«Күйде кездесетің дыбыс ерекшеліктерімен танысу »
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы,
С.Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия
Домбыра пәнінің мұғалімі Квайдулов Баимбет Асылханұлы
Ашық сабақ.
Тақырыбы: «Күйде кездесетің дыбыс ерекшеліктерімен танысу»
Оқытушы: Квайдулов Баимбет Асылханұлы
Білім алушы:Ниетжан Алихан, 1-сынып
Сабақтың мақсаты:Оқушыға күй орындағанда кездесетің керекті дыбыс ерекшеліктерін түсіндіріп, басқа күйлерді орындағанда да, осы дыбыс ерекшеліктерін қолдана алатын деңгейде үйрету.
Міндеттер:Оқушы үйде жаңа сабақпен өзі жұмыс жасай алатындай деңгейде түсіндіру .
Сабақтын түрі:жаңа сабақ .
Сабақтың әдіс-тәсілдері:әңгімелеу, практикалық жұмыс.
Оқытудың техникалық құрал-жабдықтары:домбыра,пианино,нота кітабы.
Сабақтың барысы:Оқушыға , күй орындағанда кездесетің керекті дыбыс ерекшеліктерін түсіндіріп, басқа күйлерді орындағанда да, осы дыбыс ерекшеліктерін қолдана алатын деңгейде үйрету , Форте, пиано , крешендо , субито пиано , меццо пиано , меццо форте , сенио , фонар , деменуендо – осы дыбыс ерекшеліктерімен танысу . Видео көру арқылы осы дыбыс ерекшеліктерін талдау .
1.Қайталау : Ең алдымен өткен тақырыптарды қайталаймын.
1.Дыбыс ерекшеліктері туралы не білеміз ?
2. Дыбыс ерекшеліктерімен танысу .
2. Жаңа тақырып:«Күйде кездесетің дыбыс ерекшеліктерімен танысу »
3. Практикалық жұмыс. «Күйде кездесетің дыбыс ерекшеліктерімен видео көру , кітаптардан мысал келтіру арқылы танысу» . «Құттықтаймын мама»- шығармасында осы музыкалық динамиканы қолдану. Нұрғиса Тілендиевпен танысу.
Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев (1 сәуір, 1925, Алматы облысы, Іле ауданы, Шилікемер ауылы – 15 қазан, 1998, Алматы) – қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы. Қазақ КСР халық әртісі (1975), КСРО халық әртісі (1984), халық қаһарманы (1998).
- Туып өскен жері – Алматы облысының Іле ауданына қарасты Шилікемер ауылы. Топырақ бұйырған жері Жамбыл кесенесінің іргесі.
- Мәскеудің П.И.Чайковский атындағы консерваторисының дирижерлік факультетін (проф. Н.П. Аносовың класы бойынша) бітірді.
- Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрында (1953-1961)
- қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінде (1961-1964) бас дирижер, көркемдік жетекші.
- 1964-68 жылдары Абай атындағы опера және балет театрының директоры.
- 1968-81 жылдары «Қазақфильм» киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы болып істеді.
- тікелей өзінің ұйымдастыруымен дүниеге келген «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрінде (1981-1998) бас дирижер қызметін атқарды.
4. Тапсырмамен жұмыс. Үйренген тапсырманы дәлме дәл қайталап беру , егер оқушы сабақты түсінуде қиыншылықтарға тап болса , сол қиыншылықтармен жұмыс жасау , оқушыға бұл тақырыпты жан жақты түсіндіру .
.5.Үй тапсырмасын беру.
«Күйде кездесетің дыбыс ерекшеліктерін күйге қосу ».
Оқушының білімін бағалау.
