Құстардың тіршілігі

Атырау облысы, Махамбет ауданы

Талдыкөл мектеп-балабақша кешені.

Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі

Куаншалиева Гаухар Жексенгалиевна

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

МАД а тобы

Тақырыбы: Құстардың тіршілігі

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: Сөйлеуді дамыту

Мақсаты:

1.Біліміділігі: Құстардың қысқы тіршілігі туралы түсінік беру. Құстарға қамқор болуға үйрету.

2.Дамытушылығы: Сабақ барысында орындатылған тапсырмалар, жұмбақ шешу арқылы ойлау қабілеттерін, ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін, сөздік қорын дамыту,

3.Тәрбиелігі: Құстарға қамқорлықпен қарауға, ұясын бұзбауға тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сөздік жұмыс: Сарышымшық, құр.

Көрнекіліктер мен құралдар: Қыстап қалатын құстардың суреттері, үнтаспаға жазылып алынған құстар үні, слайд

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әрекеті. Балалардың іс-әрекеті.
Мотивациялық –қозғаушылық. Шаттық шеңбері:

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды,

Барлық істі атқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

Слайд көрсетіледі

1 Жұмбақ

Шанамен сырғып желетін,
шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
қай мезгіл деп ойлайсын?

2.Қыс мезгілінің еркшеліктері қандай?

2. Қыс неше айдан тұрады?

3. Қазір қай ай?

4. Құстар қай мезгілде жылы жаққа ұшып кетеді?

5. Жылдың неше мезгілі бар?

6 Қыс мезгілінде қандай ойын түрлерін білесіңдер жақсы балалар, енді ?

Балалар қимылмен жасайды

Қыс мезгілі

3 айдан

Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Күз мезгілінде

4 мезгілі

Күз мезгілінде

Шаңғы, коньки

Ұйымдастырушылық -ізденістік Өте жақсы балалар, енді «Жақсы, жаман» деген ойын ойнайық.

Мақсаты: Жаман әдеттерден аулақ болуға, жақсы-жаманды ажыратып, қоршаған ортаға қамқор болуға тәрбиелеу. Қойылған сұрақтарға балалар дауыстап «жақсы», «Жаман» деп жауап береді.

-Ағаштың бұтағын сындыру жақсы ма?

-Гүлдерге су құю жаман ба?

-Достарыңды ренжіткен жақсы ма?

-Құстарға көмектесу жаман ба?

-Құстарға ұя жасаған жаман ба?

Міне тамаша, балалар ненің жақсы, ненің жаман екенін дұрыс айттыңдар. Бүгінгі оқу қызметімізді құстардың қысқы тіршілігі туралы әңгімелесеміз

Құстар екі топқа бөлінеді: жабайы құстар және үй құстары.

–Үй құстары: тауық, үйрек, қаз, күркетауық

-Үй құстарының қандай пайдасы бар?

-Дұрыс айтасыңдар үй құстарының пайдасы өте көп. Олардың етін жейміз. Жүнінен көрпе, көпшік жасалады

Жабайы құстар: сауысқан,жапалақ, қарлығаш, қарға, аққу, бұлбұл, тоқылдақ т.б

Слайд көрсетіледі. Үй құстары мен жабайы құстардың суреттері.

– Құстардың табиғатқа келтіретін пайдасы көп. Олар өсімдіктерді, ағаштарды зиянды жәндіктерден, құрттардан тазартады.

– Қыстайтын қандай құстарды білеміз?

Сауысқан,торғай,көгершін, қарға, торғай, құр.

(диктафонмен айтылады.)

Қыс мезгілі суық, қарлы, боранды болады. Қыста су

ыққа төзе алатын құстар ғана қыстап қалады. Олар мына құстар. (суреттерін көрсету)

Басқа құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Қыста қыстап қалатын құстар ағаштардың бұтақтарын паналап күнелтеді. Қарны ашып тоңған, жаураған құстар адамдарға жақын ұшып-қонып жүреді. Адамдар жем шашар жасап, оған жем салып , ағаштың бұтағына іліп қояды.

Балаларға құстар, ұя деген сөздерге сөйлем құрату .

Енді балалар құстар, ұя, деген сөздерге сөйлем құрайықшы.

Осы сөйлеміміз неше сөзден тұрады?

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше