«Дұрыс тамақтану. Дәрумендер»

Атырау облысы, Махамбет ауданы, Талдыкөл ауылы

Талдыкөл мектеп-балабақша кешені

Тәрбиеші: Иманғалиева Гүлшат Бағытжанқызы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу

Тақырыбы: «Дұрыс тамақтану.Дәрумендер»

Мақсаты:Көкөністертуралы түсінік.Көкөністерде болатын дәрумендер туралы түсінік беру.Көкөністерді бейнелеу дағдыларын қалыптастыру.

Әдіс тәсілдері:Сұрақ-жауап,әңгімелеу,сипаттау,түсіндіру,жұмбақ жасыру,ойындар,тапсырмалар,триз әдісі,миға шабуыл.

Қостілдік компанент:Көкөністер-овощи,дәрумен-витамин,сәбіз-марковь,қызанақ-помидор,қияр-огурцы,қызылша-свекло,қырыққабат-капуста,пияз-лук,бұрыш-перец,картоп-картоп

Қолданылған көрнекі құралдар: Көкөністер суреттері,су бояуы,қылқалам,стакан,майлықтар,ақ қағаз,слайд,бақша көрінісі,көкөністер.

Іс-әрекет кезеңдері:

Тәрбиеші әрекеті:

Балалардың әрекеті:

Мотивациялық қозғаушылық

1.Жылулық шеңбері:

Қуан шаттан,алақай,

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.

Тәбиеші: Сәлеметсіңдер ме,балалар!?Орындарыңа отыра қойыңдар.

2.Сұрақ-жауап:

-Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Күз мезгілі деп жауап береді.

-Күз мезгілінде неше ай болады?Олар қалай аталады?

Балалар: Үш ай.Кыркүйек,Қазан,Қараша

-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Балалар: Күн суытады,адамдар жылы киімдерін киеді,ағаштардың жапырақтары сарғаяды,жаңбыр жауады,құстар жылы жаққа ұшып кетеді,көкөністер мен жемістер піседі.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар.Сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер.

3.Тосын сәт:

Тәрбиеші:Есік қағылады.Қолында себеті бар атай кіреді.Балалармен амандасады.Балалар бізге қонақ келді.

Балалар:Қызығушылық танытады.Балалармен амандасады.Балалар атай келді деп қуанады.

Тәрбиеші: Келіңіз төрлетіңіз.Қош келдіңіз.Сіз кімсіз?Қайдан жүрсіз?

Бағбаншы атай:Мен Бағбаншы атаймын.Мен балаларға қонаққа келдім.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы атайдың қолындағы не нәрсе екен?

Балалар:Өз ойларын айтады.Қызығушылық танытады.

Бағбаншы атай: Менің қолымдағы не нәрсе екенін білу үшін,алдымен менің жұмбақтарымды шешіңдер.Егерде жұмбақты дұрыс тапсаңдар себеттегі не нәрсе екенін білесіңдер.Себет толы сыйлықты сендерге сыйлыққа беріп кетемін.

Тәрбиеші:Бағбаншы атайдың жұмбақтарын жасырады.

4.Жұмбақ шешу.

Жұмбақты дұрыс шешу үшін,алдымен мұқият тыңдаймыз.

1.Бұйра шашы желмен ойнап тұрады.

Қызыл мұрны жерге байлап тұрады

(Сәбіз)

2.Қалың киімді ұнатады

Шешіндірсең жылатады

(Пияз)

3.Аласа талда алуан алма

Ал қызыл болмай аузыңа салма

(Қызанақ)

4.Қияр,қызанақ,қызылша,

Оларсыз салат болама

Жуасыз тамақ пісірмейміз

Бәрінің атын не дейміз? (Көкөніс)

Тәрбиеші:Бағбаншы атай, балалар жұмбақтың барлығын дұрыс тапты.

Бағбаншы атай: -Өте жақсы жарайсыңдар!Жұмбақтың шешулерінің барлығы да көкөністер туралы болды.Менің себетімнің ішіндегі көкөністер.Оларды өзім күтіп баптап өсірдім.Ендеше мен сендерге себет толы көкөністерімді сыйға беремін.

Тәрбиеші: Балалар,Бағбаншы атайға үлкен рахмет айтамыз.

Бағбаншы атай: Балалар мен енді қайтайын.Басқа топтың балаларына да көкөністерімді сыйлайын.Мен сендерге тағы қонаққа келемін.Сау болыңдар,балалар!

Балалар:Сау болыңыз.Біз сізді күтеміз.

Тәрбиеші:Балалар қараңдаршы Бағбаншы атай бізге себет толы көкөністерін сыйлады.Сонда балалар күз мезгілінің адамға берер сыйы көп екен.Ендеше біз бүгін көкөністер туралы көкөністерде болатын дәрумендер олардың адам ағзасына пайдасы туралы айтамыз.Балалар себетте қандай көкөністер бар екен?Кәне кім айтады?

Балалар: қырыққабат,қызанақ,қияр,бұрыш,сәбіз,картоп,пияз,қызылша асқабақ деп атайды.

Тәрбиеші: Бір сөзбен осылардың бәрін не дейміз?

Балалар: Көкөністер .

Тәрбиеші: Көкөністертуралы түсінік беремін.Көкөністердің адам денсаулығына пайдасы көп.Онда көптеген дәрумендер бар.Мысалы:

А-сәбіз,қауын,қызанақ,пияз,қызылшада.Ол көзіміз дұрыс көру үшін қажет.

В-барлық көкөністерде болады.Ол дұрыс өсіп жетілу үшін қажет.

С-тәтті бұрыш,пияз,қызанақ,картоп,қырыққабат,қарбыз,қияр,асқабақ,сәбізде болады.Ол ауыз қуысымыз зақымданбау үшін қажет.

Тәрбиеші: Көкөністер мен дәрумендер туралы кім тақпақ біледі?

5.Тақпақ айту:

Көкөніс:

Көкөністі көп ектік

Өссін,піссін деп ектік

Көктемде еккен көкөніс

Күзде берді көп өніс

Қызылша:

Ақ түсім бар қант бола,

Қызыл түсім қанға нәр

Ал балақай біліп қой

Қызылшамын пайдам бар.

Пияз:

Болсада ащы

Дәмді етер асты

Өседі ол жерде

Тығып алып басты

Қияр:

Мен қиярмын сәндімін

Салаттардың сәнімін

Дәруменім мол менің

Жегенге қуат сыйлаймын

Асқабақ:

Таңдандырар бәрін

Асқабақпын дәмді

Кептірілген дәнім

Таптырмайтын дәрі

Қызанақ:

Менің атым қызанақ

Тұзды сеуіп молырақ

Банкілерге салыңыз

Аузын мықтап жабыңыз

Дәрумендер:

1.Дәрумендер тірегің

АВСДЕ-деп аласың

Жетіспесе бірі оның

Ауырып сен қаласың

2.А-болады,асқабақ

Өрік айран,салатта

В-балық,қартоп,асқабақ

Сиыр еті жаңғақта

6.Ойын: «Сиқырлы қапшық»

Шарты: көкөністі қолына алады,атын атайды,түсін,пішінін сипаттайды және орысша атауын айтады

7.Сергіту сәті: Қимылмен орындайды.

Бақшасында атамның

Көкөністер көп екен

Теріп,жинап аламыз

Себеттерге саламыз.

8.Сурет салу:

Балалар бойымызды сергітіп алдық.Енді сурет салғыларың келе ме?Ендеше,су бояуы мен қылқаламды пайдаланып қызанақ пен сәбіздің суретін бейнелеп саламыз.

9.Сұрақ-жауап:

1.Көкөністерге не жатады

2.Көкөністерді баптаушы адам қалай аталады?

3.Көкөністер қайда өседі?

Балалар сұрақтарға толық жауап береді.

10.Қорытынды-Мадақтау

Оқу-қызметімізді аяқтап,өте жақсы салынған суретті айтып көрсетемін.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Көкөністердің бақшада өсетіндігі және оны күтіп баптаушыны

Игереді:Дәрумендердің адам ағзасына пайдасы бар екендігі туралы

Меңгереді:Көкөністерді бір-бірінен ажыратып,бейнелеу дағдыларын

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше