (мақалдың мағынасын ашу)
9. Рефлексия:«Күзгі жапырақтар» ойыны. Қарамен жазылған сөзді төмендегі мағынасы жуық басқа сөзбен алмастырып айт. (таратылып берілетін қима қағаздармен жұмыс)
1-топқа: Ол өжет адам еді. (қайсар, әсем)
2-топқа: Егінді биыл тың жерге салдық. (жаңа, батыл)
3-топқа: Қаймықпаймыз қауіптен.(биік, қорықпаймыз)
10.Үйге тапсырма: 6-жаттығу, 85-бет.
11. Бағалау: Кері байланыс. «Кемені бояу» (пиктограмма құру )
12. Сабақты қорытындылау:«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп ұлы ақын Абай атамыз айтқандай, «Барлықтарың да болашақта ақылды, қайратты, жылы жүректі азаматтар мен азаматшалар болыңдар!» деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.(10слайд )
