Құстарға қамқорлық

Атырау облысы, Махамбет ауданы, Талдыкөл ауылы

Талдыкөл мектеп- балабақша кешені

Тәрбиеші Бимурзина Орынша Тулеуовна

Пәні: Тіл дамыту

Тақырыбы: Құстарға қамқорлық.

Сабақтың мақсаты: Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейтіп, тақпақ,

жұмбақ арқылы есте сақтауын, ойын арқылы ақыл-ойын

дамыту.

Тәрбиелігі: құстарға деген сүйіспеншілік сезімін оятып, қамқорлыққа алуға

тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, құстың ұясы, буклеттер

Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

Тәрбиеші: Балалар (Шаттық шеңберіне жиналайық) бүгін бізге көп қонақтар

келіпті, оларды құрметпен қарсы алайық.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз

Үлкендерді құрметтеп

Бас иеміз біз.

Сәлеметсіздер ме апайлар!

Қуанамын мен де

Қуанасың сен де

Қуанайық достарым

Арайлап атқан әр күнге!

Балалар сендерді, қонақтарды көргеніме өте қуаныштымын.

Балалар, көздеріңді жұмып, көз алдарыңа жасыл шөп үстінде жүрміз, аспан ашық, күн жарқырап тұр деп табиғатты көз алдарыңа елестетіңдер. (Осы кезде құстардың дауысы естіліп тұрады)

  • Балалар көздеріңді ашыңдар, естисіңдер ме, бұл ненің дауысы?
  • Құстың
  • Сендер білесіңдер ме, құстар нешеге бөлінеді?
  • Құстар екіге бөлінеді.
  • Үй құстары және дала құстары.

Құстардың суреттері көрсетіледі.

(«Ой жұмбақ» ойынын ойнау)

  1. Орақ құйрық, тарақ бас,

Көп ұйқыны жаратпас

(Әтеш)

Қай құсқа жатады? Үй құсына

  1. Өз атын өзі шақырады

Сөйтіп күнді батырады

(Көкек)

  • Бұл қай құсқа жатады? Дала құсына
  1. Ормандағы ағаштарды

Тұмсығымен шегеледі.

(Тоқылдақ)

  • Балалар, сендер құстарға қалай қамқорлық жасайсыңдар?
  • Балалардың жауабы. Оларға жем береміз, су береміз. Нанның қиқымын береміз. Ұя жасаймыз.
  • Олай болса мына бейнетаспаға көңіл аударайық. (Бейнетаспадан құстарға қамқорлық жасап жатқан және зияндық жасап жатқан балаларды көрсету, салыстыру )

Сахналау.

Балташ Данабековтің «Қамқоршы балалар» әңгімесінен сахналау.

Мұрат пен Марат екеуі доп ойнап жүріп, шырылдап ұшып жүрген торғайды көрді.

  • Бұл құсқа не болды? – деп екеуі сол маңайға барып, еді, жерде құлап жатқан торғайдың балапанын көрді. Марат балапанды қолына алып еді, ол дір-дір етіп қорқа қарады. Екеуі торғайдың балапанын аяп кетті. Екеуі балапанды ұясына салып еді, торғай манағыдай емес, көңілді үнмен ұясына келіп қонып, балаларға рахметін айтқандай бастарынан 1-2 айналып ұшып кетті.

(Сұрақ-жауап әдістері арқылы балалардан сұрау)

  1. Балалар ойнап жүріп нені көрді?
  2. Мұрат пен Марат торғайға не жасады?

Олар торғайға қамқорлық жасады

  1. Торғай балаларға не айтты?

Қамқорлық жасағаны үшін рахмет айтты.

Сергіту сәті.

Қарлығаш басып ұшайық

Торғай болып қонайық

Сауысқан болып секіріп

Тоқылдақ болып шоқиып

Қане қанат жазайық.

Қарлығаш болып ұшайық

Ұшып-ұшып алайық

Орнымызға қонайық.

Балалар, сендер үлкен кісілерден құстарға байланысты тыйым сөздер естідіңдер ме?

  • Қане, кім айтады?

Тиым сөздер

  1. Құстардың ұясын бұзуға болмайды.
  2. Таспен атуға болмайды
  3. Құстың жұмыртқасын жарма, алма.

Ойын «Құстар дүкені»

Балалар сендермен құстар дүкені «ойынын ойнағым келіп тұр. Әр түрлі құстар тізілген. Ойынның аты «Сипаттап сатып ал». Балалар құстарды сипаттап айтады. Мысалы: Мойнын ұзын , өзі ақ, көлде жүзелді – деп дүкенші оның шешеуін тауып, құсты сатып алушыға ұсынамын. Сатып алушы рахметін айтып орнына барып отырады. Ойын осылай жалғаса береді.

Құстар туралы кім тақпақ біледі?

  1. Торғай – торғай тоқылдақ

Жерден тары шоқып –ап

Бөтегесі томпиып

Шиқ-шиқ етіп отырмақ

  1. Ала қанат сауысқан

Құртты көрсе жабысқан.

  1. Торғай-торғай, торғайсың

Жақын келіп қонғайсың

Жем шашайын тойып ал

Сонда аязға тоңбайсың.

Қорытынды

Бүгін біз не жайлы әңгімелестік?

Құстарға қамқорлық жасау.

Құстар біздің неміз?

Құстар біздің досымыз.

Сондықтан құстарға қамқорлық жасаумыз керек!

Ой балалар, балалар,

Құстар да да ана бар

Құстар да да бала бар.

Құс ұясын бұзбайық.

Обалына қалмайық.

Балаларды мадақтап, жақсы тілектер айтумен сабақты аяқтау.

Құстарға қамқор болайық!

Жақсылық жасап жүрейік.

Кішіге қамқор болайық!

Қонақтарға денсаулық тілейміз!

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше