Жабайы жануарлар

Атырау облысы, Махамбет ауданы, Талдыкөл ауылы

Талдыкөл мектеп- балабақша кешені

Тәрбиеші Оразалиева Райгүл Багытжановна

Білім беру саласы: Таным

Тақырыбы: Жабайы жануарлар

Ұйымдастырлған оқу қызметі: Жаратылыстану

Мақсаты:

Жабайы жануарларды танып,атай білуді және сыртқы ерекшеліктерін ажырата білуді, олардың қимылдарын еліктеп жаттығулар жасауды (қоян болып секіру, аюдай қорбаңдап жүруді үйрету.

Әдіс тәсілдері: Сұрақ-жауап көрсету,әңгімелеу, шаттық шеңбері, жұмбақ жасыру,ойындар,тапсырмалар

Қостілдік компанент: Жабайы жануар-дикие животные.аю-медведь,қасқыр-волк,қоян-заяц, түлкі-лиса

Қолданылған көрнекі құралдар: Жабайы жануарларлардың суреттері, ойыншықтар, орман көрінісі жануарлардың қоректенетін тағамдары, үнтаспа,слайд. Мотивациялық қозғаушылықЖылулық шеңбері: Қайырлы күн! Ормандар мен далалар, Қайырлы күн! Достасқан біз балалар, Қайырлы күн! Бізге келген қонақтар.

Кіріспе 2.Миға шабуыл: Тәрбиеші: Қараңдаршы балалар, жерден не көріп тұрмыз?

Балалар: Жапырақ

Тәрбиеші:Жапырақ қай мезгілде түседі?

Балалар: Күз мезгілінде.

Тәрбиеші: Жапырақтардың түстері қандай?

Балалар: Сары,қызғылыт.

Тәрбиеші: Күз айларын кім біледі?

Балалар:Қыркүйек, қазан,қараша

Тәрбиеші: Балалар ,бәріміз терезеге назар аударайықшы .Күз мезгілінде

ауа райы қандай болады?

Балалар: Күн суытып бастайды, жаңбыр жие жауады, адамдар жылы киімдерін киеді .

3. «.Ғажайып сәт» Біздің орманымызда жабайы аңдар тұрады екен олар қоян,аю,түлкі, қасқыр.

Балалар біздерге әдемі қорапша тастап кетіпті қарайықшы . Хаты бар екен. Оқып қарайық не жазғанын. Ол қорапшаның ішіне ормандағы аңдарды сиқырлап салып қойыпты. Оларды қорапшадан шығару үшін жұмбақтар шешуіміз керек.Олай болса жұмбақ шешуге дайынбыз ба?

1.Көлеңкесінен қорқып безектейді,

Ал оның баласын көжек дейді?

(қоян)

2.Аузы бейне шалғы, орақ,

Шөп емес,бірақ малды орады.

(қасқыр)

3. Өзі қу,әрі айлакер,

Жүрген жері айқай шу.

(түлкі)

4.Тәтті көрсе бас салар,

Айнымайды баладан.

Үп-үлкен боп жасқанар,

Кіп-кішкентай арадан.

(аю)

Тәрбиеші: Ал енді, балалар қорапшадағы сиқырланып қалған жануарларымызды көрейік. Қандай жануарлар екен атайықшы.

Қоян, аю, түлкі, қасқыр.

Тәрбиеші: Балалар осы жабайы жануарлардың балаларын қалай атаймыз?

Тауып,атап көрейікші.

–Аю- қонжық -Қоян- көжек, -Түлкі- мыршай, -Қасқыр -бөлтірік

4. Ойын:«Нені ұнатады?»

Балалар біз шаршағанымызды басып серігіп алайық.Ойын ойнаймыз.

Балалар жабайы жануарлармыз не жеп қоректенеді екен? Қане кім біледі? Аю-балды, түлкі- балықты, қоян- сәбізді, қасқыр- етті.

5.Тақпақтар айту. Жабайы жануарлар туралы кім маған тақпақ айтады?

Қоян Ақ қоян-ау,ақ қоян, Ұзын құлақ сақ қоян

Қаша берсең орманға «Қорқағым деп ат қоям.

Қасқыр Қасқыр орманда жортады

Аяздан ол қорқады,

Аспанға қарап ұлиды,

Ауылды, малды торлады.

Түлкі

Түлкі деген қу ғой,

Жүрген жері шу ғой

Жатып алып жағада,

Іздегені қу ғой.

Аю

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп,теріп алайық

Қалтамызға салайық

6.Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы қырлы жерлерден

Ытқып -ытқып жүгірді

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің,

Келе жатыр томпаңдап,

Көжек екен өзінің

7.Ойын: «Тобына қарай ажырат» Жабайы жануарлармен үй жануарларын ажыратып топтастырып қойаяық.Жарайсыңдар балалар!

Ой –қозғау -Балалар біз бүгінгі сабақта қандай жануарлар мен таныс болдық?-Түлкі, қоян, аю, қасқыр. -Бұл аңдарды неге жабайы аңдар дейміз? Себебі: бұл жануарлар орманда тіршілік етеді Аң құстармен қоректенеді.

Күтілген нәтиже:

Біледі: Жабайы аңдарды әңгімелеп бере алды. Игереді: Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктері кеңейді. Меңгереді: Жабайы аңдар туралы түсінік қалыптасады.

Қорытынды: Балаларды мадақтау. Оқу-қызметімізді аяқтау.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше