Жау, жау, жаңбыр!
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Талдыкөл ауылы
Талдыкөл мектеп- балабақша кешені
Тәрбиеші Лукпанова Елизавета Куанышевна
Білім беру саласы: Таным, Коммуникация
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Жау, жау, жаңбыр!
Мақсаты: Жансыз табиғаттағы құбылыстар жайлы түсінік қалыптастыру; табиғат құбылыстарының бірі – жаңбырмен таныстыру. Балалардың табиғатқа, табиғат құбылыстарына, оны танып-білуге деген қызығушылығын ояту. Жаңбырға қуануға үйрету.
ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары: зерттеу мақсатындағы серуендер ұйымдастыру; табиғат құбылыстарын бақылау; жұмбақ шешу; шығармашылықпен айналысу; тəжірибелік жұмыстар.
Құралдар мен материалдар:сорғыш, су құйылған тəрелкелер, клеенка, қағаз орамалдар, «Жаңбыр дыбысы» аудиожазбасы, бор, үлестірмелі материалдар
Сөздік жұмыс: күз, жел, жапырақтардың түсуі, жаңбыр.
Билингвалды компонент: жаңбыр – дождь, нөсер- ливень, облако- бұлт
ҰОҚ кезеңдері
Ынталандыру- қызығушылықтарын ояту:
Шаттық шеңбері:
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Күлімдеген күндейміз!
Жауын жауып тұрса да,
Еш уайымды білмейміз.
Жарқырап күн ашылды,
Күн шуағы шашылды.
Тәрбиеші жұмбақтың көмегімен ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады. Тəрбиеші балалардан сұрайды: Жаңбыр дегеніміз не? Ол қай кезде жауады? Балаларды алдағы жұмысқа дайындайды.
-Балалар енді мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Тереземді жуады
Бірақ сүртпейді (Жаңбыр)
Киіз үйімнің төбесі
Түбітке толы (Бұлт)
Балалар өмірде көргендеріне, тəжірибесіне сүйене отырып жауап береді. Өтіп жатқан сабаққа қызығушылық танытады.Аудиожазба арқылы нөсердің дыбысы шығады. Ішке бұлт келеді.
– Балалар,қараңдаршы мына бұлт біздің ауылдың тұсынан өтіп бара жатып соға кетейін деп келген екен.
Біздер жаңбыр, бұлт туралы тақпақтар білеміз бе? Ендеше еске түсіріп көрейікші.
Балалар өздері білетін бұлт, жаңбыр туралы тақпақтарын айтады.
Тақтадағы күздік киім киген балалардың суреттерін қарап шығуға шақырады. Балалардан сұрайды: Қызға қолшатырдың не үшін керектігін айтып беруді сұрайды . Күзде ауа райы қандай болады?
Балаларды қолдан жаңбыр жасауға шақырады. Көрсетеді: жайпақ ыдысқа су себетін ыдыстан су құяды, жаңбыр «жауады» (Ақырын құямыз – жаңбыр тамшылап тұр, майдалап жауып тұр деген сөз; су құйғыш ыдысты жоғары көтеріп, қаттырақ еңкейтеміз – жаңбыр қатты жауып тұр, нөсер жауып тұр дегенді білдіреді).
Сергіту сәті:
Аспанға бұлттар жиналды,
Жаңбыр жауа бастады,
Қатты жауа бастады.
Бұлттар тарады,
Жаңбыр басылды,
Күннің нұры шашылды.
-Балалар, енді біздер тәжірибие өткізіп көрейікші.Балалардың алдына су құйылған тəрелкелер қояды. Бұл – «өзен». Тəрелкелердің жанында суды өзіне сіңіріп алатын сорғыштар жатыр.Бұл – «бұлттар». Сорғышты қолдарына алады. Бұлттар жеңіл ме, ауыр ма, соны анықтайды. Жеңіл. Себебі олар құрғақ. Ал бұлттар өзеннің қасынан өткен кезде судан көтерілген буды бойына сіңіріп, су тамшыларын жинайды. Балалар сорғыштарды суға салады. Енді бұлт ауырлады. Енді сорғышты сығады – жаңбыр жауып жатыр. (Сорғышты клеенкаға қояды, қолдарын сүлгіге сүртеді). Балалар жаңбыр туралы білетіндерін айтады.
Тәрбиеші: Күн не істейді?
Балалар: Жылытады, сəуле шашады, аялайды, қыздырады…
Тәрбиеші: Жаңбыр не істей алады?
Балалар: Тамшылайды, құйып жауады, су қылады.
Балалардан жаңбыр жауғанда қандай көңіл күйде болатынын сұрайды. –Бүгінгі ауа райын анықтайды (жауын-шашынды, күн бұлттанып тұр). Алдымен аспанды қою бұлт торлайды. Содан соң ол ауыр су тамшыларынан құралған қара бұлтқа айналады. Олар бұлтта көпке дейін тұра алмайды, жерге жауады.
Тәрбиеші «Менің достарым» ойынын ойнауды ұсынады: балаларға карточкалар таратады. Үлестірмелі материалдармен жұмыс істеу. Балалар саусақтармен үстелді тырсылдатып жаңбырдың дыбысын салады.
-Балалар күн салқында біздер не киеміз? Атап көрейікші. Сол айтылған суреттері бар балалар маған қарай келіңдер.
Қолындағы карточкасына қарап суреті сəйкес келген бала Тәрбиешінің жанына (жүгіріп) барады.
Тәрбиеші: Менің достарым адамның күзде тоңып қалмауына көмектеседі.
Балалар: Күрте, телпек, қолғап, етік …
Балалардың неге етік, күрте, малақай кигенін талқылайды. Күн суытты, күшті жел соқты, қара бұлтты айдап əкеліп, жаңбыр жауды. Қолшатырдың астында жаңбырдан тығылуға болады. Күздегі ауа райының ерекшеліктерін атап көрсетеді.
Жерге тамшылап жатқан тамшылардың суретін тақтада ілулі тұр.
Əр тамшы мен жердің арасын бормен сызып көрседі.
Рефлексивтік- түзетушілік кезең:
Балалар смайлды (күліп немесе мұңайып тұрған) таңдап алады, ненің ұнап, нені орындау қиынға соққанын айтады.Балаларға жақсы қатысқандары үшін сыйлық ұсынады.
Күтілетін нəтиже:
Біледі: Жансыз табиғаттағы құбылыстардың бірі жаңбыр туралы ;
Түсінеді: Жаңбырдың табиғаттағы тіршілік үшін атқаратын рөлін ;
Қолданады: танымдық бағытта əңгімелеседі, пікір білдіреді, қарапайым тұжырымдар жасайды.
