Сабақтың тақырыбы: Үстеу

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, «Раздольный жалпы білім беретін орта мектеп»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі Онгарбай Жанерке

Сабақтың тақырыбы: Үстеу
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушыларға қазақ тіліндегі сөз табының бір түрі үстеу туралы кеңірек түсінік беру
2. Дамытушылығы: Оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге одан әрі дағдыландыру, өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға үйрету:
3. Тәрбиелігі: Іздемпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс –тәсілі: Түсіндіру, сұрақ –жауап, Екі өтірік, бір шын, «Венн диаграммасы», «Домино» ойыны т.б
Сабақтың көнектілігі: интерективті тақта, қима қағаздар. Үстеуге байланысты суреттер, оқулық кесте.
Сабақ барысы:

Ұйымдастыру. Оқушыларды «Түстер» арқылы топқа бөлу.

-Қызығушылықты ояту.

Тақтадағы «Ромашка» гүліне қарау. Онда Сөз зат есім, сын есім, сан есім, есімдік жазылғанын аңғарту. Олардың ережелерін еске түсіру.

-Ал неліктен Үстеу қызылмен жазылған? Ол туралы не білеміз?

2. Мығынаны тану.

1. Олай болса, «Үстеу» туралы фильмді тыңдату. /СІЛТЕМЕ. –iMektep.kzcайыты. Бастауыш мектеп.Қазақ тілі

2. Оқулықтағы ережені қайталап оқыту.Үстеу сөз таптарының бірі екенін айтып, сөз табы 9 екеніне тақтадан назар аударту.

3.Үлестірмелі парақшамен жұмыс.

2-жаттығу. Үстеудің астын сыз. Үстеулердің қай сөзбен байланысып тұрғанын стрелкамен байланыстыр.

Бақыт бүгін мектептен ерте келді. Үйге берілген тапсырманы жылдам орындады да, далаға шықты. Сыртта Дәурен мен Ілияс ойнап жүр екен. Аяғын жаймен басып, олардың қасына келді. Бірі допты әрі қуалайды, бірі бері қуалайды. Олардың ойынына қызыға қарап тұрды. Олар Бақытты да ойынға шақырды.

4.Суретпен жұмыс.Әңгіме құрату.Әңгімеге ат қою. Үстеуді тап.

-Бірнеше оқушыдан сұрау. Тапсырманы тексеру.

5.Топпен жұмыс. 6- жаттығу. Тақтаға жаздыру.

6. Сергіту сәті. «Би қимылдары»

7. «Домино» ойыны. Жұмбақ шешу. Бір –біріне тексерту.

Жұмбақтар

1.Күндіз бармын, түнде жоқ.

Ішім жанып тұрған от.

Кештетіп барып сөнемін,

Таңертең қайтып келемін.

2.Күндіз-түні күрсінеді,

Жүрген жері сілкінеді.

3. Әлемнің бар екі күзетшісі,

Бірі- күндіз тынығады,

Бірі –түнде тынығады.

4. Түнде жүрсең күндіздей,

Жағар әркім үйге үзбей,

Жарық берер әлемге,

Тиіп кетсең білгізбей.

5. Таңертең тұрдым,

Екі сайды қудым.

8. Әр топқа 5 сұрақ жаздыру.

«Сен маған, мен саған» ойыны арқылы сол сұрақтарды тексеру.

9. Артығын алып таста ойыны. /Интернеттен/. /СІЛТЕМЕ. –iMektep.kz cайыты. Бастауыш мектеп.Қазақ тілі.Ойындар/

III.Қорытынды.Тест жұмысы.

Тест тапсырмалары А нұсқа

1.Үстеудің сұрағын көрсет.

А.кім? не?

Ә.не істеді? қайтті?

Б. қайда? қашан? қалай?

2.Мына сөздердің ішінен үстеуді тап.

А.кеше, бүгін.

Ә.кеше, тымақ,

Б. дәптер, асықпай.

3.Үстеу емес қатарды тап.

А.ойнады, жүгірді, болды.

Ә.асықпай, таңертең, кешке,

Б. кітап, қарындаш.

4.Өлең жолындағы үстеуді тап.

«Бүгін де ол, кеше де- қырағы»

А. бүгін, кеше,

Ә. ол, де,

Б. қырағы,де.

5. «Асқар оларды ұзақ тосты» деген сөйлемнің ішінен үстеу сөзді тап.

А.тосты

Ә. ұзақ

Б. оларды

Б нұсқа

  1. Өлең жолындағы үстеуді тап.

«Бүгін де ол, кеше де- Әрқашан да қырағы»

А. бүгін, кеше,

Ә. ол, де,

Б. әрқашан, қырағы.

2 .Мына сөздердің ішінен үстеуді тап.

А. кеше, тымақ,

Ә. кеше, бүгін.

Б. дәптер, сөмке.

3.Үстеу емес қатарды тап.

А. ойнады, жүгірді, болды.

Ә. асықпай, таңертең, кешке,

Б. жоғары, төмен, күндіз.

4. Мақалдың ішінен «Еріншекке бүгіннен, ертеңі оңай» ішінен үстеу сөздерді тап.

А.еріншек, оңай.

Ә.оңай, бүгін

Б. бүгіннен, ертеңі

5. Үстеу емес сөздерді тап.

А. оқушы, қалам

Ә. ортасында, соңында,

Б. бүгін, ертең

IY.Рефлексия. «Білім» ағашы

Y.Бағалау. Бағалау крийтерлері бойынша бағаланады.

YI.Үйге тапсырма. 5-жаттығу. 64-бет

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше