«Біз күштіміз, ептіміз»

Атырау облысы, Махамбет ауданы, Талдыкөл ауылы

Талдыкөл мектеп-балабақша кешені

Тәрбиеші: Кенелдикова Гүлбаршын Жагоровна

Білім беру саласы:Шығармашылық

Ұ.О.Қ. Аппликация.

Тақырыбы: : «Біз күштіміз, ептіміз»

Мақсаты:Балаларды пішіндермен (үшбұрыш,төртбұрыш) таныстыру;геометриялық пішіндерден (үшбұрыш, төртбұрыш) үй құрастыруды және жапсыруды үйрету. Тілдерін қиялдарын дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Балаларды қамқор және жанашыр болуға тәрбиелеу. Есте сақтау қабілетін арттыру.

Көрнекілік құралдар: слайд,үлестірмелі материалдар,магнитті тақта, дайын пішіндер.

Әдіс – тәсіл: түсіндіру, көрсету,сұрақ, жауап.

Жүру барысы:- Балалар бүгін бізде ерекше күн. Бүгін бізге қонақтар келіпті. Қане қонақтармен сәлемдесіп алайық.( Балалар сәлемдеседі)

Шаттық шеңбері:

Ақпыз,сары,қарамыз

Бір туғанбыз бәріміз

Біз осы үйдің гүліміз,

Біз осы үйдің сәніміз

-Ғажайып сәт

-Балалар ,қараңдаршы мына кілемде бір іздер жатыр екен,

-Сендер қалай ойлайсыңдар бұл бізді қайда алып барады екен? Осы ізбенен жүріп көрейікші( балаларды тәрбиешінің артынан бірге іздердің үстін басып жүреді)

Ширманың артын ашып қарап артында күшік жатырғанын көреді (балалармен амандасады)

Күшік: –Сәлеметсіңдерме ,балалар . Мені таныдыңдарма балалар . Мен күшікпін, үйімнен адасып қалдым .Өзім тоңып қалдым,маған үй салып бересіңдер ме?

Тәрбиеші :-Балалар, көметесеміз бе?

Балалар: -Иә.

-Тәрбиеші :-Балалар үй салмас бұрын , экранға назар аударайық.

-Бұл не балалар ,ненің суреті ?( балалардың жауабы үй)

(Тәрбиеші үйдің пішіндері видио арқылы балаларға туралы толық мағлұмат береді)

Дидактикалық ойын: ойнап алайық «Пішіндерді түсіне қарай ажырат»(тәрбиеші шартын балаларға түсіндіреді)

Ойыннан кейін сергіту сәті «Көңілді күн»

Содан соң балаларға магнитті тақтаға үйді қалай құрастыру керектігін түсіндіріп көрсетеді)

-Балалар ,алдымен үйдің қабырғасын тұрғызамыз,(түстерін ,пішінін атап кетеді) ,содан соң шатырын,содан кейін терезесін саламыз деп түсіндіріп көрсетеді тәрбиеші.

-Ал енді балалар орындықтарыңа жайғасып отырайық, енді күшікке үй салып берейік.

-Күшікке қарап тәрбиеші: Күшік қарашы міне біздің балаларымыз дың саған салып берген үйлері өте әдемі екен қарашы(тақтаға жақсы салынған 4,5 баланың суретін тақтаға іліп көрсету,балаларды мадақтау)

Содан соң күшік шығып:-Балалар ,сендерге көп-көп рахмет үй салып берегендеріңе ,маған сендердің салған үйлерің қатты үнады.Енді балалар қоштасатында кез келді. Сендердің салып берген үйлеріңе барып жылынайын,рахмет,сау болыңдар!

Қортынды:-Балалар, бүгін біз оқу қызметімізді кімді кездестірдік,қандай көқмек көрсеттік ,ненің суретін салдық, үй салу үшін қандай пішіндер пайдаландық? (балалардың жауабы)

Қонақтармен қоштасады.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше