Дұрыс тамақтану.Ұн тағамдары
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Талдыкөл ауылы
Талдыкөл мектеп-балабақша кешені
Тәрбиеші Жубанова Акжан Жолдыбаевна
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Дұрыс тамақтану.Ұн тағамдары
Мақсаты: Сөйлеу кезінде тағам ұғымын қолдану.Тағамдардың әр түрлігі жөнінде білімдерін кеңейту және ұннан жасалған тағам туралы түсінік беру.
Әдіс тәсілдері:Сұрақ-жауап.әңгімелеу,түсіндіру жұмбақ жасыру, ойындар, тапсырталар,мақал-мәтел,тыйым сөздер.
Қостілдік компанент:Нан-хлеб,бидай-пшеница.
Қолданылған көрнекі құралдар:Бидай алқабы.қырманның суреті, Нан,ұннан жасалған тағамдардың түрлері,Арпа мен бидайдың дәні, Бауырсақ,түлкі,бине таспа,карточкалар.
Іс-әрекет кезеңдері:
Тәрбиеші әрекеті:
Балалардың әрекеті:
Мотивациялық қозғаушылық:
1.Жылулық шеңбері:
Қуан шаттан, алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін.
Қуанамыз бізде,
Қуаныңыз сізде.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар! орнымызға отырайық.
2.Әңгімелесу,сұрақ-жауап:
Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілі.
-Қазір қандай ай ?. Балалардың жауабы.
-Балалар күз мезгілінде нелер піседі?
-көкөністер,жемістер.
-Ия тек көкөністер мен жеміс-жидектер ғана емес,егін пісіп қамбаға астық толады.Бұл мезгіл берекелі молшылық мезгілі екен.
Балалар адам денсаулығы мықты болу үшін не істеу керек?
-Дұрыс тамақтану,дене жаттығуын жасау керек.
-Өте дұрыс айтасыңдар балалар, жарайсыңдар!
Қандай тағамдарды білесіңдер? (Тақтаға тағамдардың суретін ілу)
-Біз қай мезгілде тамақтанамыз?
-Таңертең, түсте,бесін аста, кешке.
-Дұрыс айтасыңдар,адам дәмді,құнарлы,дәрумендері көп тағамдарды жеу керек екен.Біздің ағзамызға көп жемістер,көкөністер жеп ,шырын ішкен пайдалы. Балықтар мен сүт тағамдарын көп пайдалануымыз керек.
-Балалар,негізгі тағам не?-Нан.
-Нанды күнде қажетті мөлшермен қолдануымыз керек.
3.Жұмбақ жасыру.
Жұмсақ ,үлпілдек
Түсі ақ, кейде қара (нан )
Бұл не?
Ұзын мұртты сарылар,
Қойнында дәні бар? (бидай)
Балалардың жауабы:
Мынау бидай,ал мынау арпа ( тақтаға суретін ілу.)
4Тосын сәт:
Бауырсақ түлкіден қашып топқа кіреді де жасырынып қалады.
Оның артынан түлкі кіреді.
Түлкі : сәлеметсіңдер ме балалар!Бауырсақты көрген жоқсыңдар ма?
Бауырсақ: ( жасырынған жерінен шығып)Түлкішек, мені жемеші !
Балалар ,түлкіге менің қандай еңбекпен келгенімді түсіндіріп беріңдерші.!
Түлкі :жарайды,ал не айтасыңдар?
Тәрбиеші: Бауырсақ ,біздің балалар саған көмектесуге дайын. Солай ма балалар?Түлкішек сен балалармен бірге біздің оқу қызметімізге қатысыңыз
Бауырсақтың қандай еңбекпен келгенін білесіз.
Балалар біздің күнделікті жейтін нандарымыз қандай ?
-Балалар,біз күнде ақ нан,қара нан немесе тәтті бөлкелер жейміз.
Бұлар неден жасалатынын білесіңдер ме?
-Ұннан
-Ал ұнды неден алады?
Ұнды мына ыдыстағы дәндерден алады. Барлығың мұқият қараңдар
Бұл арпа мен бидайдың дәні. Бидайдан -ақ нан,арпадан –қара нан дайындалады.( нанның түрін үстелге қою,дәнді көрсету.)
Ұннан тағы қандай тағамдар жасалады ? Кім айтады?
Балалардың алдына суретті карточкалар тастау.
ұннан жасалған тағамдарды айырып тақтаға ілу.
Тәрбиеші: Балаларға нанның дайындалу жолдарын көрсету.
-Балалар аналарың нан қамырын әзірлегенде не істейді? Маған көмектесіп айтып отырыңдаршы.(көмекке бір баланы аламын)
Балалар: Өз ойларын айтады.қызығушылық танытады.
Тәрбиеші: Балалар мен бірге нан құрамына қосатын тағамдарды көрсете отырып, атап шығады.(Ұн,су, тұз, жұмыртқа ,ашытқы ).Ал енді біздің қамырымыз дайын болды. Аспазшы апайға беріп жіберейік бізге бауырсақ пісіріп берсін.
5.Дидактикалық ойын: «Нан қалай жасалады»
Шарты: Сурет арқылы нанның құрамына қосатын тағамдарды атап көрсету.
Тәрбиеші: Балалар сендер ойынды өте жақсы ойнадыңдар.нанның қалай дайындалатынын білдіңдер.
6. Ал енді нан дастарханға келгенге дейін қандай еңбекпен келетінін бейне көріністен тыңдайық. (балаларға бейнежазба көрсету)
7.Тақпақ айту:
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар
Көктемде егін егетін,
Күзде жиып беретін
Біздің дала-бай дала,
Алтын астық айнала.
8.Сергіту сәті:
Көлбең,көлбең көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем.
Тасып піскен бидайды
Айтшы қалай жинайды
Қомбайын мен бидайды,
Былай,былай жинайды.
Қаптап ұшқан торғайдан
Оны қалай қорғайды
Қаптап ұшқан торғайдан
Оны былай қорғайды.
Киш,киш киш….
Қорғап қалған бидайды
Қамбаға әкеп жинайды. Қимылмен орындайды.
Бойымызды сергітіп алдық,орнымызға жайғасайық.
9.Ойын: «Нан дастарханға қалай келді»
Жерді жыртады,дән себеді, бидайды орады ,бидайды тартады,қамыр илейді.
Сәйкес суреттерді тауып, тақтаға қоюды ұсынамын.
10.Мақал-мәтел, тыйым сөздер.
«Ас атасы –нан, нан атасы –дән» деген екен дана халқымыз. Көп еңбекпен келген нанды қадірлеуіміз керек .
Сондықтан нанды не істеуге болмайды?
11.Балалар: Нанды шашуға болмайды!
Нан мен ойнама!
Нанды аяққа баспа!
Нанды бір қолмен үзбе!
Нанды төңкеріп тастама!.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар, балалар !Түлкішек көрдің бе біздің балалар бәрін біледі.
12.Қорытынды: Балалар түлкішек бауырсақтың қалай жасалатынын түсіндіме,қалай ойлайсыңдар?(балалардың жауабы. )
Түлкі: Балаларға рақмет айтады.
Күтілетін нәтиже:
Білу керектігі: Нанның қалай пайда болатынын
Нені игерді: Нан пісіру барысындағы іс қимылды.
Нені біледі: Нан түрлерін. Ұннан жасалған тағамдарды.
